"Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1327 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 145-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына   
қосымша          

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1511 қаулысымен   
бекітілген      

Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасы

1.Жалпы ережелер

      1. Осы Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 54) тармақшасына сәйкес әзірленген және авиамаршруттарды субсидиялау тәртібін айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе ол уәкiлеттiк берген мемлекеттік органның шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылатын авиамаршруттар бойынша тұрақты тасымалдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылатын, авиамаршруттың тиiмдi жұмыс iстеуi үшін қажетті кiрiс деңгейін қамтамасыз етпейтін тасымалдар бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жатады.
      Субсидиялауға әрбір авиамаршрут бойынша бөлінген бюджеттік субсидиялардың жылдық сомасы шегінде авиатасымал кезінде жолаушыларды, жүкті, почтаны және багажды тасымалдаудан алынған кіріс пен қалыптасатын пайдалану шығыстарының сомасы арасындағы айырма жатады.

2. Авиамаршруттарды субсидиялау тәртібі

      3. Республикалық бюджеттен субсидиялауға ұсынылатын авиамаршруттарды іріктеуді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі – уәкілетті органның комиссиясы) жүзеге асырады.
      Жергілікті бюджеттен субсидиялауға ұсынылатын авиамаршруттарды іріктеуді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары құратын комиссия (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органның комиссиясы) жүзеге асырады.
      4. Авиамаршруттардың тізбесі әлеуметтік-экономикалық орындылық негізінде қалыптастырылады және уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган комиссиясының хаттамалық шешімімен ресімделеді.
      5. Республикалық бюджеттен субсидиялауға ұсынылатын авиамаршруттардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе ол уәкiлеттiк берген мемлекеттік органның шешiмдерiмен айқындалған кiрiс деңгейін қамтамасыз етпейтін авиамаршруттар төменде көрсетілген критерийлер бойынша қосылады:
      1) астананы, республикалық маңызы бар қалаларды облыс орталықтарымен және облыстардың ірі қалаларымен байланыстыратын авиамаршруттар;
      2) егер өңірдің дамуы үшін маршруттың әлеуметтік-маңызды сипатты болса, облыс орталықтарын өзара байланыстыратын авиамаршруттар және облысаралық авиамаршруттар.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе ол уәкiлеттiк берген мемлекеттік органның шешiмiмен айқындалған авиамаршруттар жергілікті атқарушы органдардың өтініштері негізінде айқындалады.
      Жергілікті бюджеттен субсидиялауға ұсынылатын авиамаршруттардың тізбесіне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен айқындалған кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін және бір облыс шегінде шалғай елді мекендермен байланысты қамтамасыз ететін авиамаршруттар қосылады.
      6. Жергілікті атқарушы органдар авиамаршрутты республикалық бюджеттен субсидиялауға ұсынылатын авиамаршруттар тізбесіне енгізу үшін уәкілетті органның комиссиясына әрбір авиамаршрут бойынша талап етілген субсидия мөлшерін көрсете отырып, қажетті есептеулерді ұсынады.
      7. Уәкілетті органның комиссиясы қалыптастырған республикалық бюджеттен субсидиялауға ұсынылатын авиамаршруттардың тізбесі заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын бюджеттік өтінімге енгізіледі.
      Жергілікті атқарушы органның комиссиясы қалыптастырған жергілікті бюджеттен субсидиялауға жататын авиамаршруттардың тізбесі заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті қалыптастыру кезінде бюджетті жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынылатын бюджеттік өтінімге енгізіледі.
      8. Бюджеттік субсидиялар республикалық бюджет туралы заңда немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы шешімімен айқындалған сомалар шегінде беріледі.
      9. Бюджеттік субсидияларды алу үшін тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен конкурс нәтижелері бойынша айқындалған конкурс жеңімпазы (бұдан әрі – авиакомпания) арасында немесе конкурстар арасындағы кезеңде пайдалану қажеттігі туындаған субсидияланатын авиамаршрутты бөлу кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 69 қаулысымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларына (бұдан әрі – Конкурс өткізу қағидалары) сәйкес осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тұрақты авиамаршруттарды бюджеттік субсидиялау шарты (бұдан әрі – Шарт) жасалады.
      10. Шарт жасалғаннан кейін авиакомпания ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес авиакомпанияның субсидияланатын авиамаршруттары бойынша ұйым басшысы, бас бухгалтері қол қойған және мөрмен куәландырылған мынадай құжаттар қоса берілген есепті береді:
      1) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес авиакомпанияның субсидияланатын авиамаршруттары бойынша жолаушылардың, жүктің, багаждың және поштаның тасымалдануы туралы есеп;
      2) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес авиакомпанияның субсидияланатын авиамаршруттары бойынша шығыстар тізілімі.
      11. Субсидияланатын авиамаршруттар бойынша ай сайынғы есепті қабылдағаннан кейін авиакомпания мен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган арасында осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес көрсетілген қызметтер актісі жасалады.
      12. Бюджеттік субсидияларды төлеу бекітілген бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражат көлемінде ай сайын жүзеге асырылады.
      Есепті ай үшін бюджеттік субсидияларды төлеу есепті айдан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.
      13. Жылдың соңғы күнтізбелік айына бюджеттік субсидияларды төлеу кейіннен келесі айдың 20-күнінен кешіктірмей нақты деректер бойынша жасалған есепті ұсына отырып, 20 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынылған, болжамды деректер бойынша жасалған субсидияланатын авиамаршруттар бойынша көрсетілген қызметтердің алдын ала жасалған актісі негізінде жүзеге асырылады.
      Қаржы жылының қорытындысы бойынша авиакомпания мен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган орындалған жұмыстардың салыстыру актісін жасай отырып, өзара есеп айырысуларды салыстыруды жүргізеді.
      14. Авиамаршрутты пайдалану процесінде Шарт талаптарын орындамаған авиакомпанияларға, сондай-ақ Конкурс өткізу қағидаларына сәйкес авиамаршрутқа арналған куәлік кері қайтарып алынған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган субсидиялар төлеуді жүргізбейді.
      15. Негізгі әуе кемесі жолаушылар сыйымдылығы артық резервтік әуе кемесіне айырбасталған жағдайда, бюджеттік субсидияларды төлеу әрбір авиамаршрут бойынша бөлінген субсидиялар шегінде, резервтік әуе кемесінің нақты орындаған тасымалдау көлемі бойынша жүзеге асырылады.
      16. Авиамаршрутты субсидияланатындар дәрежесінен шығару мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) бірінші кезең – қатарынан алты айдың нәтижелері бойынша субсидияланатын авиамаршрутта авиарейстердің орташа айлық жолаушылар жүктелуі әуе кемесінің тасымалдау сыйымдылығының барынша коммерциялық жүктелуінен 60 %-ға дейін жеткен кезде авиакомпания азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға авиатасымалдарға тарифті көтеру туралы ұсыныс енгізеді;
      2) екінші кезең – қатарынан алты айдың нәтижелері бойынша субсидияланатын авиамаршрутта авиарейстердің орташа айлық жолаушылар жүктелуі әуе кемесінің тасымалдау сыйымдылығының барынша коммерциялық жүктелуінен 70 %-ға дейін жеткен кезде авиакомпания азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға авиатасымалдарға тарифті көтеру туралы ұсыныс енгізеді;
      3) үшінші кезең – қатарынан алты айдың нәтижелері бойынша субсидияланатын авиамаршрутта авиарейстердің орташа айлық жолаушылар жүктелуі әуе кемесінің тасымалдау сыйымдылығының барынша коммерциялық жүктелуінен 80 %-ға дейін жеткен кезде авиакомпания азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға авиатасымалдарға тарифті көтеру туралы ұсыныс енгізеді;
      4) төртінші кезең – қатарынан алты айдың нәтижелері бойынша субсидияланатын авиамаршрутта авиарейстердің орташа айлық жүктелуі әуе кемесінің тасымалдау сыйымдылығының барынша коммерциялық жүктелуінен 80 %-ға жоғары болған кезде авиамаршрут коммерциялық негізге аударылады.
      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган авиакомпаниялардан түскен ұсыныстарды қарайды және бес күн ішінде жауап береді.

Авиамаршруттарды субсидиялау
қағидасына       
1-қосымша        

Тұрақты авиамаршруттарды бюджеттік субсидиялаудың
№ ______ шарты

      Орналасқан жері                        20_ жылғы «___» ____

      Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын
______________________________________________________________ атынан
                (Тапсырыс берушінің толық атауы)
_____________________________________________________________________
        (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

      бір тараптан және бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
      (Жарғының, Ереженің және т.б.)
_______________________________________________________________атынан
                  (Орындаушының толық атауы)
_____________________________________________________________________
         (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

бұдан әрі «Тараптар» деп аталатындар төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:

1. Шарттың нысанасы

      1. Орындаушы авиамаршруттың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін маршруттар бойынша тұрақты авиатасымалдарды жүзеге асырады.
      2. Тапсырыс беруші авиатасымалдарды субсидиялауды республикалық немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырады. Әрбір авиамаршрут бойынша бөлінген субсидиялардың жылдық сомасы шегінде жолаушыларды, жүкті, почтаны және багажды тасымалдаудан алынған кіріс пен авиатасымал кезінде қалыптасатын пайдалану шығыстарының сомасы арасындағы айырма субсидиялауға жатады.
      3. Кіріс деңгейі қамтамасыз етілмейтін авиамаршруттардың тізбесі, әрбір авиамаршрут бойынша бөлінген субсидиялардың жылдық жалпы сомасы, жиіліктердің ең төменгі саны, әрбір субсидияланатын авиамаршрутқа тариф және әуе кемесіндегі талап етілетін отырғызу орындарының ең аз саны осы Шартқа қосымшада көрсетіледі.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      1. Халықты әуе қатынасына қанағаттандыру мақсатында Тараптар осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымша шартқа сәйкес маршрутты пайдалану талаптарын өзгертуге құқылы.
      2. Тапсырыс беруші заңнамада белгіленген тәртіппен және осы Шартта көзделген мерзімде авиамаршруттарды бюджеттік субсидиялауды жүзеге асыруға міндеттенеді.
      3. Орындаушы авиамаршруттарға арналған куәліктерге, азаматтық авиация қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес авиатасымалдарды уақтылы және сапалы орындауға міндеттенеді.

3. Өзара есеп айырысу тәртібі

      1. Орындаушы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде Тапсырыс берушіге Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес субсидияланатын авиамаршруттар бойынша ұйымның басшысы, бас бухгалтері куәландырған және Орындаушының мөрімен расталған, мынадай құжаттар қоса берілген есепті ұсынады:
      1) Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес субсидияланатын авиамаршруттар бойынша жолаушыларды, жүкті, багажды және почтаны тасымалдау туралы есеп;
      2) Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес субсидияланатын авиамаршруттар бойынша шығыстар тізілімі.
      2. Қоса берілген құжаттары бар субсидияланатын авиамаршруттар бойынша айлық есепті қабылдағаннан кейін Тапсырыс беруші мен Орындаушы арасында Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес көрсетілген қызметтер актісі жасалады және бюджеттік субсидияларды төлеу бюджеттік бағдарламамен бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражат көлемінде ай сайын жүзеге асырылады.
      Есептік айға бюджеттік субсидияларды төлеу есепті айдан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.
      3. Жылдың соңғы күнтізбелік айына бюджеттік субсидияларды төлеу келесі айдың 20-күнінен кешіктірмейтін нақты деректер бойынша жасалған есепті кейіннен ұсына отырып, 20 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынылған, болжамды деректер бойынша жасалған субсидияланатын авиамаршруттар жөніндегі көрсетілген қызметтерінің алдын ала актісі негізінде жүзеге асырылады.
      4. Қаржы жылының қорытындылары бойынша авиакомпания мен уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган орындалған жұмыстарын салыстыру актісін жасай отырып, өзара есеп айырысуларды салыстыруды жүргізеді.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      1. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны не тиісті түрде орындамағаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапты болады.
      2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін бұзған Тарап күнтізбелік үш күннен аспайтын мерзімде бұл туралы екінші Тарапты хабардар етуге және бұзушылықтарды жою үшін қолынан келетіннің бәрін жасауға міндеттенеді.

5. Форс-мажорлық мән-жайлар

      1. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда, әрбір Тарап бұл туралы екінші Тарапты күнтізбелік үш күннен аспайтын мерзімде дереу хабардар етуге тиіс.
      2. «Форс-мажорлық» мән-жайлар деп дүлей зілзалалар, осы Шарттың орындалуына кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың іс-қимылдары, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдайлар мен жұмылдыру іс-шараларын жариялау, ауа райы мен табиғи және Тараптарға тәуелсіз, олардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына кедергі келтіретін кез келген басқа да жағдайлар түсініледі.
      3. Егер форс-мажорлық мән-жайлар күнтізбелік отыз күн ішінде әрекет еткен және тоқтамаған жағдайда, Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің кейінгі іс-қимылдарын жазбаша түрде келіседі.

6. Шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту мен бұзу шарттары, дауларды қарау тәртібі

      1. Осы Шарт 20 жылғы «___»___________ бастап күшіне енеді және 20__ жылғы «__»_____________ дейін қолданылады.
      2. Осы Шарттың қолданылу мерзімін екі Тараптың келісімімен тиісті Қосымша келісім жасай отырып, авиамаршрутқа берілген куәлікте көзделген мерзімге ұзартуға болады.
      3. Осы Шарт мынадай негіздер бойынша бұзылуы мүмкін:
      1) авиамаршрутқа (жолаушыларды, багажды, жүкті және почтаны тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін) арналған куәлік кері қайтарылған жағдайда;
      2) Тараптардың өзара келісімі бойынша;
      3) екінші Тарап міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Тараптардың бірінің талап етуі бойынша.
      4. Осы Шартты орындаудан біржақты бас тарту немесе осы Шартты біржақты бұзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Тараптар туындаған даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер арқылы шешеді, келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда - азаматтық авиация қызметін реттейтін заңнамаға сәйкес сот тәртібімен шешілетін болады.
      6. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде ________________________ тілінде (тілдерінде), әрбір Тарап үшін бір-бірден заңды күші бірдей екі данада жасалады және оларға екі Тарап та қол қояды.
      7. Осы Шарт 20__ жылғы «__»______________, ___________ қаласында, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан заңды күші бірдей екі данада _____________________ тілінде жасалды.

Тараптардың деректемелері мен қолдары

           Тапсырыс беруші                        Орындаушы
      ___________________________         ___________________________
            (толық атауы)                        (толық атауы)
      ___________________________         ___________________________
             (мекенжайы)                          (мекенжайы)
      ___________________________         ___________________________
           (басшының Т.А.Ә.)                    (басшының Т.А.Ә.)
      ___________________________         ___________________________
               (қолы)                                (қолы)

      20_ жылғы «__»_____________        20_ жылғы «__»______________

          М.О.                                М.О.

Тұрақты авиамаршруттарды
бюджеттік субсидиялау
шартына қосымша   

Кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін
авиамаршруттардың тізбесі

Өлшем бірлігі: теңге, ҚҚС-пен

Р/с №

Авиамаршрут

Авиамаршрутқа бөлінген сома

Жиілік саны (аптасына)

Тариф (әуежай және сақтандыру алымдарын есепке алғанда)

1 кг жүктің және багаждың тарифі

Өзге де шығыстар

1

2

3

4

5

6

7















      Осы қосымша 20__ жылғы «__»_______________ №_____ Тұрақты авиамаршруттарды бюджеттік субсидиялау шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

           Тапсырыс беруші                        Орындаушы
      ___________________________         ___________________________
             (Т.А.Ә., қолы)                     (Т.А.Ә., қолы)

      20_ жылғы «__» ____________         20_ жылғы «__» ____________

Авиамаршруттарды субсидиялау
қағидасына        
2-қосымша        

_____________________________________________________________
(авиакомпанияның атауы) авиакомпаниясының субсидияланатын авиамаршруттары жөніндегі
20__ жылғы__________есебі

Мерзімділігі: ай сайынғы, өлшем бірлігі: теңге, ҚҚС-пен

Рейс күні

Рейс №

Маршруты

Ұшу сағаты

ӘК типі

ӘК бойынша ұшу сағатының өзіндік құны

Әуежай қызметі

ЖЖМ

АНҚ

Метеоқамтамасыз ету

Өзге де шығыстар

Барлық пайдалану шығыстары

Тасымалданған жолаушылар саны

Кіріс

Субсидиялауға жататын сома

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15
















      Басшы __________________________________________
                    (басшының қолы, Т.А.Ә.)

      Бас бухгалтер __________________________________
                      (бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)

      М.О.

Авиамаршруттарды субсидиялау
қағидасына        
3-қосымша        

__________________________________________________________________
(авиакомпанияның атауы) авиакомпаниясының субсидияланатын авиамаршруттары бойынша жолаушыларды, жүкті, багажды және почтаны тасымалдау туралы
20__ жылғы «__» _____________есебі

Өлшем бірлігі: теңге, ҚҚС-пен

Ұшу күні

Рейс №

Авиамаршрут

Жолаушы купонының №

Ересек/Бала/Сәби

Жолаушылар саны экономикалық/бизнес класс

Тариф экономикалық/бизнес класс

Төлемдік багаж түбіртегінің №

Мөлшері, кг

Тариф

Почта, жүк құжатының берілген күні

Почта мен жүктің мөлшері кг

Тариф

Кіріс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14















      Басшы __________________________________________
                    (басшының қолы, Т.А.Ә.)

      Бас бухгалтер __________________________________
                      (бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)

      М.О.

Авиамаршруттарды субсидиялау
қағидасына        
4-қосымша        

_______________________________________________________
(авиакомпанияның атауы)
авиакомпаниясының субсидияланатын авиамаршруттары
бойынша 20__ жылғы _________ шығыстарының тізілімі

Өлшем бірлігі: теңге, ҚҚС-пен

Рейс күні

Рейс №.

Авиамаршрут

Қызмет берушінің атауы

Шығыстарды растайтын құжаттар

Сомасы

1

2

3

4

5

6













Жиыны






      Басшы __________________________________________
                    (басшының қолы, Т.А.Ә.)

      Бас бухгалтер __________________________________
                      (бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)

      М.О.

Авиамаршруттарды субсидиялау
қағидасына         
5-қосымша         

Көрсетілген қызметтер актісі

20_ жылғы «__» __________________

Біз, төменде қол қойған _____________________________________________
бір тараптан және ___________________________________________________
екінші тараптан, 20__ жылғы «__» _________________ жағдай бойынша
көрсетілген қызметтердің осы актісін жасадық.

Авиамаршруттың атауы

Бір айда орындаған рейстер саны

Тасымалданған жолаушылардың саны




      Нәтижесінде қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялау сомасы ___________________________________________ құрайды.
   (сомасы санмен және жазбаша теңгемен)

      Тапсырыс беруші                         Авиакомпания
      _______________________________   _____________________________
      (басшының немесе ол уәкілеттік       (басшының қолы, Т.А.Ә.)
       берген адамның қолы, Т.А.Ә.)

      М.О.                                         М.О

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады