Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
К. Мәсімов |
«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861
Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.
«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 36, 342-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет жобаларын әзірлеу ережелерінде:
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, жоспарлы кезеңге арналған тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындайды.»;
6-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) нысаналы даму трансферттері бойынша – шешілуіне нысаналы трансферттер бойынша келісімдердің жобаларында көзделген нысаналы даму трансферттері бөлінетін мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді талдау ескеріледі.»;
12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлері бойынша есеп айырысу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бағаларының дерекқоры да пайдаланылады;»;
13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жергілікті атқарушы органдарға нысаналы даму трансферттері мен бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға арналған бюджеттік өтінімдер бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары өңірлік саясат мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары ескеріле отырып, өңірлік даму саласындағы орталық уәкілетті органның ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.».
2.
Осы Жарлықтың 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының |
Н.Назарбаев |