Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 1177 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Апаттар медицинасы орталығы» және «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемелеріне бекітілген республикалық мүлік «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетімен бірлесіп осы қаулыдан туындайтын шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 6 қарашадағы
№ 1177 қаулысына 
қосымша        

«Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге
берілетін республикалық мүліктің тізбесі

Р/с

Мемлекеттік мекеменің атауы

Мүліктің атауы

Өлшеу бірлігі

Саны

1

«Апаттар медицинасы орталығы»

Астана қаласы, Алматы ауданы, Абай даңғылы, 95/2-үй мекенжайында орналасқан үй-жай

дана

1

2

«Қазселденқорғау»

Атырау қаласы, Говоров көшесі, 50-үй мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимаратты сондай-ақ оның аумағына іргелес орналасқан:

дана

1

50 автокөлікке арналған гараж

дана

1

арматуралық цех

дана

1

шатыры бар материалдық-техникалық қойма

дана

1

кіреберіс

дана

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады