Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 4 шілдедегі № 768 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне 2014 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға байланысты жұмыстар жүргізуге Ақмола облысының әкімдігіне аудару үшін 938767990 (тоғыз жүз отыз сегіз миллион жеті жүз алпыс жеті мың тоғыз жүз тоқсан) теңге, оның ішінде:».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов