Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі К. Мәсімов
жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының
Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді
және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан
Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы
туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын
ратификациялау туралы
2012 жылғы 7 қыркүйекте Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісім және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасы ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті