Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 1191 қаулысы

      «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгерімінен Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Ғ.Иляев көшесі, № 12 үй мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 5129 шаршы метр, жер учаскесінің алаңы 0,2467 гектар жатақхана ғимараты республикалық меншіктен Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының  1-тармағында көрсетілген мүлікті қабылдау-тапсыру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады