"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2014 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1547 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 1109 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2014 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1547 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2014 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірлері 12, 27, 28-жолдар алып тасталсын;
      реттік нөмірлері 32, 33-жолдарда «ИЖТМ» деген аббревиатура «ЭМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 33-1, 33-2-жолдармен толықтырылсын:
      «

33-1

«Лотерея және лотерея қызметі туралы»

МСМ

Маусым

Шілде

Қазан

С.А. Құранбек

33-2

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

МСМ

Маусым

Шілде

Қазан

С.А. Құранбек

                                                            »

      реттік нөмірлері 35, 35-1, 35-2, 36-жолдарда «ЭБЖМ», «ҚОСРМ», «Еңбекмині», «ӨДМ» деген аббревиатуралар «ҰЭМ», «ЭМ», «ДСӘДМ» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 36-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

36

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰЭМ

Маусым

Тамыз

Қараша

Д.В. Вагапов

                                                            »
      реттік нөмірі 37-жолда «Еңбекмині» деген аббревиатура «ДСӘДМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 37-1, 37-2-жолдармен толықтырылсын:
      «

37-1

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы

ІІМ

Тамыз

Қыркүйек

Қараша

Р.Т. Жақыпов

37-2

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы қызметі мәселелері бойынша өзгрістер енгізу туралы

ІІМ

Тамыз

Қыркүйек

Қараша

Р.Т. Жақыпов

                                                            »
      реттік нөмірі 38-жолда «ӨДМ» деген аббревиатура «ҰЭМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 38-1, 38-2-жолдармен толықтырылсын:
      «

38-1

Бағалы металдар мен асыл тастар туралы

ИДМ

Сәуір

Маусым

Желтоқсан

А.П. Рау

38-2

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы металдар мен асыл тастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ИДМ

Сәуір

Маусым

Желтоқсан

А.П. Рау

                                                            »
      реттік нөмірі 40-жолда «Еңбекмині» деген аббревиатура «ДСӘДМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірлері 40, 41, 42-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «

40

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ДСӘДМ

Қыркүйек

Қазан

Желтоқсан

Д.Р. Арғындықов

41

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қорғанысмині

Қыркүйек

Қазан

Желтоқсан

Т.С. Мұхтаров

42

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қаржымині

Қыркүйек

Қазан

Желтоқсан

Р.Б. Бекетаев

                                                            »
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 42-1-жолмен толықтырылсын:
      «

42-1

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰЭМ

Қыркүйек

Қараша

Желтоқсан

Ж.С. Айтжанова

                                                            »;
      реттік нөмірі 43-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

43

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЭМ

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Т.Ә. Ахсамбиев

                                                            »;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 45-1, 45-2-жолдармен толықтырылсын:
      «

45-1

Жылжымайтын мүліктің меншік иелері жеке тұлғалардың тұрғын үйін міндетті сақтандыру туралы

ҰЭМ

Қазан

Қараша

Желтоқсан

М.Ә. Құсайынов

45-2

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан сақтандыру жүйесін енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰЭМ

Қазан

Қараша

Желтоқсан

М.Ә. Құсайынов

                                                            »
      Ескертпе: аббревиатуралардың жазылуы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
      МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі;
      ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
      ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;
      ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;
      ДСӘДМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;
      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;
      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
      ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
      АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
      ЖС – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;
      БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
      СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады