"Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үйде орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 және 2015 жылдарға арналған квоталарды белгілеу және "Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үйде орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану" басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 1317 қаулысы

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағына және «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үйде орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 және 2015 жылдарға арналған квота белгіленсін.
      2. Қоса беріліп отырған «Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үйде орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану» жобасын (өтініш беруші - «Astana Property Management» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары бекітілсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикаcының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2014 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1317 қаулысына      
қосымша            

«Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үйде орналасқан жапсарлас
кеңсе, қонақүй, тұрғын, сауда ойын-сауық үй-жайлары және
паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану» басым
жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 және 2015
жылдарға арналған квоталар

Р/с

Жобаның атауы

Өтініш беруші

Іске асыру орны

Іске асыру мерзімі

Квота (адам)

1

2

3

4

5

6

1.

Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үйде орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану

«Astana Property Management»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласы

2013-2017 жылдар

2014 жыл: 770

2.

Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үйде орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану

«Astana Property Management» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласы

2013-2017 жылдар

2015 жыл: 1720

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2014 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1317 қаулысына    
қосымша           

«Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үйде орналасқан жапсарлас
кеңсе, қонақүй, тұрғын, сауда ойын-сауық үй-жайлары және
паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану» басым
жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат
беру шарттары

      1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің еңбек жөніндегі уәкілетті органына жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуы тиіс:
      1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және оны берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;
      2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылған болса, көшірмелері);
      3) оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісіндегі қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген, қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі бойынша біліктілік талаптары болған кезде);
      4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзінді не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынумен көшірмесі (мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар үшін).
      2. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
      3. Үшінші және төртінші санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды.
      4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттарымен реттелмеген өзге де талаптары «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларымен және шарттарымен регламенттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады