«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мүлік «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 9807 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен республикалық меншіктен Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
2.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (келісім бойынша) және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөнінде қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырсын.
3.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы |
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласы мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 9807 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен республикалық меншіктен Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне берілетін мүліктің тізбесі