"Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 886 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 1028 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 886 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылчын:
      «1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне Қарағанды облысының әкiмдігіне аудару үшін «Шахтинск ЖЭО» акционерлік қоғамының жұмыс істеп тұрған күл үйіндісінің бөгетін ұлғайту жөніндегі жобаны іске асыру үшін 2014 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен нысаналы даму трансферттері түрінде 238780960 (екі жүз отыз сегіз миллион жеті жүз сексен мың тоғыз жүз алпыс) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлiнсiн».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады