Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1098 қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


      Қазақстан Республикасы

      Үкіметінің

  2014 жылғы 16 қазандағы
№ 1098 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.
      2. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 24.10.2019 № 798 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Режимдік аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 45 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 1, 15-құжат):

      көрсетілген қаулымен бектілген Режимдiк аумақтардың аймақтарын пайдалану ережесiнде:

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ереже ерекше режим белгiленетiн әскери, қорғалатын және басқа объектiлердi (бұдан әрi — ерекше режим объектiлерi) жаңадан игерiлетiн (жайластырылатын, салынатын) аумақтарда орналастыруды жоспарлаған әрi орналастырған кезде, егер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, қала құрылысы регламентациясының әдiстерiмен режимдiк аумақтардың аймақтарын пайдаланудың тәртiбiн айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Қорғалатын объектілерді елді мекендерде орналастыруға арналған режимдік аумақтардың аймақтары объектілердің сыртқы шекарасынан 100 метр арақашықтықпен шектелген, ал олардың шегінен тыс 1 километр жер учаскесі болып табылады.

      Көрсетілген аумақтардың шегінде сәулет және қала құрылысы қызметін жүзеге асыру мен келісу тәртібі қарамағында аталған аумақ орналасқан жергілікті атқарушы органның Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісілген актісімен айқындалады.".

      4. "Мемлекеттiк органдардың байланысты басқару орталықтарымен өзара iс-қимылда табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде байланыс желiлерiн басқару жүзеге асырылатын басқару орталықтарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 347 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 15, 187-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттiк органдардың байланысты басқару орталықтарымен өзара iс-қимылда табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде байланыс желiлерiн басқару жүзеге асырылатын басқару орталықтарының тiзбесiнде:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi Байланыс және ақпаратты техникалық қорғау департаментiнiң ведомстволық байланыс бөлiмi.".

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.09.2023 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.05.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. "Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кабель кәріздеріндегі арналар мен алаңдарды беру қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 514 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 19, 170-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кабель кәріздеріндегі арналар мен алаңдарды беру қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу ережесінде:

      көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі;";

      6-тармақ алып тасталсын.

      9. "Әуе көлігімен тасымалданатын, оларға қатысты қарап тексеру жүргізілмейтін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының арнайы тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1509 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген әуе көлігімен тасымалданатын, оларға қатысты қарап тексеру жүргізілмейтін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының арнайы тізбесінде:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы".

      10. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 459-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасында:

      26-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тыйым салынған аймақтар мен ұшуларды шектеу аймақтарының тізбесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісіледі.";

      32-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адамдардың өмірін сақтап қалу және денсаулығын сақтау, қылмыстың алдын алу және оны ашу іс-шараларына байланысты ұшуды орындауды қоспағанда, белгіленген маршруттардан тыс елді мекендер үстімен ұшуды орындауды келісу ұлттық қауіпсіздік органдарымен және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен ұшу басталғанға дейін кемінде 3 тәулік бұрын жүргізіледі. Күзету іс-шараларын жүргізу кезеңінде әуе кемелерінің белгіленген маршруттардан тыс елді мекендер үстімен ұшуы ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен ұшу басталғанға дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын келісілді.";

      58-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пайдаланушылар күзетілетін объектілер үстінен барлық пилотсыз ұшу аппараттарының, пилот қашықтықтан басқаратын әуе кемелерінің немесе басқарылатын аэростаттардың ұшуын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен осындай ұшу басталғанға дейін кемінде 5 жұмыс күні бұрын келіседі.".

      11. "Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 524-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесінде:

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы";

      28-тармақ алып тасталсын;

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:* — қорғау іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда адамдарға қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісім бойынша, ал Астана және Алматы қалаларының әуежайларында бұған қоса Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколымен келісім бойынша жүргізіледі.".

      12. "Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 56, 800-құжат):

      1) көрсетілген қаулымен бектілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасында:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерін тарта отырып күзетілетін адамдардың жұмысы мен тұрғылықты жерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.";

      6-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі ішкі істер органдарының бөлімшелерімен бірлесіп күзететін, Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тізбеге енгізілген Қазақстан Республикасының объектілері, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар объектілер;";

      2) көрсетілген қаулымен бектілген мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптарда:

      "Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптар" деген 1-бөлімде:

      1-тармақтың 66) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "66) бөлімшелер (бұдан әрі – бөлімшелер) – объектілерді мемлекеттік күзетуді қамтамасыз ететін Мемлекеттік күзет қызметін, Қарулы Күштерді, Ішкі істер министрлігін қамтиды.".

      13. "Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 49, 675-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларында:

      16-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы Мемлекттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметін (Республикалық ұлан) жасақтау үшін жақсы дене дайындығы, жалпы орта білімінен төмен емес білімі бар әскерге шақырылушыларды басым тәртіппен іріктеу жүзеге асырылады;".

      14. "Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 1213 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1038-құжат):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына, "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және "Сыртқы барлау туралы" 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына, "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және "Сыртқы барлау туралы" 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң (бұдан әрі – қызметкерінің) денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ қызметкердiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.".

      15. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 14.07.2016 № 403 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1727 қаулысында (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 6, 137-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларында:

      15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте біржолғы тұрғын үй төлемдерін алу үшін тұрғын үйге мұқтаж мәртебесінде болу кезеңі ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің және сыртқы барлау органының мекемелерінде өткеру кезеңінде тұрғын үйге мұқтаж деп танылған күннен бастап, ал аталған күнді белгілеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің және сыртқы барлау органының мекемелерінде қызмет өткеру кезеңінде өзін тұрғын үйге мұқтаж деп тану туралы алғашқы баянат берілген күнінен бастап белгіленеді.".

      17. "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 16 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бектілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында:

      9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі (бұдан әрі – "Сырбар" СБҚ) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі – МКҚ) есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей пайдаланылмайтын мүлік туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (бұдан әрі – ҰҚК) жібереді.

      10. Алынған мәліметтердің негізінде ҰҚК арнаулы мемлекеттік органдардың пайдаланылмайтын мүлікінің жалпы тізбесін жасайды және оны мүлікке қажеттілікті айқындау үшін Қарулы Күштерге, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға, "Сырбар" СБҚ және МКҚ-ға жібереді.

      11. Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құралымдар, "Сырбар" СБҚ, МКҚ пайдаланылмайтын мүліктің жалпы тізбесін алғаннан кейін бір ай мерзімде ҰҚК-не мүлікке қажеттілік туралы немесе мұндай қажеттіліктің жоқтығы туралы бірінші басшы орынбасарының қолы қойылған жазбаша өтінім жібереді.

      Қарулы Күштердің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың, "Сырбар" СБҚ мен МКҚ-дан өтінімдер алынғаннан кейін арнаулы мемлекеттік органдардың пайдаланылмайтын мүлкінің түпкілікті тізбесі Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісім бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бірлескен бұйрығымен бекітіледі (бұдан әрі – бекітілген тізбе).".

      18. "Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 708-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларында:

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі;";

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге;".

      19. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.04.2021 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      20. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      21. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 733 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан по вопросам Службы государственной охраны Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2014 года № 1098.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан по вопросам Службы государственной охраны Республики Казахстан.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
К. Масимов

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 16 октября 2014 года № 1098

Изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан по вопросам Службы государственной охраны Республики Казахстан

      1. Утратил силу постановлением Правительства РК от 28.12.2016 № 887(вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      2. Утратил силу постановлением Правительства РК от 24.10.2019 № 798 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 17 января 2003 года № 45 "О правилах использования зон режимных территорий" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., № 1, ст.15):

      в Правилах использования зон режимных территорий, утвержденных указанным постановлением:

      часть первую пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "Правила определяют порядок использования зон режимных территорий методами градостроительной регламентации при планировании размещения и размещении на вновь осваиваемых (обустраиваемых, застраиваемых) территориях военных, охраняемых и других объектов, в отношении которых устанавливается особый режим (далее - объекты особого режима), если иное не предусмотрено законодательством Республики Казахстан о государственных секретах.";

      дополнить пунктом 3-1 следующего содержания:

      "3-1. Зонами режимных территорий, предназначенных для размещения охраняемых объектов, в населенных пунктах является земельный участок, ограниченный расстоянием 100 метров, а вне их пределов 1 километр от внешних границ объектов.

      Порядок осуществления и согласования архитектурной и градостроительной деятельности в пределах указанных территорий определяется актами местного исполнительного органа, в ведении которого находится данная территория, согласованными со Службой государственной охраны Республики Казахстан.".

      4. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года № 347 "Об утверждении перечня центров управления связью государственных органов, во взаимодействии с которыми осуществляется управление сетями связи при чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., № 15, ст. 187):

      в перечне центров управления связью государственных органов, во взаимодействии с которыми осуществляется управление сетями связи при чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера, утвержденном указанным постановлением:

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Отдел ведомственной связи Департамента связи и технической защиты информации Службы государственной охраны Республики Казахстан.".

      5. Утратил силу постановлением Правительства РК 14.09.2023 № 799 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      6. Утратил силу постановлением Правительства РК от 31.12.2015 № 1193 (вводится в действие с 01.01.2016).
      7. Утратил силу постановлением Правительства РК от 11.05.2018 № 256 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 514 "Об утверждении Правил регулирования цен (тарифов) на услуги предоставления линий и каналов связи, каналов в кабельной канализации и площадей, необходимых для размещения технических средств для нужд уполномоченных государственных органов, органов военного управления, национальной безопасности и внутренних дел Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 19, ст. 170):

      в Правилах регулирования цен (тарифов) на услуги предоставления линий и каналов связи, каналов в кабельной канализации и площадей, необходимых для размещения технических средств для нужд уполномоченных государственных органов, органов военного управления, национальной безопасности и внутренних дел Республики Казахстан:

      в приложении 1 к указанным Правилам:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Служба государственной охраны Республики Казахстан;";

      пункт 6 исключить.

      9. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1509 "Об утверждении специального перечня должностных лиц Республики Казахстан, перевозимых на воздушном транспорте, в отношении которых досмотр не производится":

      в специальном перечне должностных лиц Республики Казахстан, перевозимых на воздушном транспорте, в отношении которых досмотр не производится, утвержденном указанным постановлением:

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Начальник Службы государственной охраны Республики Казахстан".

      10. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 мая 2011 года № 506 "Об утверждении Правил использования воздушного пространства Республики Казахстан и внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1525 и о признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 38, ст. 459):

      в Правилах использования воздушного пространства Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      часть вторую пункта 26 изложить в следующей редакции:

      "Перечень запретных зон и зоны ограничения полетов согласовываются со Службой государственной охраны Республики Казахстан и органами национальной безопасности.";

      часть вторую пункта 32 изложить в следующей редакции:

      "Согласование выполнения полетов над населенными пунктами вне установленных маршрутов, за исключением полетов, связанных с мероприятиями по спасанию жизни и охране здоровья людей, пресечению и раскрытию преступлений, производится с органами национальной безопасности и уполномоченным органом в сфере государственной авиации не менее чем за 3 суток до начала полетов. В период проведения охранных мероприятий полеты воздушных судов над населенными пунктами вне установленных маршрутов согласовываются с органами национальной безопасности и Службой государственной охраны Республики Казахстан не менее чем за два рабочих дня до начала полетов.";

      часть третью пункта 58 изложить в следующей редакции:

      "Полеты беспилотных летательных аппаратов, дистанционно пилотируемых воздушных судов или управляемых аэростатов над охраняемыми объектами согласовываются эксплуатантами со Службой государственной охраны Республики Казахстан не менее чем за 5 рабочих дней до начала таких полетов.".

      11. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 3 июня 2011 года № 625 "Об утверждении перечня лиц, обслуживаемых в специально отведенных залах аэропортов Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 41, ст. 524):

      в Перечне лиц, обслуживаемых в специально отведенных залах аэропортов Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      пункт 26 изложить в следующей редакции:

      "26. Начальник Службы государственной охраны Республики Казахстан";

      пункт 28 исключить;

      примечание изложить в следующей редакции:

      "Примечание:* - при проведении охранных мероприятий обслуживание лиц в специально отведенных залах аэропортов Республики Казахстан проводится по согласованию со Службой государственной охраны Республики Казахстан, а в аэропортах городов Астаны и Алматы дополнительно по согласованию с Протоколом Президента Республики Казахстан".

      12. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 7 октября 2011 года № 1151 "Некоторые вопросы объектов, подлежащих государственной охране" (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 56, ст. 800):

      1) в Правилах определения объектов, подлежащих государственной охране, утвержденных указанным постановлением:

      часть вторую пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "Службой государственной охраны Республики Казахстан обеспечивается безопасность мест работы и проживания охраняемых лиц с привлечением подразделений специализированной охраны органов внутренних дел.";

      подпункт 1) части второй пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "1) объекты Республики Казахстан, охраняемые Службой государственной охраны Республики Казахстан совместно с подразделениями органов внутренних дел, включенные в перечень, утверждаемый Президентом Республики Казахстан, а также объекты, имеющие важное государственное значение;";

      2) в требованиях по инженерно-технической укрепленности объектов, подлежащих государственной охране, утвержденных указанным постановлением:

      в разделе 1 "Требования по обеспечению инженерно-технической укрепленности объектов, подлежащих государственной охране":

      подпункт 66) пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "66) подразделения (далее - подразделения) - включают в себя подразделения Службы государственной охраны, Вооруженных Сил, Министерства внутренних дел, обеспечивающие государственную охрану объектов.".

      13. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 15 мая 2012 года № 620 "Об утверждении Правил организации и проведения призыва граждан Республики Казахстан на воинскую службу" (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 49, ст. 675):

      в Правилах организации и проведения призыва граждан Республики Казахстан на воинскую службу, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 4) пункта 16 изложить в следующей редакции:

      "4) для комплектования Службы обороны объектов (Республиканская гвардия) Службы государственной охраны Республики Казахстан осуществляется отбор в приоритетном порядке призывников, имеющих хорошую физическую подготовку, образование не ниже общего среднего;".

      14. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 18 сентября 2012 года № 1213 "Об утверждении Правил возмещения ущерба, причиненного здоровью и имуществу сотрудника или военнослужащего специальных государственных органов, а также ущерба, причиненного здоровью и имуществу членов семьи и близких родственников сотрудника или военнослужащего специальных государственных органов в связи с выполнением ими служебных обязанностей" (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 71, ст. 1038):

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии со статьей 19 Закона Республики Казахстан от 3 октября 1995 года "О Службе государственной охраны Республики Казахстан", статьей 18 Закона Республики Казахстан от 21 декабря 1995 года "Об органах национальной безопасности Республики Казахстан" и статьей 14 Закона Республики Казахстан от 22 мая 2010 года "О внешней разведке" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      в Правилах возмещения ущерба, причиненного здоровью и имуществу сотрудника или военнослужащего специальных государственных органов, а также ущерба, причиненного здоровью и имуществу членов семьи и близких родственников сотрудника или военнослужащего специальных государственных органов в связи с выполнением ими служебных обязанностей, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила возмещения ущерба, причиненного здоровью и имуществу сотрудника или военнослужащего специальных государственных органов, а также ущерба, причиненного здоровью и имуществу членов семьи и близких родственников сотрудника или военнослужащего специальных государственных органов в связи с выполнением ими служебных обязанностей (далее - Правила) разработаны в соответствии со статьей 19 Закона Республики Казахстан от 3 октября 1995 года "О Службе государственной охраны Республики Казахстан", статьей 18 Закона Республики Казахстан от 21 декабря 1995 года "Об органах национальной безопасности Республики Казахстан" и статьей 14 Закона Республики Казахстан от 22 мая 2010 года "О внешней разведке" и определяют порядок и условия возмещения ущерба, причиненного здоровью и имуществу сотрудника или военнослужащего специальных государственных органов (далее - сотрудника), а также ущерба, причиненного здоровью и имуществу членов семьи и близких родственников сотрудника в связи с выполнением им служебных обязанностей.".

      15. Утратил силу постановлением Правительства РК от 14.07.2016 № 403 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      16. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2012 года № 1727 "Об утверждении Правил определения размера, назначения, перерасчета, осуществления и прекращения жилищных выплат сотрудникам специальных государственных органов Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 6, ст. 137):

      в Правилах определения размера, назначения, перерасчета, осуществления и прекращения жилищных выплат сотрудникам специальных государственных органов Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      часть вторую пункта 15 изложить в следующей редакции:

      "При этом период нахождения в статусе нуждающегося в жилье для получения единовременных жилищных выплат устанавливается со дня признания нуждающимся в жилье в период прохождения службы в учреждениях органов национальной безопасности, Службы государственной охраны Республики Казахстан и органа внешней разведки, а в случае отсутствия возможности определения указанного дня, - с даты подачи первоначального рапорта о признании его нуждающимся в жилье в период прохождения службы в учреждениях органов национальной безопасности, Службы государственной охраны Республики Казахстан и органа внешней разведки.".

      17. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 21 января 2013 года № 16 "Об утверждении Правил передачи, реализации, утилизации и списания имущества, а также предоставления в имущественный наем (аренду) недвижимого имущества специальных государственных органов Республики Казахстан":

      в Правилах передачи, реализации, утилизации и списания имущества, а также предоставления в имущественный наем (аренду) недвижимого имущества специальных государственных органов Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      пункты 9, 10 и 11 изложить в следующей редакции:

      "9. Служба внешней разведки Республики Казахстан "Сырбар" (далее - СВР "Сырбар") и Служба государственной охраны Республики Казахстан (далее - СГО) не позднее 20 января года, следующего за отчетным, направляют сведения о неиспользуемом имуществе в Комитет национальной безопасности Республики Казахстан (далее - КНБ).

      10. На основании полученных сведений КНБ составляет общий перечень неиспользуемого имущества специальных органов и направляет его в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования, СВР "Сырбар" и СГО для определения потребности в имуществе.

      11. Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования, СВР "Сырбар" и СГО в месячный срок после получения общего перечня неиспользуемого имущества направляют заявку в КНБ на потребность в имуществе или письменно за подписью заместителя первого руководителя сообщают об отсутствии таковой.

      После получения заявок Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований, СВР "Сырбар" и СГО окончательный перечень неиспользуемого имущества специальных государственных органов утверждается совместным приказом первых руководителей специальных государственных органов по согласованию с заинтересованными государственными органами Республики Казахстан (далее - утвержденный перечень).".

      18. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2013 года № 868 "Об утверждении Правил выплаты единовременной компенсации в случае гибели (смерти) военнослужащего в период прохождения им воинской службы или военнообязанного, призванного на воинские сборы, при установлении ему инвалидности или в случае получения им увечья, связанного с исполнением обязанностей воинской службы" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 50, ст. 708):

      в Правилах выплаты единовременной компенсации в случае гибели (смерти) военнослужащего в период прохождения им воинской службы или военнообязанного, призванного на воинские сборы, при установлении ему инвалидности или в случае получения им увечья, связанного с исполнением обязанностей воинской службы, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 4) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "4) Службой государственной охраны Республики Казахстан - военнослужащим, состоящим на воинской службе или проходившим воинскую службу в Службе государственной охраны Республики Казахстан;";

      подпункт 4) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "4) по военнослужащим, состоящим на воинской службе или проходившим воинскую службу в Службе государственной охраны Республики Казахстан, - в ответственные структурные подразделения по месту службы;".

      19. Утратил силу постановлением Правительства РК от 12.04.2021 № 234 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      20. Утратил силу постановлением Правительства РК от 29.08.2023 № 734 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      21. Утратил силу постановлением Правительства РК от 29.08.2023 № 733 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).