"Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1095 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

К. Мәсімов

«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 555-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
      «Бағдарлама паспорты» деген бөлімде:
      нысаналы индикаторлар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысаналы индикторлар Мыналарды:
      мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін (2014 жылға қарай – 70 %, 2017 жылға қарай – кемінде 80 %, 2020 жылға қарай – 95 %);
      мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесін (2017 жылға қарай – 70 %, 2020 жылға қарай – 100 %);
      мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесін (2014 жылға қарай – 55 %, 2017 қарай – 65 %, 2020 жылға қарай – 75 %);
      қазақ тілінде әзірленген инновациялық (интерактивті және интенсивті) өнімдердің үлесін (2014 жылмен салыстырғанда жыл сайынғы өсімі – 10 %);
      тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысына шешім қабылдау процесін талқылау кезінде ашықтық пен қоғамдық қол жеткізу қағидаттарының сақталу бөлігінде қанағаттанушылық дәрежесін (2017 жылға қарай – 75 %, 2020 жылға қарай – 90 %);
      қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесін (2010 жылмен салыстырғанда 2014 жылға қарай – 20 %, 2017 жылға қарай – 60 %, 2020 жылға қарай – 100 %);
      тіл мәдениетінің үздіксіз процесін (публицистикалық, ғылыми, ресми, ауызекі сөйлеу стилін) ескере отырып, тіл мәдениеті нормаларының сақталу дәрежесін (2017 жылдан бастап жыл сайын өсімі – 5 %);
      республикадағы орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесін (2020 жылға қарай – 93 %);
      этно-мәдени бірлестіктер жанындағы ана тілдерін оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесін (2010 жылмен салыстырғанда 2014 жылға қарай – 60 %, 2017 жылға қарай – 80 %, 2020 жылға қарай – 90 %);
      республикадағы ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесін (2014 жылға қарай – 16,8 %, 2017 жылға қарай – 20 %, 2020 жылға қарай – 23 %);
      республикадағы үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардың үлесін (2014 жылға қарай – 11 %, 2017 жылға қарай – 14 %, 2020 жылға қарай – 17 %) ұлғайту.»;
      «Қазіргі ахуалды талдау» деген кіші бөлімде:
      төртінші бөлікте:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «-«Қазақ тілін шет тілі немесе екінші тіл ретінде» үздіксіз білім беру моделі арқылы оқытудың типтік бағдарламасы мен оқу-әдістемелік кешені қалыптасты (қазақ тілін меңгерудің лексикалық минимумы, грамматикалық анықтамалық, оқу-әдістемелік кешені және т.б.);»;
      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «-сондай-ақ қазақ тілін оқыту орталықтарын аккредиттеу жүйесінің әдіснамасы әзірленді;»;
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «-мемлекеттік тілді меңгеру процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында (сервистің 20-дан астам түрі) интернет-портал құрылып, тұрақты түрде жаңартылып отырады;»;
      мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      «-қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды (21.01.2013 ж. № 72-V), сондай-ақ аталған заң нормаларының тетігін орындау және реттеу үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер қабылданды;»;
      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қоғамдағы мемлекеттік тілді меңгерудің әркелкі деңгейі. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес, сондай-ақ қызметшілердің мемлекеттік тілді қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде меңгеруі үшін шаралар қолдану мақсатында «мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сәйкес білуі қажет қызметшілердің тізбесін» айқындау талап етіледі.»;
      «Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген бөлімде:
      бағдарламалық мақсаттарда:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мемлекеттік тілді меңгеруді және оның тиімді тәсілдерін қамтамасыз етуге қол жеткізу;»;
      нысаналы индикаторлар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысаналы индикаторлар:
      мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (2014 жылға қарай – 70 %, 2017 жылға қарай – кемінде 80 %, 2020 жылға қарай – 95 %);
      мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесін (2017 жылға қарай – 70 %, 2020 жылға қарай – 100 %);
      мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі (2014 жылға қарай – 55 %, 2017 қарай – 65 %, 2020 жылға қарай – 75 %);
      тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысына шешім қабылдау процесін талқылау кезінде ашықтық пен қоғамдық қол жеткізу қағидаттарының сақталу бөлігінде қанағаттанушылық дәрежесін (2017 жылға қарай – 75 %, 2020 жылға қарай – 90 %);
      қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі (2010 жылмен салыстырғанда 2014 жылға қарай – 20 %, 2017 жылға қарай – 60 %, 2020 жылға қарай – 100 %);
      тіл мәдениетінің үздіксіз процесін (публицистикалық, ғылыми, ресми, ауызекі сөйлеу стилін) ескере отырып, тіл мәдениеті нормаларының сақталу дәрежесі (2017 жылдан бастап жыл сайын өсімі – 5 %);
      республикадағы орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (2020 жылға қарай – 93 %);
      этно-мәдени бірлестіктер жанындағы ана тілдерін оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесі (2010 жылмен салыстырғанда 2014 жылға қарай – 60 %, 2017 жылға қарай – 80 %, 2020 жылға қарай – 90 %);
      республикадағы ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (2014 жылға қарай – 16,8 %, 2017 жылға қарай – 20 %, 2020 жылға қарай – 23 %);
      республикадағы үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (2014 жылға қарай – 11 %, 2017 жылға қарай – 14 %, 2020 жылға қарай – 17 %).»;
      нәтижелер көрсеткіштері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нәтижелер көрсеткіштері:
      мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқытылатын болашақ қазақ тілі пәні оқытушыларының саны (жыл сайын кемінде 500 адам); аккредиттеуден өткен мемлекеттік тілді (қазақ тілін) оқыту орталықтарының үлесі (2015 жылға қарай – 30 %, 2017 жылға қарай – 70 %, 2020 жылға қарай – 100 %);
      мемлекеттік тілді білудің «Қазтест» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі бойынша сертификат алған мемлекеттік қызметшілердің үлесі (2017 жылға қарай кемінде 50 %, 2020 жылға қарай 100 %);
      мемлекеттік тілді білудің «Қазтест» бағдарламасы бойынша сертификат алған мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесі (2017 жылға қарай кемінде 50 %, 2020 жылға қарай 100 %);
      мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолданылуына бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың үлесі (жыл сайын кемінде 10 %);
      мемлекеттік БАҚ эфириндегі мемлекеттік тілдегі жаңа телевизиялық жобалар санының өсуі (жыл сайын 10 %);
      мемлекеттік тілде шығатын баспа БАҚ қолдауға бағытталған мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың үлесі (жыл сайын кемінде 50%);
      көрнекі ақпараттың пайдаланылуын бақылаудың өңірлерді қамту дәрежесі (2017 жылға қарай – 50 %, 2020 жылға қарай – 100 %);
      тіл мәдениетінің үздіксіз процесін (публицистикалық, ғылыми, ресми, ауызекі сөйлеу стилін) ескере отырып, тіл мәдениеті нормаларының сақталу дәрежесі (2017 жылдан бастап жыл сайын өсімі – 5 %);»;
      2010 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда қазақ тілінің терминологиялық қорын реттеу бойынша мақұлданған салалық терминдердің үлесі (2014 жылға қарай – 60 %, 2017 жылға қарай – 75 %, 2020 жылға қарай – 100 %);
      ана тілдерін үйретуге арналған әдістемелік көмекпен қамтылған ұлттық-мәдени бірлестіктері бар этностардың үлесі (2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 60 %, 2020 жылға қарай – 100 %).»;
      «Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар» деген бөлімде:
      бірінші бағыт – мемлекеттік тілді меңгеруде:
      нысаналы индикаторлар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысаналы индикаторлар:
      мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (2014 жылға қарай – 70 %, 2017 жылға қарай – кемінде 80 %, 2020 жылға қарай – 95 %);
      мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесі (2017 жылға қарай – 70 %, 2020 жылға қарай – 100 %).»;
      нәтижелер көрсеткіштері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нәтижелер көрсеткіштері:
      мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқытылатын болашақ қазақ тілі пәні оқытушыларының саны (жыл сайын кемінде 500 адам);
      аккредиттеуден өткен мемлекеттік тілді (қазақ тілін) оқыту орталықтарының үлесі (2015 жылға қарай – 30 %, 2017 жылға қарай – 70 %, 2020 жылға қарай – 100 %);
      «Қазтест» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тілді білу сертификат алған мемлекеттік қызметшілердің үлесі (2017 жылға қарай – 50 %, 2020 жылға қарай – 100 %);
      «Қазтест» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тілді білу сертификатын алған, мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесі (2017 жылға қарай – 50 %, 2020 жылға қарай – 100 %).»;
      екінші бағыт – мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу және оның пайдалану аясын кеңейтуде:
      нысаналы индикаторлар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысаналы индикаторлар:
      мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі (2014 жылға қарай – 55 %, 2017 қарай – 65 %, 2020 жылға қарай – 75 %);
      қазақ тілінде әзірленген инновациялық (интерактивті және интенсивті) өнімдердің үлесі (2014 жылмен салыстырғанда жыл сайын өсімі – 10 %.»;
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік тілді азаматтық қоғам институттарында және БАҚ-та кеңінен қолдану.»;
      нәтижелер көрсеткіштері мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «мемлекеттік тілде өткізілген спорттық-бұқаралық, мәдени-көріністік және басқа да іс-шаралардың үлесі (2014 жылмен салыстырғанда 2017 жылдан бастап жыл сайын өсім – 10 %).»;
      үшінші бағыт – қазақстандықтардың тіл мәдениетінің деңгейін арттыруда:
      нысаналы индикаторлар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысаналы индикаторлар:
      тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысына шешім қабылдау процесін талқылау кезінде ашықтық пен қоғамдық қол жеткізу қағидаттарының сақталу бөлігінде қанағаттанушылық дәрежесі (2017 жылға қарай – 75 %, 2020 жылға қарай – 90 %);
      қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі (2010 жылмен салыстырғанда 2014 жылға қарай – 20 %, 2017 жылға қарай – 60 %, 2020 жылға қарай – 100 %);
      тіл мәдениетінің үздіксіз процесін (публицистикалық, ғылыми, ресми, ауызекі сөйлеу стилін) ескере отырып, тіл мәдениеті нормаларының сақталу дәрежесі (2017 жылдан бастап жыл сайын өсімі – 5 %).»;
      1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Сондай-ақ қазақ жазуының тарихын терең зерделей отырып, уақыт талабына сәйкес бейімдеу, оңтайландыру шараларын қолға алу қажет. Оның ішінде қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру мәселесін зерделеу қаралуда және қазақ тілінің өркендеуіне жағдай жасау үшін түпкілікті шешімдер қабылдануда.»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қоғамдық мәдениет деңгейін арттырудағы әрбір қадам, алдымен тіл мәдениетін, жазу, сөйлеу өнерін, оны үздіксіз жетілдіруді талап етеді.»;
      нәтижелер көрсеткіштері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нәтижелер көрсеткіштері:
      көрнекі ақпараттың пайдаланылуын бақылаудың өңірлерді қамту дәрежесі (2017 жылға қарай – 50 %, 2020 жылға қарай – 100 %);
      2010 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда қазақ тілінің терминологиялық қорын реттеу бойынша мақұлданған салалық терминдердің үлесі (2014 жылға қарай – 60 %, 2017 жылға қарай – 75 %, 2020 жылға қарай – 100 %);
      төртінші бағыт – лингвистикалық капиталды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауда:
      нысаналы индикаторлар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысаналы индикаторлар:
      республикадағы орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (2020 жылға қарай – 93 %);
      этно-мәдени бірлестіктер жанындағы ана тілдерін оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесі (2010 жылмен салыстырғанда 2014 жылға қарай – 60 %, 2017 жылға қарай – 80 %, 2020 жылға қарай – 90 %);
      республикадағы ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (2014 жылға қарай – 16,8 %, 2017 жылға қарай – 20 %, 2020 жылға қарай – 23 %);
      республикадағы үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (2014 жылға қарай – 11 %, 2017 жылға қарай – 14 %, 2020 жылға қарай – 17 %).»;
      үшінші абзац нәтижелер көрсеткіштерінен алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады