"ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамының стратегиялық объектілерін иеліктен шығару туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 1226 қаулысы

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамына осы қаулыға қосымшада көрсетілген стратегиялық объектілерді «МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2014 жылғы 24 қарашадағы
№ 1226 қаулысына  
қосымша         

«МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» акционерлік
қоғамының пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат етілген
«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы стратегиялық объектілерінің
тізбесі

Р/с

Стратегиялық объект

Объектінің мекенжайы (орналасқан жері)

1

2

3

1

Өзен – Атырау – Самара магистральдық мұнай құбырының Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясына қызмет көрсетуге және оны пайдалануға арналған жер учаскесінің ауданы 0,217245 га бөлігі

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Алмалы ауылдық округі

2

Доссор – Мақат магистральдық мұнай құбырының «Мақат» мұнай айдау станциясын орналастыруға арналған жер учаскесінің ауданы 0,04175 га бөлігі

Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті

3

Кеңқияқ – Ор магистральдық мұнай құбыры (2-тармағы) «Кеңқияқ» желілік-өндірістік диспетчерлік станциясын орналастыруға арналған жер учаскесінің ауданы 2,198 га бөлігі

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ кенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады