"КЕGОС" акционерлік қоғамының жарияланған жай акцияларын орналастыру бағасы, саны, кұрылымы туралы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің шешімін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1156 қаулысы

      «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «КЕGОС» акционерлік қоғамының жарияланған жай акцияларын орналастыру бағасы, саны, құрылымы туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің 2014 жылғы 16 қазандағы шешімі (отырыстың № 114 хаттамасы) бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 1156 қаулысымен
бекітілген

«КЕGОС» акционерлік қоғамының жарияланған жай акцияларын орналастыру бағасы, саны, құрылымы туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің 2014 жылғы 16 қазандағы шешімі

      «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 19) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1027 қаулысымен бекітілген «Самұрық- Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасына сәйкес «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі ШЕШТІ:
      мыналар:
      1) «КЕGОС» акционерлік қоғамының бір жай акциясын орналастыру бағасы - 505 (бес жүз бес) теңге;
      2) бағалы қағаздардың қазақстандық ұйымдастырылған нарығына жазылуды жүргізу жолымен орналастырылатын «КЕGОС» акционерлік қоғамы жай акцияларының саны - 25999999 (жиырма бес миллион тоғыз жүз тоқсан тоғыз мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз) дана болып;
      3) көрсетілген шешімге қосымшаға сәйкес «КЕGОС» акционерлік қоғамының жай акцияларын орналастыру құрылымы айқындалсын.
 


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-
ауқат қоры» акционерлік
қоғамының директорлар кеңесінің
2014 жылғы 16 қазандағы
шешіміне қосымша (отырыстың
№ 114 хаттамасы)

«КЕGОС» акционерлік қоғамының жарияланған жай акцияларын орналастыру құрылымы

      1. «Халықтық ІРО» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «КЕGОС» Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan ЕIectricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) жай акцияларын бастапқы орналастыру кезінде оларды инвесторлардың әртүрлі топтары арасында орналастырудың осы құрылымы (бұдан әрі - құрылым) Қоғамның жай акцияларын әлеуетті инвесторлар арасында қазақстандық ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бөлу тәртібін айқындайды.
      Осы құрылымда қолданылатын анықтамалар:
      1) акциялар - Қоғамның жай акциялары;
      2) Қоғам акциялары бойынша маркет-мейкер - қор биржасының мүшесі ретінде мойындалған және қор биржасының ішкі құжаттары мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне Қоғам алдында акциялар бойынша баға белгілеуді жариялау және қолдау міндеттемесін алған және Қоғаммен жасалған шартқа сәйкес барлық міндеттерді орындайтын биржа мүшесі.
      3) бөлшек инвесторлар - Қазақстан Республикасының азаматтары;
      4) институционалдық инвестор - акцияларды зейнетақы активтері есебінен сатып алатын «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы.
      2. Инвестициялау сомасы бойынша шектеулер:
      1) маркет-мейкер үшін - кемінде 200000 (екі жүз мың) дана акция, бірақ 400000 (төрт жүз мың) дана акциядан көп емес;
      2) бөлшек инвесторлар үшін - өтінімдер шектеусіз қабылданады. Бөлшек инвесторлардың өтінімдерін қанағаттандыру құрылымның 3-тармағын ескере отырып жүргізіледі;
      3) институционалдық инвесторлар үшін - құрылымның 3-тармағын ескере отырып шектеусіз.
      3. Бастапқы орналастыру кезінде акцияларды әртүрлі инвесторлар топтары арасында бөлу тәртібі:
      1) маркет-мейкердің акциялар бойынша өтінімі бірінші кезектегі тәртіппен қанағаттандырылады;
      2) бөлшек инвесторлардың акциялар бойынша өтінімдері 14000 (он төрт мың) дана акция шегінде толығымен қанағаттандырылады.
      Егер құрылымның 3-тармағының 2) тармақшасын ескере отырып, бөлшек инвесторлардың өтінімдерінде көрсетілген акцияларының жиынтық саны орналастырылатын акциялардың көлемінен асатын болса (акциялар бойынша маркет-мейкерлердің өтінімін шегергенде), өтінімдерді қанағаттандырудың ең жоғары санының мөлшері мынадай тәртіппен азайтылатын болады:
      азайту 14000 (он төрт мың) дана акцияға тең өтінімдерді қанағаттандырудың ең жоғары санынан басталады;
      азайту қадамы бір акцияны құрайды;
      азайту сұраныстар (бөлшек инвесторлардың өтінімдерінде көрсетілген акциялардың жиынтық саны) және ұсыныстар (орналастырылатын акциялар саны) теңестірілгенге дейін жүзеге асырылады;
      3) бөлшек инвесторлар қажет етпеген акциялар құрылымның 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларын іске асыру ескеріле отырып, 14000 (он төрт мың) астам акциялар данасына өтінім берген бөлшек инвесторлар арасында мынадай тәртіппен орналастырылады:
      егер жиынтық сұраныс акциялардың қалған санынан аз болса, барлық өтінімдер толық қанағаттандырылады;
      егер жиынтық сұраныс акциялардың қалған санынан көп болса, өтінімдерді қанағаттандырудың барынша көп мөлшері мынадай тәртіппен көбейтіледі. Көбейту өтінімдерді қанағаттандырудың ең аз мөлшерінен басталады, 14001 (он төрт мың бір) акциялар данасына тең, көбейту қадамы бір акцияны құрайды. Көбейту сұранысты (құрылымның 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларын іске асыру ескеріле отырып, бөлшек инвесторлардың қанағаттандырылмаған сұранысы) және ұсынысты (құрылымның 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларын іске асырғаннан кейін қалған орналастырылатын акциялар саны) теңдестіру сәтіне дейін жүзеге асырылады;
      4) құрылымның 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларын іске асыру ескеріле отырып, бөлшек инвесторлар қажет етпеген акциялар берілген өтінімге сай институтционалдық инвестордың пайдасына бөлінеді.
      4. Инвесторлар қажет етпеген акциялар құрылымның 3-тармағының іске асырылуы ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде орналастыру қүнінен кейін 6 (алты) айдан кейін ғана ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында орналастырылады.
      5. Акцияларды бөлу ерекшеліктері.
      Акцияларды бастапқы орналастыру кезінде оларды әртүрлі инвесторлар топтары арасында бөлу кезінде жазылу кезеңінің шегінде өтінімді беру мерзімі ескерілмейді.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады