"Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 381 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1248 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 381 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

«Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан
Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 381
Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 381 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 27, 310-құжат; 2008 ж., № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; 2012 ж., № 12, 224-құжат; № 36, 476-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; 2014 ж., № 4, 29-құжат; № 28, 227-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы»;
      2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы және Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы тағайындалсын.»;
      3) 2-тармақтың 1), 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы ереже;
      2) Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже;»;
      4) Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы;»;
      4) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      5) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын (бұдан әрі – Мемлекеттік сыйлық) алуға ұсынылатын жұмыстарды қарау және іріктеу мақсатында құрылады.»;
      6) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      7) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамында, мына:

«Нүсіпжанова
Бибігүл Нұрғалиқызы

-

«Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Нүсіпжанова
Бибігүл Нұрғалиқызы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» мемлекеттік мекемесінің ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)»;

      8) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен омырау белгісінің сипаттамасында:
      1-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы:»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жапсырма бет баспаханалық әдіспен арнайы, қорғау дәрежелері бар, көгілдір түсті қағазда басылып шығарылады.
      Жапсырманың бет жағында:
      1) үстіңгі жағында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;
      2) Мемлекеттік Елтаңбаның төменгі жағында – мемлекеттік тілде:

«Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығы лауреатының
ДИПЛОМЫ»

      деген жазу орналасады (2-қосымша).
      Жапсырманың ішкі жақтарының екеуінің де ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының фондық бейнесі салынған.
      Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы лауреаты дипломының жапсырма бетінің ішкі сол жағында мемлекеттік тілде:

«Қазақстан Республикасы Президентінің
жылғы № Жарлығымен
«жұмыстың атауы»
жұмысы үшін
ғылыми дәрежесі
ТЕГІ АТЫ ӘКЕСІНІҢ АТЫ
_______________ САЛАСЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ _____ ЖЫЛҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫ БЕРІЛДІ»

      деген мәтін жазылған.
      Төменде:

«Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев»

      деген сөздер орналасқан.
      Одан төмен сол жағында дипломның нөмірі көрсетілген.
      Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы лауреаты дипломының жапсырма бетінің ішкі оң жағында орыс тілінде:

«Указом Президента Республики Казахстан
от года №
ПРИСУЖДЕНА
ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПРЕМИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
В ОБЛАСТИ _________________
______ ГОДА
за работу «наименование работы»
ФАМИЛИЯ ИМЯ ОТЧЕСТВО
ученая степень»

      деген сәйкес мәтін жазылған.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен омырау белгісінің сипаттамасына 2-қосымшада «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломына жапсырма беттің ішкі жағының бейнесі» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреаты дипломының жапсырма бетінің ішкі жағының бейнесі

Қазақстан Республикасы
Президентінің
жылғы  №  Жарлығымен
«жұмыстың атауы»
жұмысы үшін ғылыми дәрежесі
ТЕГІ АТЫ ӘКЕСІНІҢ АТЫ
________________ САЛАСЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
___ ЖЫЛҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫ БЕРІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев

Указом Президента
Республики Казахстан
от    года №
ПРИСУЖДЕНА
ГОСУДАРСТВЕННАЯ
ПРЕМИЯ РЕСПУБЛИКИ
КАЗАХСТАН
В ОБЛАСТИ _______________
_____ ГОДА за работу
«наименование работы»
ФАМИЛИЯ ИМЯ ОТЧЕСТВО
ученая степень




110
мм

320 мм

                                                       ».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 7) тармақшасын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2014 жылғы «   »     
№   Жарлығына     
1-ҚОСЫМША      

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2007 жылғы 13 тамыздағы
№ 381 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН      

Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, әдебиет пен өнер
саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары
туралы ереже

      1. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы және Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы (бұдан әрі – Мемлекеттік сыйлық және мемлекеттік сыйлықтар) ғылым, техника, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің еңбегін қоғам мен мемлекет алдында жоғары тану болып табылады.
      2. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы Қазақстан Республикасының азаматтарына:
      1) республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуын айтарлықтай жеделдетуге, қазақстандық ғылым мен техниканың әлемдегі озық жетістіктер деңгейіне шығуына әкелетін іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы аса үздік нәтижелер үшін;
      2) қоғамға кеңінен танылған бір саладағы ғылыми жаңалықтар, монографиялар мен ғылыми жұмыстар үшін;
      3) техниканың, материалдардың және технологиялардың әлемдік аналогтар деңгейіндегі немесе одан жоғары деңгейдегі жаңа түрлерін әзірлегені және өндіруді ұйымдастырғаны үшін;
      4) экономиканың түрлі салаларында мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар мүлдем жаңа бұйымдар, технологиялық процестер әзірлегені және жасағаны үшін;
      5) мүлдем жаңа өнімдер мен технологияларды жасау және оларды экономиканың әртүрлі салаларына енгізу бойынша экономикалық және (немесе) әлеуметтік әсерді қамтамасыз ететін ғылыми-технологиялық қызметтің танылған нәтижелері;
      6) басым әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуді және ішкі және сыртқы нарықта Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін технологияларды өндіріске енгізу бойынша расталған инновациялық қызметтің нәтижелері үшін беріледі.
      Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы Қазақстан Республикасының азаматтарына отандық мәдениетті дамытуға ерекше бағалы үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік шығармалары үшін беріледі.
      3. Мемлекеттік сыйлықтарды Қазақстан Республикасының Президенті Тәуелсіздік күніне береді.
      Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы 2008 жылдан бастап беріледі.
      Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы 2015 жылдан бастап беріледі.
      Екі жылда бір рет жеті әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы және үш Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы беріледі.
      4. Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды әл-Фараби атындағы Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия және Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссиялар) қарайды.
      Комиссиялардың құрамы мен олар туралы ережелер Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.
      Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырады.
      5. Мемлекеттік сыйлық ақшалай сыйақыдан, Мемлекеттік сыйлық лауреатының дипломынан және омырау белгісінен тұрады. Мемлекеттік сыйлық лауреаты дипломының және омырау белгісінің сипаттамасы Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен бекітіледі.
      Комиссиялар мемлекеттік сыйлықтардың ақшалай сыйақы мөлшерлерін олар берілетін жылы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген сома шегінде айқындайды.
      Дипломдар мен омырау белгілерін дайындауға, сараптама жүргізуге байланысты шығыстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қаражаты есебінен қаржыландырылады.
      6. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылатын ғылыми еңбектер жариялануы, ал техниканың жаңа түрлері, материалдар мен технологиялар Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған сәтке қарай кемінде екі жыл бойы өндірісте игерілуі тиіс.
      Әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алуға жұмыстарды қабылдау аяқталғанға дейін бес жылдан әрі емес және кемінде бір жыл бұрын көпшілік айналым үшін орындалған бір автордың немесе авторлар ұжымының жұмыстары ұсыныла алады.
      Жұмыс Мемлекеттік сыйлық алуға бір рет ұсынылады.
      Бұрын Қазақстан Республикасы сыйлықтарына ие болған жұмыстар Мемлекеттік сыйлық алу конкурсына қатысуға жіберілмейді.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының жаңа жетістіктері болған кезде бұл сыйлық оған қайтадан, бірақ көрсетілген сыйлық осының алдында берілгеннен кемінде бес жылдан кейін берілуі мүмкін.
      Бір автор немесе авторлар ұжымы Мемлекеттік сыйлыққа қатарынан екі рет ұсыныла алмайды.
      7. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылатын ізденушілер ұжымы 8 адамнан аспауға тиіс.
      Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылатын ізденушілер ұжымы 5 адамнан аспауға тиіс.
      Бір ізденушінің кандидатурасы Мемлекеттік сыйлыққа екі және одан да көп жұмыстар бойынша ұсыныла алмайды.
      8. Жұмыстарды Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынуды мемлекеттік органдарының алқалары, ғылыми, оқу ұйымдарының ғылыми, ғылыми-техникалық, ғалымдар кеңестері мен басқа да алқалы органдары, шығармашылық одақтар мен ұжымдар жүргізеді.
      9. Мемлекеттік сыйлық алуға жұмыстарды қабылдау туралы хабарландырулар мен оларды ресімдеу жөніндегі талаптар бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.
      10. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған жұмыстар бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізіледі.
      11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі:
      1) әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстарды сыйлық берілетін жылдың 1 наурызына дейін қабылдайды;
      2) мемлекеттік сыйлықтарды алуға ұсынылған, келіп түскен жұмыстарды комиссиялардың қарауына ұсынады.
      12. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік сыйлықтар беру туралы Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын қарайды және олар берілетін жылдың 1 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізеді.
      13. Мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті салтанатты жағдайда тапсырады.
      14. Мемлекеттік сыйлық ұжымға берілген кезде оның ақшалай сыйақысы авторлары арасында теңдей бөлінеді.
      15. Адам мемлекеттік сыйлық алуға ұсынғаннан кейін қайтыс болған жағдайды қоспағанда, Мемлекеттік сыйлық қайтыс болғаннан кейін берілмейді.
      Бұл жағдайда қайтыс болған лауреаттың дипломы, омырау белгісі мен ақшалай сыйақысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұра бойынша беріледі.

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2014 жылғы «   »    
№    Жарлығына   
2-ҚОСЫМША      

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2007 жылғы 13 тамыздағы
№ 381 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН      

Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – төраға
      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – төрағаның бірінші орынбасары
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі – төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі – хатшы
      Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Президентінің Экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының президенті (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Мұтанов
Ғалымқайыр Мұтанұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры (келісім бойынша)

Сыдықов
Ерлан Батташұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

Ақшолақов
Серік Қуандықұлы

-

«Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

Бектұрғанов
Нұралы Сұлтанұлы

-

Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының бірінші вице-президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор, техника ғылымдарының докторы (келісім бойынша)

Әдекенов
Серғазы Мыңжасарұлы

-

«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» акционерлік қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

Саданов
Аманкелді Құрбанұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

Аяған
Бүркітбай Ғелманұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесінің директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

Молдабеков
Мейірбек Молдабекұлы

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

Қадыржанов
Қайрат Камалұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ректорының кеңесшісі, физика-математика ғылымдарының докторы, құрметті профессор (келісім бойынша)

Сағадиев
Кенжеғали Әбенұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

Кәлменов
Тынысбек Шәріпұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша)

Медеу Ахметқал

-

«География институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, география ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады