"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2015 жылға арналған шекті шамасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1326 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2015 жылға арналған шекті шамасы Қор шотына түскен активтер мөлшерінің 0,45 пайызынан асырылмай бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады