Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Нан бағасын тұрақтандыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 маусымдағы № 688 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2014 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 5517772371 (бес миллиард бес жүз он жеті миллион жеті жүз жетпіс екі мың үш жүз жетпіс бір) теңге сомасында қаражат бөлінсін, оның ішінде:
1) астық жеткізу шартын жасасу сәтіндегі нарықтық баға мен 28300 теңге мөлшеріндегі белгіленген баға арасындағы айырма ретінде, бірақ тоннасына 13700 теңгеден аспайтын астықтың 1 тоннасына төлеу мөлшері есебімен нан бағасын тұрақтандыру үшін осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес астықты қайта өңдеу ұйымдарының 2014 жылғы 14 ақпаннан бастап 329155 (үш жүз жиырма тоғыз мың жүз елу бес) тонна көлемінде бидай сатып алуға жұмсалған шығындарын өтеу үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде аудару үшін 4454080188 (төрт миллиард төрт жүз елу төрт миллион сексен мың жүз сексен сегіз) теңге сомасында қаражат;
2) нан бағасын тұрақтандыру үшін астықты қайта өңдеу ұйымдарына жөнелтуді ескере отырып, 2014 жылғы 1 қаңтар мен 1 шілде аралығындағы «Азық-түлік-келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 179887 (бір жүз жетпіс тоғыз мың сегіз жүз сексен жеті) тонна көлемінде астықтың мемлекеттік өткізу ресурстарын сақтау бойынша көрсетілетін қызметтеріне 89306100 (сексен тоғыз миллион үш жүз алты мың бір жүз) теңге сомасында қаражат;
3) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 2014 жылғы 14 ақпаннан бастап астықты қайта өңдеу (нан пісіру) ұйымдарының нан бағасын тұрақтандыру үшін өткізілген астықты (ұнды) тасымалдау жөніндегі шығындарын өтеу үшін Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарына ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде аудару үшін 974386083 (тоғыз жүз жетпіс төрт миллион үш жүз сексен алты мың сексен үш) теңге сомасында қаражат бөлінсін.»;
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1379 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 20 маусымдағы
№ 688 қаулысына
2-қосымша
Астықты қайта өңдеу (нан пісіру) ұйымдарының астық (ұн) сатып
алу жөніндегі шығындарын өтеуге арналған қаражат көлемі
Өңірлердің атауы |
Субсидиялауға жататын астықты сатып алу көлемі, тонна |
Бөлінетін қаражат көлемі, теңге |
1 |
2 |
3 |
Ақмола |
7 699 |
105 479 000 |
Ақтөбе |
16 783 |
229 926 552 |
Алматы |
54 246 |
743 168 800 |
Атырау |
10 342 |
141 681 290 |
Шығыс Қазақстан |
39 781 |
502 177 166 |
Жамбыл |
14 049 |
192 472 670 |
Батыс Қазақстан |
18 329 |
251 104 600 |
Қарағанды |
27 767 |
378 186 500 |
Қостанай |
13 362 |
183 053 920 |
Қызылорда |
13 896 |
190 379 300 |
Маңғыстау |
16 409 |
224 796 450 |
Павлодар |
19 493 |
267 047 250 |
Солтүстік Қазақстан |
2 821 |
28 370 800 |
Оңтүстік Қазақстан |
49 776 |
681 927 090 |
Астана қаласы |
0,0 |
0,0 |
Алматы қаласы |
24 402 |
334 308 800 |
Барлығы |
329 155 |
4 454 080 188 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1379 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 20 маусымдағы
№ 688 қаулысына
2-қосымша
Астықты қайта өңдеу (нан пісіру) ұйымдарының астық (ұн)
тасымалдау жөніндегі шығындарын өтеуге арналған қаражат көлемі
Өңірлердің атауы |
Тасымалданатын астық көлемі, тонна |
оның ішінде |
Бөлінетін қаражат көлемі, теңге |
|
мемлекеттік өткізу ресурстары |
коммерциялы қ ресурстар |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Алматы |
67 496 |
13 250 |
54 246 |
280 649 300 |
Жамбыл |
26 392 |
12 343 |
14 049 |
99 809 202 |
Қызылорда* |
22 625 |
8 729 |
13 896 |
98 408 600 |
Оңтүстік Қазақстан |
77 732 |
27 956 |
49 776 |
338 097 481 |
Алматы қаласы |
42 133 |
17 731 |
24 402 |
157 421 500 |
Барлығы |
236 378 |
80 009 |
156 369 |
974 386 083 |
Ескертпе: * ұнға қайта есептегендегі астық.