Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1205 қаулысы

      «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Есіл өзені бойындағы жол республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының теңгерімінен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Астана қаласының әкімдігімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен (келісім бойынша) бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөнінде қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2014 жылғы 19 қарашадағы
№ 1205 қаулысына  
қосымша       

Республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне
берілетін мүліктің тізбесі

Объектінің атауы

Мүліктің атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Астана қаласында Есіл өзенінің бойында жол салу

Есіл өзені бойындағы жол

м.

700

Сыртқы жарықтандыру желілері, оның ішінде:



тіректер

дана

26

шамдар

дана

26

КЛ-0,4 кВ электрмен жабдықтаудың сыртқы желілері

м

525

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады