"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 1198 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 960 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 960 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қаруды тіркеу кезінде ішкі істер органы қаруды сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттар негізінде бес жыл мерзімге осы қаруды сақтауға рұқсат береді.";

      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қаруды сақтауға рұқсат беру үшін:";

      14-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

      "22-1. Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттардың қолданылуын тоқтата тұру, қалпына келтіру және тоқтату, сондай-ақ оларды беруден бас тарту "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының талаптарына сәйкес жүргізіледі.";

      23-тармақ алып тасталсын;

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Аңшылық оқ-дәріні, жарақталған патрондарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автомобиль көлігімен тасымалдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Тасымалданатын қару мен патрондар қорапқа орап салынады, оған жүк тасымалдаушы ұйым мөр басады немесе пломбалайды.

      Оқ-дәріні тасымалдаған кезде жүру бағыты жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.";

      28, 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Қаруды (оның негізгі (құрамдас) бөлшектерін) және оның патрондарын пошта арқылы, оның ішінде халықаралық пошта арқылы жөнелтуге жол берілмейді.

      29. Қызметтік қаруды, патрондарды, оқ-дәріні түрлі көліктермен тасымалдау көліктің осы түрі үшін белгіленген қағидаларға сәйкес жүргізіледі. Қару оқсыз, қапталған түрде, ал патрондар қорапқа орап салынып тасымалданады.";

      32-1-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-1. Спорттық мақсаттар үшін лақтырылатын қаруды (көрмесінің тартылу күші 14 кг жоғары садақтар мен арбалеттерді) сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге Қазақстан Республикасының 16 жасқа толған азаматтарының да құқығы бар.";

      "15. Дүкендердегі азаматтық және қызметтік қару мен олардың патрондарын сақтау, есепке алу және сату тәртібі" деген 15-бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Дүкендердегі азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау және сату тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 59-1-тармақпен толықтырылсын:

      "59-1. Азаматтық және қызметтік қару саудасына лицензиясы бар заңды тұлғалар азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға арналған лицензиялар бойынша сатып алады.

      Сатып алынған азаматтық және қызметтік қару сатып алынған күнінен бастап жеті күн мерзімде аумақтық ішкі істер органында лицензия телнұсқасының түпнұсқасын ұсыну немесе лицензия телнұсқасының қосымшасын беру арқылы тіркеледі.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуды:

      1) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары;

      2) лауазымды адамдарына атыс қаруын сақтауға және алып жүруге құқық берілген мемлекеттік органдар;

      3) ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар;

      4) қару өндірумен немесе оны сатумен айналысатын заңды тұлғалар;

      5) қаруды коллекциялаумен немесе экспонаттаумен айналысатын заңды және жеке тұлғалар;

      6) аңшылық шаруашылығы ұйымдары;

      7) спорттық ұйымдар;

      8) білім беру ұйымдары;

      9) Қазақстан Республикасының азаматтары;

      10) шетелдіктер;

      11) қаруды, оның ішінде жарақат салатын және газбен әсер ететін патрондары бар қаруды қолдану саласында ғылыми медициналық зерттеулер жүргізуге уәкілеттік берілген заңды тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асыра алады.";

      72, 73-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Осы Ереженің 70-тармағының 2) - 11) тармақшаларында көрсетілген субъектілер өз қарамағында заңды негізде болатын қару мен патрондарды көрсетілген қарудың есепке алынған жеріндегі ішкі істер органдарына ол туралы алдын ала хабарлау арқылы қарумен сауда жасауға лицензиясы бар заңды тұлғаларға сата алады.

      73. Қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат берген уәкілетті органының (бұдан әрі - уәкілетті орган) жолдамасы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінде меншік құқығында заңды негізде болатын қаруды, қару мен оның патрондары айналымын бақылау саласындағы уәкілетті органға алдын ала хабарлай отырып, азаматтық және қызметтік қаруды сатуға, коллекциялауға немесе экспонаттауға лицензиясы бар заңды тұлғаларға, сондай-ақ қару есепке алынған жердегі ішкі істер органдарында қайта тіркегеннен кейін қару сатып алуға рұқсаты бар азаматтарға иеліктен шығаруға құқығы бар.";

      мынадай мазмұндағы 73-1-тармақпен толықтырылсын:

      "73-1. Қаруды, аңшылық оқ-дәріні, жарақталған патрондарды тасымалдауды оларды сатумен айналысатын заңды тұлғалар ішкі істер органдарының рұқсаты бойынша жүзеге асырады.

      Қаруды, аңшылық оқ-дәріні, жарақталған патрондарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде ұйым басшысы тасымалдауға жауапты адамды тағайындайды және жол бойында кемінде екі адамнан тұратын атыс қаруымен қаруланған тиісті күзетпен қамтамасыз етеді (күзет қызметін көрсету жөніндегі шарт).

      Қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсатты күнтізбелік он бес күн мерзімге осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес уәкілетті орган береді және ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

      Аңшылық оқ-дәріні, жарақталған патрондарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автомобиль көлігімен тасымалдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Тасымалданатын қару мен патрондар қорапқа орап салынады, оған жүк тасымалдаушы ұйым мөр басады немесе пломбалайды.

      Оқ-дәріні тасымалдаған кезде жүру бағыты жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.

      Қол жүгі ретінде теміржол, су көлігімен тасымалданатын патрондардың, оқ-дәрінің саны:

      1) атыс қаруының жарақталған патрондары — 10 кг;

      2) түтінсіз оқ-дәрі - 10 кг;

      3) түтінді оқ-дәрі бұйымдары - 5 кг;

      4) түтінді оқ-дәрі - 5 кг салмақтан аспауы тиіс.

      Ескертпе: қол жүгі ретінде тасымалдауға берілген рұқсатта жүктің тек нетто салмағы көрсетіледі (металл гильзалар, ыдыстар жүктің салмағына кірмейді).

      Салмағы:

      1) атыс қаруының жарақталған патрондары - 300 кг;

      2) оқ-дәрі - 50 кг аспайтын аңшылық оқ-дәріні, жарақталған патрондарды автомобиль көлігімен тасымалдау оларды тасымалдауға ішкі істер органдарының рұқсатынсыз жүзеге асырылады, бұл ретте ұйым басшысы тасымалдауға жауапты адамды тағайындайды және жол бойында қарулы күзетпен қамтамасыз етеді (күзет қызметін көрсету жөніндегі шарт).

      Көрсетілген салмақтан асырған жағдайда, оқ-дәрілер мен жарақталған патрондарды тасымалдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      Ескертпе. Тасымалдау тек азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылауды жүзеге асыратын бөлімшеге хабарлаған соң жүзеге асырылады.";

      79, 80-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Ішкі істер органдарынан аңшылық атыс, пневматикалық, газды және электр қаруын сатып алуға рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары мынадай құжаттарды:

      1) толтырылған карточка-өтінішті;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытынды;

      3) Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың көшірмесін;

      4) қаруды қауіпсіз ұстаудың ережелерін білетіндігін тексеру туралы анықтаманы ұсынады.

      Ескертпе. Азаматтық және қызметтік қару айналымы саласын бақылау жөніндегі бөлімшелердің қызметкерлері, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары "Жекелеген қару түрлері айналымын мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтық қаруды сатып алуға рұқсат беру, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсатты ұзарту кезінде міндетті түрде азаматтардың тұрғылықты жері бойынша қарудың сақталу жағдайларын, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеттің есептері бойынша сотты болуын, экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есептері бойынша тексереді, сондай-ақ автоматтандырылған деректер банкінің деректері бойынша ойық ұңғылы атыс қаруларының бақылау атыс оқтары мен гильзаларының болуын және уақтылы ауыстырылуын (тексеру атысының қайталану кезеңі — 5 жылда бір рет) тексереді.

      80. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнайы атақтары және (немесе) сыныптық шендері бар арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтық қаруды сатып алуға рұқсатты қару ұстауға қарсы көрсетімдердің жоқ екені туралы медициналық қорытындыны тапсырмай-ақ алады.

      Ескертпе. Қазақстан Республикасының азаматтары өзін-өзі қорғау мақсатында азаматтардың денсаулығын сақтау саласына басшылық етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті орталық атқарушы органының тиісті нормаларына сәйкес аңшылық куәлігінсіз тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдары беретін рұқсаттар бойынша алып жүру құқығынсыз ұзын ұңғылы атыс қаруларын сатып алуға құқығы бар.

      Қазақстан Республикасының азаматтары қаруды "Жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес пайдалана алады.";

      81-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бір жыл мерзімге тұру үшін белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарында тіркелген шетелдіктердің өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің қолдаухаттары бойынша жалпы негіздерде Қазақстан Республикасында газды тапаншалар мен револьверлерді сатып алуға, алып жүруге және сақтауға құқығы бар.";

      90-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту үшін қару иесі техникалық байқаудан өткізу үшін қолындағы қаруды және мынадай құжаттарды ұсына отырып, жергілікті ішкі істер органына өтініш білдіреді:";

      93, 94-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "93. Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттардың қолданылуын тоқтата тұру, қалпына келтіру және тоқтату, сондай-ақ оларды беруден бас тарту "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      94. Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттардың қолданылуын тоқтата тұру, қалпына келтіру және тоқтату туралы дәлелді қорытынды шығарылады, оны ішкі істер органының бастығы бекітеді. Қорытындыда мұндай шешім қабылдаудың негіздері мен дәлелдері жазылады.";

      95-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "95. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрған, тоқтатқан кезде, ол қару мен оның патрондарымен бірге алынып қойылады. Ішкі істер органдарының жолдамасы бойынша қару иелері немесе олардың заңды өкілдері алынып қойылған қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға тапсырады не қаруды сатып алуға немесе сақтау мен алып жүруге ішкі істер органдарының рұқсаты бар адамның иелігіне берілуі мүмкін.";

      "Марапаттық қаруды сақтаудың және алып қоюдың тәртібі" деген 17-бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Марапаттық қаруды сатып алу, сақтау және алып қою тәртібі";

      102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "102. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының азаматтары алған қысқа ұңғылы ойық атыс қаруы марапаттық қаруға жатады.

      Қазақстан Республикасының азаматтары шет мемлекеттер басшыларының, шет мемлекеттер үкіметтерінің басшылары мен мүшелерінің марапаттау құжаттары негізінде марапаттық қару алуы мүмкін.

      Қазақстан Республикасының азаматтарына марапаттық қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсатты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі береді.

      Түйдектете атуға мүмкіндік беретін, сыйымдылығы 10 патроннан асатын оқжатары (барабаны) бар, сондай-ақ "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен тыйым салынған қару марапаттық қаруға жатпайды.

      Азаматты қысқа ұңғылы ойық атыс қаруымен марапаттауға бастамашылық еткен мемлекеттік органдар (атауын, моделін, калибрін, сериясы мен нөмірін көрсете отырып) марапаттау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобаларын өздері әзірлейді.";

      мынадай мазмұндағы 102-1-тармақпен толықтырылсын:

      "102-1. Марапаттық қысқа ұңғылы ойық атыс қаруын беру Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қаруынан құрылған марапаттау қорынан жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 105-1 және 105-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "105-1. Марапаттық қаруды сақтау осы Ереженің 91-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      105-2. Марапаттық қысқа ұңғылы ойық атыс қаруы оны сақтауға және алып жүруге рұқсат ішкі істер органдарында ресімделерден бұрын, кейіннен әрбір бес жылдан кейін атып тексеріледі.";

      110-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды, электр қаруын әкелуге қорытынды көрсетілген қарудың зақымдаушы факторларының адам ағзасына тигізетін әсеріне жол берілетіні туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген құжат ұсынылғаннан кейін беріледі.";

      118, 119 және 120-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "118. Жауынгерлік және жедел қызметтік міндеттерді шешу үшін жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қарудың бірлі жарым даналарын Қазақстан Республикасынан әкетуді және Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдары мен олардың бөлімшелерінің (бұдан әрі - Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құралымдар, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда) әскери қызметшілері және қызметкерлері қаруды алып жүру құқығын растайтын құжат пен әкетілетін (әкелінетін) қару жазылған іссапар куәлігінің негізінде жүзеге асырылады. Көрсетілген құжат іссапар куәлігінің көшірмесімен бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінде орналасқан кеден органына ұсынылады. Іссапар куәлігінің көшірмесін кеден органының қызметкері түпнұсқасымен салыстырғаннан кейін нөмірлік мөр басу арқылы куәландырады және ол әкетілетін (әкелінетін) қаруды кедендік ресімдеуді жүзеге асырған кеден органының ісінде қалады.

      119. Өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасына шақыру бойынша немесе қызметтік тапсырмаларды орындауына байланысты келген шетелдік құқық қорғау органдары, арнаулы қызметтері мен әскерилендірілген ұйымдары қызметкерлерінің жауынгерлік қол атыс қаруын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуі мен Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті тиісінше Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құралымдар, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының жазбаша қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

      120. Жазбаша қорытындыда шетелдік құқық қорғау органдары, арнаулы қызметтері мен әскерилендірілген ұйымдары қызметкерлерінің тегі, аты, әкесінің аты, қарудың түрі (маркасы), нөмірі және калибрі, әкелінетін қарудың әрбір бірлігіне арналған оқ-дәрілердің саны көрсетіледі. Өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, жазбаша қорытындыға тиісінше Қарулы Күштердің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың басшысы немесе оның орнындағы адам қол қояды.";

      көрсетілген Ережеге 4-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Ережеге 7-1-қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесінің мемлекеттік инспекторлары мен қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны";

      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген Ережеге 16-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы 2014 жылғы 21 қарашада қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, он сегізінші, он тоғызыншы, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы, жетпіс жетінші және жетпіс сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа кейін енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 14 қарашадағы
№ 1198 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесіне
4-қосымша

Жеке күзет ұйымдарының күзетшілері пайдаланатын қызметтік
қарудың және оларға патрондардың түрлері, үлгілері, модельдері
және саны

      1. Жеке күзет ұйымдарының күзетшілері бір бекетке 2 бірлік қарудан аспайтын есеппен қаруланады.

      2. Сыртқы бекеттегі күзетші, сондай-ақ жылдам қимылдайтын ұтқыр топтың құрамындағы күзетші (жүргізуші-күзетшіні қоспағанда) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар азаматтық ұңғысыз атыс қаруымен, газды қарумен немесе электр қаруымен немесе ұзын тегіс ұңғылы қарумен қарулана алады.

      3. Ауысым тобының аға күзетшісі, жылдам қимылдайтын ұтқыр топтың аға күзетшісі, ішкі бекеттегі күзетші, жылдам қимылдайтын ұтқыр топтың құрамындағы жүргізуші-күзетші, сондай-ақ жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын күзетуді жүзеге асыратын күзетші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар азаматтық ұңғысыз атыс қаруымен, газды қарумен немесе электр қаруымен немесе ұзын тегіс ұңғылы қарумен қарулана алады.

      4. Күзеттің барлық түрі үшін қару резерві - қаруланудағы әр 10 бірлікке 1 бірлік қару.

      5. Объектіні күзетуге түсетін күзетшілерге:

      1) тегіс қысқа ұңғылы қарудың, жарақат салатын патрондары бар азаматтық ұңғысыз атыс қаруының, газды қарудың әр бірлігіне 16 патронға (2 оқжатарға, барабанға) дейін;

      2) тегіс ұзын ұңғылы қарудың әр бірлігіне 10 патроннан беріледі;

      3) оқу атыстарын өткізу үшін 1 күзетшіге жылына кемінде 12 патрон беріледі.

      Тегіс ұңғылы қаруға арналған патрондар № 7 немесе № 8 оқ-дәрімен оқталады, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның нормаларына сәйкес келетін жарақат салатын патрондар қолданылуы мүмкін.

      Бағалы металдар мен алмасты, көмірсутек шикізатын өндіруді, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді қамтамасыз ететін объектілерді, банктерді, электр станцияларын, жылу-электр орталықтарын және электр беру желілерін, жарылғыш, улы және есірткі заттары, радиоактивті материалдар қоймаларын (сақтау орындарын), мемлекеттік материалдық резервтер қоймаларын (сақтау орындарын), сондай-ақ бағалы және қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде теміржол және әуе көлігін күзету кезінде тегіс ұңғылы қаруға арналған патрондарды № 0; 1 оқ-дәрімен немесе оқпен оқтауға рұқсат етіледі.

      Патрондардың азаймайтын қоры:

      1) тегіс қысқа ұңғылы, жарақат салатын патрондары бар азаматтық ұңғысыз атыс қаруының, газды қарудың бір бірлігіне - 16 патрон;

      2) тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруының бір бірлігіне— 10 патрон.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 14 қарашадағы
№ 1198 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесіне
16-қосымша

Өз қызметін магистральдық теміржол желілері, магистральдық
құбыржолдар, мұнай өңдеу өндірісі және атом энергиясы саласында
жүзеге асыратын ұлттық компаниялар құрған күзет ұйымдарының
қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның
патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны

Р/с

Лауазымдардың атаулары

Қызметтік қару (күзет қызметін жүзеге асыру кезінде)

Ойық

Ұңғысыз атыс, жарақат салатын әсері бар патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қару

Ұзын тегіс ұңғылы қару (мылтық, карабин)

Тапанша

Карабин, винтовка

1

2

3

4

5

6

1

Ауысымның аға күзетшісі (атыс тобының ауысымы)

1




2

Ішкі бекеттегі күзет

2 күзетшіге 1


немесе бекетке 2


3.

Теміржол көлігімен тасымалданатын жүктерді күзету бойынша

1




4.

Сыртқы бекет күзеті


1


немесе бекетке 1

5.

Темір жол көпірлері мен тоннельдерді күзету бойынша


1


немесе бекетке 1

6.

Ұтқыр жедел ден қою тобының аға күзетшісі

1




7.

Ұтқыр жедел ден қою тобының күзетшісі

1


немесе бекетке 1


8.

Ұтқыр жедел ден қою топ құрамындағы жүргізуші-күзетші

1


немесе бекетке 1


9.

Кинолог күзетші

1




Қаруға патрондардың нормасы

Р/с

Қарудың түрі

Патрондар саны, дана

қару бірлігін бақылау ату үшін патрондардың есебі 5 жылда 1 рет

Объектіні күзетуге кіріскен күзетшілерге беріледі

Қару бірлігіне азайтылмайтын патрондар қоры

патрондардың бір жылғы шығыны

бір күзетшіге оқу мақсатында

бірлік қаруға келетін атысты тексеру үшін

1.

ойық, тапанша

16 патронға дейін (2 оқжатарға)

32

12

8

6

2.

ойық, винтовка, карабин

15 патронға дейін (оқтізерге)

30

10

8

6

3.

ұңғысыз атыс қаруы, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қару

16 патронға дейін (2 оқжатарға)

16

12



4.

тегіс ұзын ұңғылы қару (мылтық, карабин)

10 патронға дейін

10

12




      Ескертпе:

      1. Қаруды атып тексеруге арналған патрондарды басқа мақсаттарға жұмсауға тыйым салынады.

      2. Барлық күзет түрлеріне қару қоры - қолда бар қару-жарақтың әрбір 10 бірлігіне 1 бірлік.

      3. Тегіс ұңғылы қару үшін патрондар № 7, № 8 бытырамен немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар қолдануға рұқсат еткен жарақат салатын әсері бар патрондармен оқталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады