"Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 885 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 1225 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 885 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне қоса беріліп отырған инвестициялық жобалардың тізбесіне сәйкес «Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде бұдан бұрын іске асырылған, бірақ құрылысы аяқталмай тоқтап тұрған Атырау облысының әлеуметтік маңызы бар 14 объектісін аяқтауға Атырау облысы әкімдігіне нысаналы даму трансферттері түрінде аудару үшін 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 1106667369 (бір миллиард жүз алты миллион алты жүз алпыс жеті мың үш жүз алпыс тоғыз) теңге сомасында қаражат бөлінсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады