Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 қаулысы.

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 31) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 214 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Құпия.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1357 қаулысымен
бекітілген

Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 214 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) азаматтық қорғаныс объектiлерi – басқару пункттерi, жеке тұрған және қосып салынған паналайтын жерлер, радиацияға қарсы жасырын паналар, азаматтық қорғаныс мүлкiн сақтауға арналған қойма үй-жайлары;

      2) басқару пункттері – азаматтық қорғауды басқару органдарын орналастыруға және олардың жұмысын қамтамасыз етуге арналған, техникалық құралдармен, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету элементтерімен арнайы жабдықталған және жарақталған мемлекеттік органдардың құрылыстары немесе көлік құралдары;

      3) жылжымалы басқару пункті – азаматтық қорғауды басқару органдарын орналастыруға және жұмысын қамтамасыз етуге арналған көлік құралы;

      4) қосалқы басқару пункті (қалалық, қала сыртындағы) – соғыс жағдайы кезеңінде немесе соғыс уақытында азаматтық қорғаудың басқару органының пайдалануы үшін арнайы жабдықталған, байланыс құралдарымен және арналарымен жарақтандырылған құрылысжай, стационарлық басқару пункті;

      5) көмекші басқару пункті – күштер мен құралдарды азаматтық қорғаныстың басқару пункттерінен басқару қиындағанда немесе мүмкін болмағанда соғыс жағдайы кезеңінде немесе соғыс уақытында құрылатын арнайы жабдықталған құрылысжай, қосалқы басқару пункті;

      6) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайы – халықты қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерінен қорғау үшін арнайы жабдықталған және соған арналған инженерлік құрылысжай;

      7) паналайтын жер – заманауи зақымдау құралдарының зақымдаушы факторларынан, радиоактивті заттардың әсерінен, сондай-ақ өрттер кезінде жоғары температуралар мен жану өнімдерінен, улайтын заттар мен бактериялық құралдардан паналаушыларды қорғауға арналған азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы;

      8) радиацияға қарсы жасырын пана – жергілікті жердің радиоактивті зақымдануы кезінде иондаушы сәулелердің әсерінен паналаушыларды қорғауға арналған азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы;

      9) тез салынатын паналайтын орын (қорғану орны) – жиналатын қоршау конструкцияларын және оңайлатылған ішкі жабдықтарды қолдана отырып, қатер төнген кезеңде немесе соғыс уақытында қысқа мерзім ішінде салынатын құрылыс;

      10) заманауи зақымдаушы құралдар – зақымдаушы (қирату) факторлары адамдарды, жануарлар мен өсімдіктерді зақымдауға, объектілерді бүлдіруге немесе қиратуға, қайталама зақымдау факторларының пайда болуына есептелген, жаппай қырып-жою қаруын және қарапайым зақымдаушы құралдарды, оның ішінде зымырандық, авиациялық және атыс қаруын қамтитын құрылғылар мен құралдар;

      11) азаматтық қорғаныстың мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайлары – азаматтық қорғаныстың мүлкін сақтауға, олардың сақталуын және беруге әзірлігін қамтамасыз етуге арналған арнайы жабдықталған оқшауланған үй-жайлар.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 214 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Азаматтық қорғаныс объектілерін құру

      3. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, орталық атқарушы органдар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар азаматтық қорғау күштері мен құралдарын жедел басқару үшін қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз етеді.

      Қосалқы басқару пункттерінде орналастырылатын азаматтық қорғаудың басқару органдарының құрамы мен санын ықтимал жағдайға байланысты тиісті азаматтық қорғаныс бастықтары айқындайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 214 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3-1. Орталық атқарушы органдарды салалық белгісі бойынша бір қосалқы (қалалық, қала сыртындағы) басқару пунктінде бірге орналастыруға жол беріледі.

      Қосалқы басқару пункттерінің негізгі элементі басқару орталығы бар жедел зал, басшылыққа, жедел құрамға, жедел-кезекші қызмет және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшелеріне арналған үй-жайлар болып табылады.

      Қосалқы басқару пункттерінің құрамына қорғалған және қорғалмаған байланыс тораптары, қабылдаушы-таратушы орталық, орталықтандырылған құлақтандыру аппаратурасына арналған үй-жайлар, радио хабарларын тарату және спутниктік байланыс құралдары, ақпаратты қабылдау және тарату пункттері де кіреді.

      Жедел зал техникалық байланыс құралдарымен, жағдайды бейнелеу құралдарымен (оның ішінде бейнеқабырғалар), ұйымдастыру техникасымен және жұмыс құжаттамасымен жарақтандырылады.

      Ескерту. Қағида 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 24.05.2019 № 319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 214 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3-2. Жылжымалы басқару пункттері республикалық азаматтық қорғау қызметтерін қамтамасыз етуге және олардың жұмыс істеуіне жауапты орталық атқарушы органдарда, облыстардың жергілікті атқарушы органдарында, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда құрылады.

      Ескерту. Қағида 3-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 24.05.2019 № 319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 214 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Азаматтық қорғаныс объектілері Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптарын, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жобалау бойынша ұсынымдарын ескере отырып құрылады.

      Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың ең көп жұмыс істейтін ауысымын қорғау, сондай-ақ одан әрі эвакуациялануы хал-жағдайын нашарлатуы немесе өміріне қауіп төндіретін асқыну туғызуы мүмкін тасымалдауға болмайтын науқастарды, сондай-ақ медициналық ұйымдардың медициналық және қызмет көрсетуші персоналын қорғау үшін паналайтын жерлер, радиацияға қарсы жасырын паналар, азаматтық қорғаныстың мобильді қорғаныш құрылысжайлары құрылады.

      Ең көп жұмыс ауысымы жұмылдыру тапсырмаларын (тапсырыстарын) орындауға және соғыс жағдайы кезеңінде немесе соғыс уақытында өз қызметін жалғастыратын ұйымның азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз етуге арналған.

      Соғыс жағдайы кезеңінде немесе соғыс уақытында халықты қарапайым зақымдаушы құралдардың, соның ішінде зымырандық, авиациялық және атыс қаруының зақымдаушы факторларынан қорғау үшін ең қарапайым жасырын паналар қолданылады.

      Ең қарапайым жасырын паналарға құрылысжайлардың жерасты кеңістігі (жертөле, іргеқабат үй-жайы, жерасты паркингі, жерасты өткелі, метрополитен) және халықты паналатуға пайдаланылатын, жерге тереңдете орнатылған басқа да үй-жайлар жатады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 214 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын құру:

      1) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын салу;

      2) қолданыстағы және жаңадан салынып жатқан үйлердің, ғимараттар мен құрылыстардың жертөле және цоколь, жер үстіндегі қабаттарындағы үй-жайларын бейімдеу немесе жеке тұрғандарын салу;

      3) жерасты кеңістігін, оның ішінде түрлі мақсаттағы тереңдетілген құрылыстарды, метрополитендерді, жерасты тау қазбаларын, үңгірлер мен басқа да жерасты қуыстарын пайдалану;

      4) азаматтық қорғаныстың мобильді қорғаныш құрылыстарын сатып алу арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 214 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда жасырын паналар немесе азаматтық қорғаныстың мобильді қорғаныш құрылыстары құрылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 214 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6-1. Жасырын паналарда негізгі және көмекші үй-жайлар көзделеді.

      Негізгі үй-жайларға: паналаушыларға арналған үй-жайлар, басқару пункті, медициналық пункт, ал медициналық ұйымдардың жасырын паналарында операциялық-таңу, операция алды зарарсыздандыру үй-жайы да жатады.

      Көмекші үй-жайларға: сүзгілік-желдету бөлмесі, санитариялық торап, қорғалған дизельді электр станциясы, электрқалқан, азық-түлік сақтауға арналған үй-жай, айдау станциясы, баллон бөлмесі, тамбур-шлюз, тамбур жатады.

      Ескерту. 2-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 214 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Радиацияға қарсы қорғану орындары азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылмаған қалаларда және ауылдық аудандарда құрылады.

      7-1. Радиацияға қарсы жасырын панада паналаушыларды (негізгі), санитариялық торапты, желдету бөлмесін орналастыруға және ластанған сыртқы киімді сақтауға арналған үй-жайлар (қосалқы) көзделеді.

      Ескерту. 2-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 214 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Атом станцияларының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар үшін станциялар персоналын, жұмысшыларын және қызметшілерін (әскери және өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамын қоса алғанда) паналайтын жерлерде қорғау көзделеді.

      9. Соғыс уақытында азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының болмауы немесе жеткіліксіздігі кезінде азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар қызметкерлерді тез салынатын жасырын паналарда қорғауды қамтамасыз етеді.

      10. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда азаматтық қорғаныстың қалалық және қаладан тыс басқару пункттері паналайтын орындарда орналастырылады.

      11. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылмаған қалаларда азаматтық қорғаныстың қалалық қосалқы басқару пункттері радиацияға қарсы қорғану орындарында орналастырылады.

      12. Қала сыртындағы қосалқы басқару пункттерін азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардан 20-дан 100 шақырымға дейінгі шекте ықтимал апаттық су басудан қауіпсіз аймақтардағы паналайтын жерлерде орналастырады.

      13. Қосалқы басқару пункттері азаматтық қорғаудың төмен тұрған басқару органдарының басқару пункттерінің базасында құрылады.

      14. Жылжымалы басқару пункттері өтімділігі жоғары автомобильдердің, әуе кемелерінің, теңіз, өзен және теміржол көлігінің базасында құрылады.

      14-1. Жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобильдер базасындағы жылжымалы басқару пункттері 1034-2021 "Азаматтық қорғаудың жылжымалы басқару пункті" Қазақстан Республикасы Ұлттық әскери стандартының талаптарын ескере отырып құрылады.

      Ескерту. 2-тарау 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 214 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайлары ондағы бұйымдардың сақталуын қамтамасыз ету, азаматтық қорғаныс мүлкін қабылдау (беру) қолайлылығын қамтамасыз етуді ескере отырып құрылады.

3. Азаматтық қорғаныс объектілерін пайдалану

      16. Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайлары азаматтық қорғау саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес пайдаланылады.

      17. Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау үшін қойма үй-жайларын пайдалану үшін:

      1) тәулік бойы күзету және күзет сигнализациясымен жабдықтау;

      2) аумақты қоршау және түнгі уақытта жарықтандыру;

      3) өрт қауіпсіздігі;

      4) қызметі азаматтық қорғаныс мүлкінің жай-күйіне кері әсерін тигізуі мүмкін кәсіпорындардан қауіпсіз қашықтық;

      5) ішкі және сыртқы байланысты, бекеттік және өрт сигнализациясын қамтамасыз ету ескерілген телефондандыру жүйесі;

      6) жедел жүк тиеу үшін тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру құралдарымен жарақтандыру;

      7) жылдың кез келген уақытында көліктің кіру мен өту жолдары қамтамасыз етіледі.

      18. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын бейбіт уақытта пайдалану кезінде паналаушылардың болуына және 12 сағат ішінде паналаушыларды қабылдау үшін әзірлікке келтіруге, ал атом станциялары мен күшті әсер ететін улы заттарды пайдаланатын ұйымдарда паналаушыларды шұғыл қабылдауға арналған жағдайларды қамтамасыз ететін талаптар орындалады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.05.2019 № 319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын бейбіт уақытта пайдалану үшін:

      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 214 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2) атмосфералық жауын-шашыннан және жерүсті суларынан қорғау;

      3) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің үй-жайлары мен жабдықтарын сырлау және жөндеу;

      4) сіңіргіш сүзгілерге, регенерациялау құрылғылары мен ауаны көміртегі тотығынан тазартуға арналған сүзгілерге дейін және олардан кейін орнатылған герметикалық клапандарды жабу және оларға сүргі соғу;

      5) қосалқы үй-жайларды, сондай-ақ шаруашылық мақсатта қолданылмайтын санитариялық тораптарды жабу және оларға сүргі соғу;

      6) ауыз судың қысымды ыдыстардағы авариялық қоры және судың 2 тәулік ішінде толық ауысып ағуы;

      7) ауыз суға арналған авариялық қысымсыз ыдыстарды таза ұстау;

      8) дизельді электр станцияларын консервациялау;

      9) қорғау-герметикалық және герметикалық ашылатын қақпалар мен есіктерге тіреулер;

      10) инженерлік-техникалық және арнайы жабдықтарды, байланыс пен құлақтандыру құралдарын жарамды күйде және мақсаты бойынша пайдалануға әзірлікте ұстау;

      11) ауамен жабдықтау жүйелерін таза желдету режимі бойынша пайдалану;

      12) құрылыстың және оның жеке элементтерінің: авариялық кіру мен шығу жолдарының, қорғау-герметикалық және герметикалық есіктер мен терезе қақпақтарының, жарылысқа қарсы құрылғылардың, инженерлік-техникалық жабдықтардың қорғау қасиеттерін сақтау;

      13) объектіні герметикалау және гидрооқшаулау;

      14) қолданыстағы нормативтерге сәйкес өрт сөндірудің техникалық құралдарымен қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 214 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары инженерлік-техникалық және арнайы жабдығының мынадай элементтері:

      1) қорғалған дизельді электр станцияның желдету жүйелері;

      2) сіңіргіш сүзгілер;

      3) сүзгі алдындағы сүзгілер;

      4) ауаны көміртегі тотығынан тазартуға арналған сүзгілер;

      5) ауаны регенерациялау құралдары;

      6) гравиялық ауа салқындатқыштар;

      7) нәжістерді жинауға арналған авариялық резервуарлар пайдаланылмайды.

      Технологиялық саңылаулар, пайдаланылмайтын ауаны желдетуге пайдаланылмайтын ауа өткізгіштер, ауа жинағыш және ауа сорғыш тесіктер жабылады және герметикаланады, үй-жайларды жылыту жүйесі сөндіріледі.

      21. Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының үй-жайлары "Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары" ҚР ҚН 2.03-03-2014 және ҚР ҚҚ 2.04-101-2014 талаптарына сәйкес пайдаланылады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.05.2019 № 319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын қойма үй-жайлары, автомобиль тұрақтары, шеберханалар ретінде пайдаланған кезде үй-жайларды құрылыстың есептік сыйымдылығынан (сақтауда тұрған мүліктен босатпастан) паналаушылардың 50 %-ын қабылдауды қамтамасыз ететіндей жүктеуге жол беріледі. Паналайтын жер режиміне ауыстыру кезінде үй-жайларды мүліктен босату 12 сағаттан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. Мүлікті орналастыру және қоймаға сақтау техникалық үй-жайлар мен инженерлік-техникалық жабдықтарға үнемі еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуді ескере отырып жүзеге асырылады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.05.2019 № 319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Қорғану-герметикалық және герметикалық есiктер бейбiт уақытта тұғырларда ашық тұрады және жиналмалы жеңiл перделермен жабылады, кіру және авариялық шығу жолдарына заттарды үйіп қоюға болмайды.

      24. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының үй-жайларын ішкі әрлеу жанбайтын немесе жануы қиын материалдардан жасалады, ал қабырғаға, төбеге, қалқаларға сылақ негізінен ашық түстермен боялады.

      Фильтрлік желдеткіш камера үй-жайларында қабырғалар мен төбелер поливинилацетат бояуларымен боялады.

      25. Металл есіктер мен жақтаулар синтетикалық бояулармен боялады. Резеңке бөлшектерді, әзірлеуші зауыттың атауы және инженерлік-техникалық жабдықтың техникалық деректері бар тақталарды бояуға жол берілмейді.

      26. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын пайдалану үшін мынадай құжаттаманың:

      1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайы (паналайтын жер, радиацияға қарсы жасырын пана, азаматтық қорғаныстың мобильді қорғаныш құрылысы) паспортының;

      1-1) жылжымайтын мүлік объектісі кадастрлық паспортының;

      2) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысын тексеру журналының;

      3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша микроклиматтың және ауадағы газ құрамының көрсеткіштерін тіркеу журналының;

      4) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы жоспарының;

      5) объектіні әзірлікке келтіру жоспарының;

      6) жабдықтар, құрал-саймандар мен мүлік тізбесінің;

      7) басқару органдары телефондары тізімінің;

      8) қорғаныш құрылысына қызмет көрсету жөніндегі топтың жеке құрамы тізімінің;

      9) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін пайдалану схемасының (желдеткіш, сумен жабдықтау мен кәріз, қорғаныш құрылысын электрмен жабдықтау);

      10) дизельді электр станциясына, сүзгіш-желдету жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтың (бар болса) болуы қажет.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 214 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар жыл сайын азаматтық қорғаныс объектілеріне азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес кешенді тексеру жүргізеді.

      28. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын кешенді тексеру нәтижелері азаматтық қорғаныс объектісін тексеру журналына енгізіледі және азаматтық қорғау саласындағы аумақтық органға жіберіледі.

      29. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының жұмысы, паналаушылармен толтыру және оларды шығару, инженерлік-техникалық жабдықтарға қызмет көрсету мен пайдалану үшін 200 паналаушыға 5 адам есебінен азаматтық қорғаныстарды қорғаныш құрылысына қызмет көрсету жөніндегі топ құрылады.

      30. Бейбіт уақытта пайдаланылатын үй-жайларды азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы режиміне көшіруді объектінің азаматтық қорғаныс бастығы айқындаған мерзімде оның өкімі бойынша осы объектіге қызмет көрсететін топ жүзеге асырады.

      31. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы режиміне ауыстыру кезінде дизельді электр станциясын консервациядан шығару және сынақтық іске қосу жүргізіледі, авариялық жарық беру құралдары, сүзгі желдету жабдығы, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау мен сөндіретін құралдардың (сөндіру тұтқалары, шүмектер, бекіткіштер және басқалар), сондай-ақ қорғау-герметикалық және герметикалық есіктердің, клапандар мен жарылысқа қарсы құрылғылардың жарамдылығы тексеріледі. Анықталған ақаулықтар жойылады.

      Авариялық шығу жолдары әзірлікке келтіріледі, барлық бөгде заттар шығарылады.

      Бар (немесе қосымша орнатылатын) ыдыстарға (резервуарларға) су толтырылады.

      Дизельді электр станциялары үшін отын мен жанар-жағармай материалдарының қоры дайындалады.

      Байланыс және құлақтандыру құралдарының жұмысы, азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын пайдалану бойынша құжаттаманың болуы тексеріледі.

      32. Радиацияға қарсы жасырын паналарға арналған үй-жайларды ауыстыру кезiнде (қажет болса): ойықтарды (терезенiң, есiктiң және т.б.) таспен және басқа материалдармен бiтеу, қосымша перделер орнату, жақтауларымен қабысқан жерлерiнде есiктердi тығыздау жүргiзiледi.

      33. Азық-түлiк қоймалары жоқ азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарында сақталатын азық-түлiктiң орналастырылуы мен сақталуын, орауды, жинақтауды және азық-түлiктер берудi қамтамасыз ететiн орындар жабдықталады.

      34. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайларының үй-жайларының көрнектi жерлерінде жеке қорғану құралдарын пайдалану қағидалары, кiретiн және шығатын жерлерді, дизельдi электр станциясы мен сүзгiлік-желдеткiш үй-жайларды, санитариялық тораптардың, су тарату пункттерінің, санитариялық бекеттердің орналасқан орындарын нұсқағыштар iлiнедi. Өртке қарсы құралдар орнатылған жерлерге белгi қойылып, жарықтандырылады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 214 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      35. Қорғау-герметикалық және герметикалық есіктерді жабу объектінің азаматтық қорғаныс бастығының командасы бойынша немесе команданы күтпестен, азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарына қызмет көрсететін топ командирінің шешімі бойынша азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын белгіленген сыйымдылыққа дейін толтырғаннан кейін жүргізіледі.

      36. Инженерлік-техникалық жабдықтарды ұстау, пайдалану, ағымдағы және жоспарлы жөндеу оны пайдалану ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.

      37. Паналайтын жерлерді ауамен жабдықтау таза желдету (I режим) және сүзгіш-желдету режимi бойынша (ІІ-режим) сүзгiш-желдету жүйелерiмен және паналайтын жерлерді толық немесе ішінара оқшаулау (III режим) режимінің көмегімен жүзеге асырылады.

      38. Радиацияға қарсы жасырын паналарды ауамен жабдықтау механикалық қозғағышы бар табиғи желдеткiш есебiнен жүзеге асырылады.

      39. Бейбіт уақытта қырып-жою құралдары әсер еткенге дейiн паналайтын жерлер І режим бойынша ауамен жабдықталады, бұл ретте:

      1) таза желдету жүйесiнiң желдеткiш агрегаттары iске қосылады;

      2) таза желдету жүйелерiндегi ауа өткізгіштерге қойылған герметикалық қақпақтар мен басқа да герметизацияланатын қондырғылар ашылады;

      3) сүзгiш-сорғыштар мен ауаны тазартқыш сүзгiштерге дейiн және одан кейiн орнатылған герметикалық қақпақтар, сондай-ақ таза желдеткiштiң ауа өткізгіштері мен сүзгiш-желдеткiш аралығындағы жалғастырушы гермоқақпақ жабылады.

      40. Қырып-жою құралдарының әсерінен кейiн паналайтын жерлердің желдеткiш жүйелерi тоқтатылады, сыртқы ортамен байланыста тұрған барлық ауа өткізгіштер мен тесiктер бір сағат мерзімге дейін қайта жабылады. Бұл ретте паналайтын жерлерде қалқандар жасауға арналған III режимнiң арнаулы жүйелерi қосылмайды.

      Паналайтын жерлер сыртындағы жағдай анықталған соң қалыптасқан жағдайда талап етілетін желдету режимi белгіленеді.

      41. Химиялық және биологиялық құралдар әсер еткен кезде паналайтын жерлер II режимге көшiрiледi, бұл ретте:

      1) таза желдеткiш жүйелерiнiң ауа өткiзгiштерi мен жалғастырушы ауа өткiзгіштердiң герметикалық қақпақтары жабылады;

      2) сорғыш желдеткiштердi (егер олардың II режимдегі жұмысы ескерiлмесе немесе ғимарат герметикалық мәнiн жоғалтса) үзiп тасталады;

      3) II режимнiң қиыстырылған желдеткiштерi қосылады;

      4) сүзгiш-сорғыштарға дейiн және одан кейiн қойылған герметикалық қақпақтар ашылады.

      42. Жану өнімдерімен ауаның қауіпті газдалуы пайда болған және күштi әсер ететiн улы заттардың қауiптi шоғырлануы байқалған кезде паналайтын жерлер ІII режимге ауыстырылады.

      43. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын пайдаланған кезде ауа ортасы жай-күйінің мына параметрлерi сақталады:

      1) ауа температурасынның 0-ден +30оС дейiн, көмiртегі қос тотығының 3%-ға дейiн, оттегінің 17%-ға дейiн, көмiртегі тотығының 30 мг/м3 дейiн шоғырлануына жол беріледі және қосымша іс-шаралар жүргiзу талап етілмейдi;

      2) ауа температурасының +31-ден -33оС дейiн, көмiртегi қос тотығының 4%-ға дейiн, оттегiнiң 16%-ға дейiн, көмiртегі тотығының 50-70 мг/м3 дейiн шоғырлануы физикалық жүктемелерді шектеуді және паналаушыларға қадағалау жасауды күшейтудi талап етедi.

      44. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысында адамдардың одан әрi болуына қауiптi ауа ортасы жай-күйінің параметрлерi:

      1) ауа температурасы – 34 оС және жоғары;

      2) көмiртегi қос тотығының шоғырлануы – 5% және одан жоғары;

      3) ауадағы оттегi құрамы – 14% және одан төмен;

      4) көмiртегi тотығының құрамы – 100 мг/м3 және жоғары.

      Бір немесе бiрнеше факторларға жеткен кезде ауа ортасын жақсарту жөніндегі шаралар қабылданады немесе адамдарды азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарынан шығару мәселесi шешіледі.

      45. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын толтыру "Баршаның назарына!" құлақтандыру сигналы бойынша жүргiзiледi.

      45-1. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайларында паналаушылардың үздіксіз болу ұзақтығы 48 сағатты құрайды.

      Ескерту. 3-тарау 45-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 214 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      46. Қорғану-герметикалық және герметикалық есiктердi жабу объектiнiң азаматтық қорғаныс бастығының командасы бойынша немесе командасын күтпестен, құрылысқа қызмет көрсету жөнiндегі топ командирiнiң шешiмi бойынша азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын белгiленген сыйымдылыққа дейiн толтырғаннан кейiн жүргізiледi.

      47. Тамбур-шлюздер бар болса, толтыру қорғану-герметикалық есiктер жабылғаннан кейiн де жүргiзiледi. Бұл ретте тамбур-шлюздердiң сыртқы және iшкi қорғану-герметикалық есiктерiн кезекпен ашу және жабу арқылы азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарына қызмет көрсету жөнiндегі топ орындайтын шлюздеу әдісі қолданылады.

      48. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын толтыру кезiнде паналаушылардың бiр бөлiгi радиактивтi жауын-шашынның түсуi басталғанға дейiн құрылысқа кіруге үлгермесе, онда паналайтын жерге кiрер алдында киiмдерi мен аяқ киiмдерiне iшiнара дезактивациялау жүргiзедi, ал құрылысқа кiреберiсте үстiндегi киiмдерiн шешеді және оларды кiр киiмдердi сақтайтын үй-жайда қалдырады.

      49. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары артығымен толтырылған жағдайда, паналаушылар кiреберiстер мен тамбур-шлюзге де орналастырылады.

      50. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы толған кезде қызмет көрсету жөніндегі топ ауа ортасы жай-күйінің параметрлерін бақылауды және микроклимат пен ауадағы газ құрамының көрсеткіштерін журналға тіркеуді жүзеге асырады, ал паналайтын жерлерде ауаның келуі бақыланады.

      51. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарынан шығару мына:

      1) құрылыс ауданындағы радиациялық, химиялық және биологиялық жағдай нақтыланған соң;

      2) паналаушылардың құрылыста болуының белгiленген мерзiмi өткен соң, сондай-ақ қорғаныш құрылысына қызмет көрсету жөніндегі топ командирі айқындайтын кезектiлiк тәртiбiмен құрылысты мәжбүрлі тастап кету кезінде жүргізіледі.

      Ескерту. 51-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.03.2024 № 214 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      52. Паналаушыларды азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысынан мәжбүрлі шығару:

      1) паналаушылардың одан әрi болуына жол бермейтін құрылыс зақымданған;

      2) құрылысты су басқан;

      3) құрылыста өрт шыққан және онда зиянды газдардың қауiпті шоғырлануы пайда болған;

      4) микроклимат пен ауадағы газ құрамы шектi төзуге болатын параметрлерге жеткен кезде жүргізіледі.

      53. Паналаушылардың азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысынан мәжбүрлі шығу қажеттілігі ағза жай-күйінің жекелеген көрсеткіштерінің сыни шамаларына жеткен кезде пайда болуы мүмкін. Адамдардың азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысында одан әрi болуына:

      1) тыныш отырғанда жүрек қағысының жиілігі минутына 120 және одан да көп немесе 35-тен кем болуы;

      2) дене температурасының 38 оС және одан жоғары болуы қауіпті болып табылады. Егер осы құбылыстар паналаушылардың көпшiлiгiнде байқалса, онда азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысынан шығудың және онда болудың қауiптiлік дәрежесін бағалау қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады