"Қазақстан Республикасының кедендік баж ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 520 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 1046 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 829 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.10.2015 № 829 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының кедендік баж ставкалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 520 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 304-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-12-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі ай сайын, айдың 20-күніне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетін келісімшарттардың деректемелерін және әкетілетін шикізаттың көлемін көрсете отырып (келісімшарттар бойынша бөліністе), жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша өндірілген шикі мұнайды әкетуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы хабардар етсін.
      2-2. Осы қаулыға 2-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мұнай шикізатының әлемдік нарығындағы бағалар мониторингін (бұдан әрі – бағалар мониторингі) жүзеге асырсын және ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне мұнай шикізатының орташа нарықтық бағасы туралы деректер берсін.»;
      2-3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі ай ішінде:»;
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кедендік баждардың ставкаларын қайта қарауға арналған өтінімдер осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жіберіледі.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының тауарлардың жекелеген түрлеріне кедендік әкету баждарының ставкаларында:
      мына:
      «
 
 

2713 20 000 0,
2713 20 000 0,
2713 90 100 0,
2713 90 900 0

Мұнай битумы;
битуминозды түрінен алынған мұнайды немесе мұнай өнімдерін өңдеуден қалған өзге де қалдықтар

-

112,59 доллар

112,59 доллар

0



»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «
 
 

2713 20 000 0, 2713 90 100 0, 2713 90 900 0

Мұнай битумы;
битуминозды түрінен алынған мұнайды немесе мұнай өнімдерін өңдеуден қалған өзге де қалдықтар

-

112,59 доллар

112,59 доллар

1 тонна үшін 15 евро 15 қазан – 15 сәуір аралығында



».

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады