Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 1319 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Жоба

2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына
мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы
қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы
құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге
өзгерістер енгізу туралы екінші хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер,
      Тараптардың құтқару бөлімшелерін жарақтандыру үшін жеткізудің жеңілдікті шарттарын жасауға мүдделілікті ескере отырып,
      Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің төтенше жағдайларға ұжымдық ден қою жүйесін дамытудың негізгі бағыттары туралы» 2012 жылғы 19 желтоқсандағы шешімін негізге ала отырып,
      2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 15-бабын басшылыққа ала отырып, мыналар туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 1-бабына мына өзгерістер енгізілсін:
      1) үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «арнайы қызметтер – Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес барлау, қарсы барлау қызметін жүзеге асыруға; мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында функцияларды жүзеге асыруға; төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша міндеттерді шешуге арналған мемлекеттік органдар;»;
      2) төртінші абзац «жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің техникалық құралдары,» деген сөздерден кейін «авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған құралдар,» деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 14-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
      _______ жылғы «___» _______ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығында сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

Армения Республикасы үшін             Қырғыз Республикасы үшін

Беларусь Республикасы үшін            Ресей Федерациясы үшін

Қазақстан Республикасы үшін           Тәжікстан Республикасы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады