Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1543 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 80, 1054-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1543 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 444 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 32, 292-құжат).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов