"Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1435 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 643 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.10.2020 № 643 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 80, 1191-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы";

      2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 3-тармағына және 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) күдікті операцияны айқындау белгілері бекітілсін.";

      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беруінің бірыңғай тәртібін белгілейді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Электрондық тәсілмен берілетін ақпаратты қызметінің ерекше түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, Заңның 3-бабы 1-тармағының 1)5) және 10) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi уәкілетті органға XML пішімінде "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының электрондық байланыс арналары арқылы жібереді. Электрондық тәсілмен берілетін ақпаратты Заңның 3-бабы 1-тармағының 6)9), 11), 12)тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi, сондай-ақ қызметінің ерекше түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар уәкілетті органға XML пішімінде "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының электрондық байланыс арналарын немесе уәкілетті органның веб-порталын пайдалану арқылы жібереді.

      Электрондық тәсілмен берілетін ақпараттың XML пішімін уәкілетті орган бекітеді.";

      мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:

      "11. Қаржы мониторингі субъектісі бұрын ұсынған қаржы мониторингіне жататын операциялар, оның ішінде күдікті операциялар туралы қажетті ақпаратты алу мақсатында уәкілетті орган қаржы мониторингінің субъектісіне осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес электрондық немесе қағаз тасығыштарда қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сұрау салу жібереді.

      Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша сұратылған қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға Заңның 10-бабы 3-1-тармағында белгіленген мерзімде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидалардың 3-5-тармақтарында айқындалған тәртіппен жібереді.

      Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органнан электрондық тәсілмен қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сұрау салуды алған кезде уәкілетті органға осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хабарлама жібереді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

      Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың нысанында (бұдан әрі – ҚМ-1 нысаны):

      реттік нөмірі 1-жолдың 1.5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.5

Хабарлама беру үшін негіздеме (керегінің астын сызу керек)*

1. Шекті сомаға тең немесе одан асады

2. Күдікті операция

3. Күдікті операция жүргізуге ұмтылыс

4. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесімен сәйкес келуі:

4.1. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

4.2. Банк шотын пайдаланбай төлемдер мен аударымдар бойынша нұсқауларды орындауды тоқтата тұру

4.3. Бағалы қағаздарды оқшаулау

4.4. Өзге операциялар жүргізуден бас тарту

5. Іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту

6. Операция жүргізуден бас тарту

7. Іскерлік қатынастарды тоқтату


      ";

      реттік нөмірі 2-жолдың 2.3-тармағы алып тасталсын;

      реттік нөмірі 4-жолдың 4.7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.7

Операцияға қатысушының банкі*

1.1. Филиалдың орналасқан жері:

1.2. Банктің атауы:

1.2.1. ААЖ атауы:

1.3. Банктің/филиалдың коды:

1.4. Қатысушы шотының нөмірі:

1.5. Операцияға қатысушылардың корреспонденттік шоттары туралы мәліметтер:

1.5.1. Банктің орналасқан жері:

1.5.2. Банктің атауы:


      ";

      реттік нөмірі 4-жолдың 4.11-тармағы алып тасталсын;

      ҚМ-1 нысанын толтыру бойынша түсініктемеде:

      "ҚМ-1 нысаны туралы мәліметтер" деген 1-бөлімде:

      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тоқтатып қойылған" - егер қаржы мониторингі субъектісінде операция күдікті операцияларды айқындау белгілеріне сәйкес келеді деп ұйғаруға негіз туындаған кезде қаржы мониторингі субъектісі жүргізіліп жатқан операцияны тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған жағдайда көрсетіледі";

      он сегізінші және он тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шекті сомаға тең немесе одан асады" - егер "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағына сәйкес операцияның сомасы шекті сомаға тең немесе одан асқан жағдайда көрсетіледі".

      "2. Күдікті операция" - егер қаржы мониторингі субъектісінде оны жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге мүлік қылмыстық әрекеттен түскен табыс болып табылады не операцияның өзі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді не өзге қылмыстық әрекетті қаржыландыруға бағытталған деген күдік туындаған жағдайда көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

      "3. Күдікті операцияны жүргізуге ұмтылыс" – егер клиент операция жасауға ұмтылыс жасаған, қаржы мониторингі субъектісінде оны жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге мүлік қылмыстық әрекеттен түскен табыс болып табылады не операцияның өзі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді не өзге қылмыстық әрекетті қаржыландыруға бағытталған деген күдік туындаған жағдайда көрсетіледі. Осы деректеменің 3-тармағы көсертілген жағдайда, ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелер толтыруға міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3-жолдар, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14. Бұл ретте 4.2-деректемеде "2. Болып табылады" деген мән көрсетілген кезде мынадай деректемелерді толтыру міндетті болып табылады: 4.7 (1.4-жол), 4.13, жеке тұлғалар үшін: 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18.

      "4. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесімен сәйкес келуі" - егер операцияға қатысушы тұлға немесе ұйым терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде тұрған жағдайда көрсетіледі, мұнда:

      "4.1. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру" - осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның банк шоттары бойынша, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрған жағдайда көрсетіледі. Осы тармақ таңдалған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3, 1.4-жолдар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18.

      "4.2. Банк шотын пайдаланбай төлемдер мен аударымдар бойынша нұсқауларды орындауды тоқтата тұру" - осындай жеке тұлғаның банк шотын пайдаланбай ақша төлемі немесе аударымы бойынша нұсқауларды, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің нұсқауларын орындау тоқтатыла тұрған жағдайда көрсетіледі. Осы тармақ таңдалған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3-жолдар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18.

      "4.3. Бағалы қағаздарды оқшаулау" - егер ұйым немесе жеке тұлға терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жағдайда көрсетіледі. Бұл ретте бағалы қағаздарды ұстаушылар тіркелімдерінің жүйесіндегі және осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның жеке шоттарында, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің жеке шоттарында номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздар оқшауланады. Осы тармақ таңдалған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректермелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18.

      "4.4. Өзге операциялар жүргізуден бас тарту" - осындай ұйым немесе жеке тұлға не олардың пайдасына, сол сияқты осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиент не оның пайдасына жасайтын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операциялар жүргізуден бас тартылған жағдайда көрсетіледі. Осы тармақ таңдалған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректермелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3, 1.4-жолдар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18.

      "5. Іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту" - Заңның 5-бабы

      3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда көрсетіледі. Осы тармақ таңдалған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3-жолдар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18.

      "6. Операция жүргізуден бас тарту" - Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда көрсетіледі. Осы тармақ таңдалған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3-жолдар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18.

      "7. Іскерлік қатынастарды тоқтату" - Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланыланады деген күдік туындаған жағдайда көрсетіледі. Осы тармақ таңдалған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3, 1.4-жолдар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18.";

      "ҚМ-1 нысанын жіберген қаржы мониторингі субъектісі туралы мәліметтер" деген 2-бөлімде:

      бесінші абзац алып тасталсын;

      "Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпарат" деген 3-бөлімде:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "0623, 0624, 0633, 0634 кодтар көрсетілген және оффшорлық аймақта (аймақтан) операция жүргізілген жағдайларда 4.7 "Операция қатысушысының банкі" деген деректеменің "Банктің/филиалдың орналасқан елі" деген 4-тармағы "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығына сәйкес толтырылады.";

      он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.10 "Күдікті операциялар белгілерінің коды" деген деректемеде осы қаулымен бекітілген қаржылық операцияның күдіктілік белгілері анықтамалығына сәйкес қаржылық операцияның негізгі күдіктілік белгісінің цифрлық коды көрсетіледі. 1.5-деректемесінің 2-тармағы көрсетілген жағдайда деректемені толтыру міндетті.

      3.11 "Операцияның күдіктілік белгісінің 1-ші қосымша коды" деген деректемеде осы қаулымен бекітілген қаржылық операцияның күдіктілік белгілері анықтамалығына сәйкес қаржылық операцияның бірінші қосымша күдіктілік белгісінің цифрлық коды көрсетіледі. Деректеме ішкі бақылау шараларын іске асыру нәтижесіндегі күдікті қаржылық операциялардың қосымша белгісі анықталған жағдайда толтырылады.

      3.12 "Операцияның күдіктілік белгісінің 2-ші қосымша коды" деген деректемеде осы қаулымен бекітілген қаржылық операцияның күдіктілік белгілері анықтамалығына сәйкес қаржылық операцияның екінші қосымша күдіктілік белгісінің цифрлық коды көрсетіледі. Деректеме ішкі бақылау шараларын іске асыру нәтижесіндегі күдікті қаржылық операциялардың қосымша белгісі анықталған жағдайда толтырылады.";

      он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.14 "Операция жөнінде қосымша ақпарат" деген деректемеде 3-бөлімнің деректемелерінде толтыруға жататын ақпаратты қоспағанда, ішкі бақылау шараларын іске асыру кезінде оған қатысты, оның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылғаны туралы күдік туындаған операциялар жөніндегі ақпарат көрсетіледі.";

      "Қаржы мониторингіне жататын операцияларға қатысушылар туралы мәліметтер" деген 4-бөлімде:

      он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.1 Филиалдың орналасқан жері" – банк Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан жағдайда 4.4-деректемеде көрсетілген анықтамалыққа сәйкес ел көрсетіледі. Филиал Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жағдайда операцияның басталған/аяқталған жерінің елді мекені көрсетіледі;";

      он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.3 Банктің/филиалдың коды" – мысалы, резиденттер үшін және SWIFT BIC (немесе non-SWIFT BIC) резидент еместер және басқалар үшін БСК көрсетіледі. Операция банк филиалында өткізілген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 236 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген филиалдың коды көрсетіледі;";

      отыз үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.1 Атауы:" – құрылтай құжаттарына сәйкес операцияға қатысушының құрылтайшысы заңды тұлға болған жағдайда, операцияға қатысушы құрылтайшының атауы тырнақшасыз көрсетіледі. Егер операцияға қатысушының құрылтайшысы жеке тұлға немесе дара кәсіпкер болса, онда мына тармақтар толтырылады:";

      қырық төртінші абзац алып тасталсын;

      қырық алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.13 "ЖСН/БСН" деген деректемеде операцияға қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе резидент емес заңды тұлға шет мемлекетте тіркелген нөмір көрсетіледі.

      4.2-деректемесінде 2-тармақ көрсетілген жағдайда, деректемені толтыру міндетті. (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес резидент емес жеке тұлғаға жеке тұлғаның бірыңғай нөмірі берілмеген кездерді қоспағанда).

      4.15-деректемеде жеке басты куәландыратын құжат ретінде "Шетел мемлекеті азаматының паспорты" таңдалған кезде 4.13-деректемені толтыру талап етілмейді.";

      алпыс екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.25 "Операцияға қатысушы туралы қосымша ақпарат" деген деректемеде 4-бөлімнің деректемелердінде толтыруға жататын ақпаратты қоспағанда, ішкі бақылау шараларын іске асыру кезінде оған қатысты, оның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді қаржыландыруға қатысы туралы күдік туындаған операция қатысушысына қосымша ақпарат көрсетіледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

      қаржы мониторингі субъектілерінің түрлері кодтарының анықтамалығында:

      мына:

      "

081

Аудиторлық ұйымдар


      "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

082

Бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлер


      ";

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "

110

Микроқаржы ұйымдары

120

Банктер болып табылмайтын электрондық ақша жүйелерінің операторлары


      ";

      көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшада:

      қаржы мониторингіне жататын операциялардың түрлері кодтарының анықтамалығында:

      мына:

      "

0211

Айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатып алу

0221

Айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сату


      "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

0211

Клиенттің айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатып алуы

0221

Клиентке айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сату


      ";

      мына:

      "

0231

Айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын айырбастау


      "

      деген жол алып тасталсын;

      мына:

      "

0611

Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына есептеуі

0612

Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына есептеуі

0613

Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына есептеуі

0614

Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына есептеуі

0621

Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына аударуы

0622

Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына аударуы


      "

      деген жолдар алып тасталсын;

      мына:

      "

0623

Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына аударуы

0624

Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына аударуы


      "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

0623

Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке немесе заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына есептеуі

0624

Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке немесе заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына есептеуі


      ";

      мына:

      "

0631

Оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке тұлғалардың пайдасына клиенттің ақша аударуы

0632

Оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке тұлғалардың пайдасына клиенттің ақша аударуы


      "

      деген жолдар алып тасталсын;

      мына:

      "

0633

Оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар заңды тұлғалардың пайдасына клиенттiң ақша аударуы

0634

Оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар заңды тұлғалардың пайдасына клиенттің ақша аударуы


      "

      деген жолдар мынадай редакция жазылсын:

      "

0633

Оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке немесе заңды тұлғалардың пайдасына клиенттің ақша аударуы

0634

Оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке немесе заңды тұлғалардың пайдасына клиенттің ақша аударуы


      ";

      мына:

      "

2011

Заңның 4-бабының 2-тармағында көрсетілген операцияларды қоспағанда, қаржы мониторингіне жататын операция


      "

      деген жол алып тасталсын;

      көрсетілген Қағидалар осы қаулыға 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес 7, 8, 9-қосымшалармен толықтырылсын;

      4) көрсетілген қаулымен бекітілген күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілері осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың екінші, үшінші, алтыншы, жетінші, он үшінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, жүз он бесінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.11.2016 № 717 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


      Қазақстан Республикасы

      Үкіметінің

      2014 жылғы 31 желтоқсандағы

      № 1435 қаулысына

      1-қосымша

      Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы

      мониторингіне жататын операциялар туралы

      мәліметтермен ақпарат беру қағидаларына

      2-қосымша

      Нысан

ҚМ-1 нысанының қабылданғаны (қабылданбағаны) туралы хабарлама

      ____________________________________________________________________

      (уәкілетті орган)

      ____________________________________________________________________

      (қаржы мониторингі субъектісінің атауы)

      _____ № __ ҚМ-1 нысаны ___________________________ туралы хабарлайды.

      (қабылданғаны/қабылданбағаны)

      Қабылданбау себебі (ҚМ-1 нысаны қабылданбаған жағдайда ғана көрсетіледі)

      ____________________________________________________________________.

      Осыған байланысты

      ____________________________________________________________________:

      (қаржы мониторингі субъектісінің атауы)

      1. Бұрмаланған түрде немесе толық емес көлемде ұсынылған ақпаратты

      ____________________________ жіберу себептерін жоюы.

      (уәкілетті орган)

      2. Осы хабарламаны __________________________________________________

      (қаржы мониторингінің субъектісі)

      алған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде қаржы мониторингіне жататын

      операциялар туралы ____________________________________ қабылданбаған

      (уәкілетті орган)

      хабарламаны түзетуі және осы Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы

      мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру

      қағидаларының ережелеріне сәйкес оны қайтадан ұсынуы қажет.

      __________________________ ____________ ____________________________

      (уәкілетті органның (қолы) (қолдың толық жазылуы)

      уәкілетті адамының Т.А.Ә.)

      ҚМ-1 нысанының қабылданған

      (қабылданбаған) күні мен уақыты:

      _______________________________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1435 қаулысына
2-қосымша
  Қаржы мониторингі субъектілерінің
қаржы мониторингіне жататын операциялар
туралы мәліметтер мен ақпарат беру
қағидаларына 7-қосымша

      Нысан

Қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша қажетті
ақпарат, мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға сұрау салу

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға)

      және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28

      тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 1-тармағының 1)

      тармақшасына және 10-бабының 3-1-тармағына сәйкес

      _____________________________________________________________________

      (уәкілетті орган)

      клиенттердің операциялары және клиенттердің бенефициарлық

      меншік иелері туралы мынадай ақпаратты беруді сұрайды:

      1. _____________________;

      2. _____________________.

      _______________________________ ____________ ______________________

      (уәкілетті органның уәкілетті (қолы) (қолдың толық жазылуы)

      адамының Т.А.Ә.)

      Байланыс телефоны _________________

      Сұрау салудың жіберілген

      күні мен уақыты:

      ________________________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1435 қаулысына
3-қосымша
  Қаржы мониторингі субъектілерінің
қаржы мониторингіне жататын операциялар
туралы мәліметтер мен ақпарат беру
қағидаларына 8-қосымша

      Нысан

Қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша қажетті
ақпарат, мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға сұрау салуға жауап

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға)

      және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28

      тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабы 1-тармағының 1)

      тармақшасына және 10-бабының 3-1-тармағына сәйкес

      _____________________________________________________________________

      (қаржы мониторингі субъектінің аты)

      __________ № ______ сұрау салуға мынадай ақпаратты жібереді:

      1. _______________;

      2. _______________.

      Қосымша _____ парақта.

      _______________________________ __________ ________________________

      (қаржы мониторингі субъектісінің (қолы) (қолдың толық жазылуы)

      жауапты адамының Т.А.Ә.)

      Байланыс телефоны:

      _________________

      Жауаптың жіберілген күні мен уақыты:

      ________________________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1435 қаулысына
4-қосымша
  Қаржы мониторингі субъектілерінің
қаржы мониторингіне жататын операциялар
туралы мәліметтер мен ақпарат беру
қағидаларына 9-қосымша

      Нысан

Қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша қажетті
ақпарат, мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға сұрау салудың
қабылданғаны туралы хабарлама

      _____________________________________________________________________

      (қаржы мониторингі субъектісінің атауы)

      _____________________________________________________________________

      (уәкілетті орган)

      ________ № ____ қаржы мониторингіне жататын операция бойынша қажетті

      ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сұрау салудың

      қабылданғаны туралы хабарлайды.

      _______________________________ ____________ ______________________

      (қаржы мониторингі субъектісінің (қолы) (қолдың толық жазылуы)

      жауапты адамының Т.А.Ә.)

      Сұрау салудың қабылданған күні мен уақыты:

      __________________________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1435 қаулысына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 23 қарашадағы
№ 1484 қаулысымен
бекітілген

Күдікті операцияны айқындау белгілері

Р/с

Код №

Күдікті операцияны айқындау белгілері



1. Жалпы

1.

1009

Жақын туыстық немесе жекжаттық, асыраушылық, қамқоршылық және қорғаншылық қатынастарда болмаған үшінші тұлғаның пайдасына мүлік немесе өзге де материалдық құндылықтар сатып алу

2.

1012

Клиенттің (клиенттің өкілінің) қызмет көрсетудің (комиссиялар, сыйақы және т.б.) тиімді шарттарын елемеуі, сондай-ақ клиенттің (клиенттің өкілінің) қаржы мониторингі субъектісінің көрсеткен қызметі үшін әдеттегіден жоғары комиссия (сыйақы) ұсынуы

3.

1013

Осы ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымның қызметі сипатына мәміленің сай келмеуі

4.

1018

Клиенттің жоғары тәуекелді қаржылық операцияларды жүйелі жүргізуі, олардың нәтижесі клиенттің тұрақты табысы немесе тұрақты шығыны болып табылады

5.

1034

Коммерциялық емес ұйымдардың қатысуымен, оның ішінде қайырымдылық қызметімен және (немесе) өзге де қайырмалдықтармен байланысты операция

6.

1035

Клиент ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлейтін топтың (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) не осы топтың ұсынымдарын орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) тұлғалардың қатысуымен, сондай-ақ осы мемлекетте (аумақта) тіркелген банктегі шотты пайдалана отырып, жүйелі түрде операциялар жасайды

7.

1036

Қаржы мониторингі субъектісі лауазымды адамдарының тәжірибелері мен білімдеріне сәйкес олар күдікті деп таныған операциялар

8.

2001

Жоғалған не ұрланған жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша, жалған құжат бойынша операция жүргізуге әрекеттену не жүргізу

9.

2003

Клиенттің (клиенттің өкілінің) дұрыстығы күмән туғызатын және тексеру мүмкін емес мәліметтерді, оның ішінде бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді ұсынуы, сонымен қатар клиент көрсеткен мекенжай мен телефондар бойынша хабарласудың мүмкін еместігі

10.

2005

Клиенттің (клиенттің өкілінің) операциялар жасаудағы негізсіз асығуы және (немесе) өткізілетін операцияларға қатысты құпиялылық мәселелерімен клиенттің орынсыз дегбірсізденуі

11.

2007

Клиенттің үшінші тұлғаның және/немесе операцияға қатысатын тұлғалардың басшылығымен операция жүргізуі

12.

2009

Клиенттің сомасы жеке алғанда қаржы мониторингіне жататын операция сомасынан аспайтын осыған ұқсас операцияларды бірнеше рет жүргізуі, бірақ қосу нәтижесінде белгілеген сомадан асатын болады (клиенттің қызметі міндетті немесе ерікті төлемдер, тұрғындарға қызмет көрсетумен байланыссыз болған жағдайда)

13.

2014

Осы қызмет оның кәсіптік қызмет шеңберіне кірмейтін жағдайларды қоспағанда, қымбат металдар мен асыл тастарды, зергерлік бұйымдарды, қымбат металдар сынығын жаппай сатып алу-сату

14.

2015

Операция жасау кезінде анық жалған ақпарат ұсынуының салдарынан клиенттің толқып тұрғаны байқалады

15.

2016

Клиент не клиенттер тобы қаржы мониторингі субъектісінің қызметкерлеріне олардың уәкілетті органға хабарлама жіберу не қажетті ақпаратты тіркеуі бойынша міндеттемелерін орындамау мақсатында, оның ішінде сыйақы беруге ұсыныс жасау жолымен ықпал жасауды жүзеге асырады

16.

3001

Терроризмді қаржыландыру тәуекелі жоғары елге (елден) ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операция жасау

17.

3002

Мәмілеге қатысатын коммерциялық емес ұйымдардың қатысуын қоспағанда, қайырымдылық қызметімен және (немесе) өзге де қайырмалдықпен байланысты ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасау

18.

3003

Діни бағыттағы коммерциялық емес ұйымдардың қатысуымен ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операция жасау

19.

3004

Клиенттің осы операция(операциялар) терроризмді және (немесе) экстремизмді қаржыландыруға бағытталған деуге негіз туындаған операцияны (операцияларды) жасауға әрекеттенуі не жасауы

20.

6003

Тіркеу мекенжайы тіркеу орнымен, сондай-ақ терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген немесе алынып тасталған тұлғалар мен ұйымдардың орналасқан жерімен сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен операциялар

21.

7002

Химиялық, биологиялық және ядролық қаруға және олардың құрауышына жататын заттарды, егер бұл клиенттің қызметіне жатпаса, сатып алу-сатуға, тасымалдауға, дайындауға, сақтауға және сатып өткізуге байланысты ақшамен және өзге де мүлікпен жасалатын операциялар

22.

7003

Егер бұл клиенттің қызметіне жатпаса, әскери мақсаттағы заттарды, дәрі-дәрмекті сатып алуға-сатуға байланысты ақшамен және өзге де мүлікпен жасалатын операциялар

23.

7004

Егер бұл клиенттің қызметіне жатпаса, дәрілік препараттарды ғана емес, сонымен қатар улы және күшті әсер ететін басқа да синтетикалық және табиғи заттарды өзіне қамтитын, сатып алуға-сатуға байланысты ақшамен және өзге де мүлікпен операциялар

24.

7006

Қаржы мониторингі субъектісінің ішкі рәсімдеріне сәйкес олардың қызметі, операциялары не оларды жасау әрекеттері күдікті деп танылған клиенттер



2. Ақша төлемдері мен аударымдары бойынша қызметтер көрсету кезінде

25.

1010

Өзінің шаруашылық қызметінің негізгі сипатына және оның нақты қажеттіліктеріне сәйкес келмейтін тұлғалардың тауарлар мен қызметтер үшін ақша төлемдері немесе түсімдері

26.

1011

720 күннен асатын экспорт немесе импорт шарттары бойынша резиденттің репатриация мерзімін көрсетуі (Қазақстан Республикасының аумағындағы құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау және/немесе қызмет көрсетуді көздейтін шарттарын қоспағанда)

27.

1016

Мынадай: мәселен, білікті персоналдың, жабдықтың, айналым қаражатының және материалдық қорлардың болмауының объективті себептеріне байланысты төлеуші және (немесе) алушы көрсете алмайтын қызметтер үшін түсімдер және (немесе) төлемдер

28.

1017

Қалыптасқан іскер тәжірибеден өзгеше есеп айырысулар жүргізу тәртібімен стандартты емес немесе әдеттегідей емес күрделі нұсқаулықтардың болуы

29.

1023

Мәні бойынша сомалары бірдей және/немесе ұқсас ақшаны кейіннен қайта аудара отырып, клиенттің басқа банктегі (банктердегі) шотына (шоттарына) ақша қаражатын аудару бойынша ағымдағы шоттынан тұрақты түрде жүргізілетін ақша аударымдары

30.

1026

Клиенттің оның ішінде резидент еместердің қатысуымен әдеттен тыс жоғары сыйақы мөлшерімен қарыз беруімен (алуымен) байланысты ақша төлемдері мен аударымдары

31.

1027

Клиенттің тауарларды (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету және т.б.) жеткізу шарты бойынша бұрын алынған авансты қайтару жөнінде ақша төлемдері мен аударымдарын тұрақты негізде жүзеге асыруы

32.

1028

Әдеттегі іскерлік тәжірибеден қомақты түрде өзгешелігі бар мөлшерде мәміле затын төлеуге байланысты емес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеумен байланысты төлемдер

33.

1029

Маркетингтік, консультациялық немесе зерттеу қызметтерін көрсету бойынша мәмілелер шеңберінде клиенттің тұрақты ақша аударуы (алуы)

34.

2012

Төлем жасалған немесе қарыз аударылған бастапқы шоттан басқа шотқа бұзылған мәміле немесе қарыз шарты бойынша клиенттің соманы қайтаруды жүзеге асыру ұсынысы

35.

5001

Операция бойынша алушы-резидент емеспен шарт бойынша алушы-резидент еместің атауының/Т.А.Ә. сәйкес келмеуі

36.

5002

Шарт (шарттар) бойынша тарап болып табылмайтын резидент еместің пайдасына тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) импортына шарт (шарттар) бойынша ақша төлемдері мен аударымдары

37.

5004

Сыртқы экономикалық қызмет немесе осыған ұқсас мәмілелерге қолданылатын осындай мәмілелерді және/немесе халықаралық ережелерді жүзеге асыру жөніндегі сыртқы экономикалық қызметтің жалпы қабылданған тәжірибесінен оның орындалу тәртібі бойынша шарттың негізгі талаптарының маңызды айырмашылығы

38.

7001

Қаржы саласындағы қызметті және (немесе) қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензиясы клиентте болмаған кезде жеке тұлғалардан ақша және (немесе) өзге де мүлік тартумен байланысты төлемдер мен аударымдар

39.

7007

Кеден одағының кеден аумағына тауардың нақты келіп түсуін көздемейтін не Кеден одағының аумағы бойынша тауарды алып өтуді көздемейтін тауарлар импортының шарты бойынша Кеден одағына кірмейтін мемлекеттер резиденттерінің пайдасына ақша төлемдері мен аударымдары

40.

7008

Олар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында жасалды деп ұйғаруға негіз туындауға қатысты банктік шот ашпай-ақ шет елге жүйелі ақша аударымдары

41.

7009

Валюта шартын ұсынбастан жүзеге асырылатын валюталық операциялар бойынша жүйелі ақша төлемдері мен аударымдары

42.

7011

Интернет-сауда саласындағы клиенттің қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда, клиенттің пайдасына ірі мөлшерде электрондық ақшаны пайдалана отырып төлемдер түсімі не бірнеше рет электрондық ақша төлемдерінің түсімі

43.

7012

Клиенттің пайдасына электрондық ақша сәйкестендірілмеген иелерінен электрондық ақшаны төлемдердің жиі түсуі (салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеу бойынша, коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері, телерадиохабар қызметтері бойынша төлемдерді қоспағанда)



3. Банктік қызмет көрсету кезінде

44.

1019

Егер клиенттің негізгі қызметі әдетте қолма-қол ақшасыз нысанда есеп айырысу болып табылса, заңды тұлға-клиенттің шотына түсіп отыратын қолма-қол ақша үлесінің айтарлықтай ұлғаюы

45.

1025

Егер қолда бар ақпарат кредиттік қарыздың қаржыландыру көзін анықтауға мүмкіндік бермесе, клиенттің кредитті мерзімінен бұрын өтеуі

46.

2006

Жеке қатысуды талап ететін жағдайларда клиенттің алынып тасталған терминалмен ғана дербес жұмыс істеуді табанды талап етуі

47.

2013

Айырбастау операцияларын жүргізу кезінде зақымданған және/немесе ұсқынсыз банкноталарды жиі ұсыну

48.

4003

Есептелгеннен кейін қысқа уақыт ішінде банктік шоттан ақшаның барлық не қомақты бөлігін алу немесе аудару

49.

4005

Қызметтердің және (немесе) тауарлардың әрқилы түрлерінің кең спектрін көрсеткені үшін алынған ақшаның бүкіл не қомақты бөлігін банк шотынан алу немесе аудару

50.

4006

Клиенттің бұрынғы атына немесе отбасы мүшелеріне (сол әрекет заңды тұлғаларға да) кейіннен жаңа шоттар аша отырып, шоттарды жабу

51.

4008

Сол бір адамның не адамдар тобының ақшаны банктік шоттан (шоттардан) жүйелі түрде алуы

52.

4009

Банктік шоттан ақшаны жүйелі түрде алуды жүзеге асыратын сыртқы келбеті ұсқынсыз (тұрғылықты жері жоқ адамның белгілері, нашақорлық және маскүнемдік белгілері) тұлға

53.

4012

Кейіннен қолма-қол ақша нысанында алу не бір шотқа салымдар (депозиттер) мерзімі аяқталғаннан кейін сома есептеу және (немесе) кейіннен басқа банкке аудару аз уақыт кезеңі ішінде бір клиенттің атына соманың шекті мәнінен аспайтын сомаға жедел депозиттік шоттардың бірнешеуін ашу

54.

4013

Үшінші тұлғадан клиенттің банктік шотына кейіннен осы ақшаны клиенттің алуымен не бір операциялық күн ішінде немесе одан кейінгі күні клиенттің немесе үшінші тұлғаның банктік шотына бүкіл немесе қомақты аудара отырып тұрақты қолма-қол ақша есептеу

55.

7013

Клиенттің және мұндай тұлғалардың қызметі арасында анық байланыс болмаған жағдайда үшінші тұлғаның пайдасына ашылатын (ашылған) депозиттерге клиенттің тұрақты қолма-қол ақша есептеуі

56.

7015

Делдалдың немесе дилердің атына ашылған банктік шотқа, оның ішінде делдал немесе дилер олардың клиентіне тиесілі ақшаны есепке алу және сақтау үшін ашқан банктік шотқа қолма-қол ақша салу

57.

7016

Сақтандыру агенті ретінде қызметін жүзеге асыратын тұлғаның атына ашылған банктік шотқа қолма-қол ақша салу

58.

7017

Сақтандыру агентінің өз банктік шотына жүйелі түрде қолма-қол ақша салуы

59.

7018

Қолма-қол ақша қабылдауға арналған жабдықтың (құрылғының) көмегімен жүзеге асырылатын клиенттің шотына ақшаның жүйелі түрде түсуі

60.

7019

Клиенттің қызметі қымбат металдарды немесе асыл тастарды өңдеумен байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттің кредит бойынша қамтамасыз ету ретінде қымбат металдар мен асыл тастарды бірнеше рет ұсынуы

61.

7023

Клиенттің қызметтік сипатымен байланысты емес алдын ала төленіп қойылған төлем карточкаларының үлкен көлемін сатып алуы

62.

7031

Алты айдан астам мерзім ішінде операциялар жүргізілмеген клиенттің шотына кейіннен клиенттің қолма-қол нысанда ақша қаражатын алуымен ақша қаражатын есептеуі



4. Бағалы қағаздар, зейнетақы қорлары нарығында қызмет көрсету кезінде

63.

1003

Клиенттің не оның нұсқауы бойынша нәтижесінде бұл бағалы қағаздардың (қаржы құралдарының) иеленушілері өзгермейтін бағалы қағаздармен (қаржы құралдарымен) мәмілелер жасалуы

64.

1004

Осыған ұқсас мәмілелер бойынша ағымдағы нарықтық бағадан едәуір ауытқитын бағалар бойынша жасалатын бағалы қағаздарды сатып алу және сату жөніндегі мәмілелер

65.

1005

Осыған ұқсас мәмілелер бойынша ағымдағы нарықтық бағадан едәуір ауытқитын бағалар бойынша бағалы қағаздардың ұйымдасқан және/немесе ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды сатып алу (сату) туралы екі немесе бірнеше сауда-саттыққа қатысушылардың немесе олардың өкілдерінің келісімі

66.

1006

Инвесторларды жария орналастырылатын және/немесе жария айналымдағы бағалы қағаздарды сатуға немесе сатып алуға итермелеу мақсатында жалған немесе дәйексіз ақпарат тарату

67.

1007

Клиенттің бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы болып табылмайтын және (немесе) бағалы қағаздар клиент алдында контрагенттің қарызын өтеуге клиентке берілмеген жағдайда бағалы қағаздар мен қаржылық қызметтердің ұйымдасқан нарығында айналыста болатын бағалы қағаздардың көп мөлшерін біржолғы сатуы (сатып алуы)

68.

1008

Сатып алу, көрсетілген бағалы қағаздарды іске асырудан түскен ақша бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында айналыста болатын өтімділігі жоғары бағалы қағаздарды сатып алуға бағытталған жағдайда ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығында айналыста болмайтын және баға белгіленбеген бағалы қағаздарды кейіннен сата отырып сатып алу бойынша тұрақты қаржы операциялары (тәртіпті бағалы қағаздар нарығында айналысатын бағалы қағаздарды сатып алуға арналған өтінім қанағаттандырылған сәтте анықталады)

69.

7032

Қаржы мониторингі субъектісімен өзара қарым-қатынаста айтарлықтай тарихы бар клиент күтпеген жерден активтерінен құтылады және (немесе) активтерін шетелге ауыстыру мақсатында шоттарын жабады

70.

7033

Бағалы қағаздарды (қаржы құралдарын) жоғары бағамен сатып алу және оларды кейіннен қомақты залалға жеткізетіндей сату

71.

7034

Листингтік емес бағалы қағаздарды қысқа уақыт мерзімі ішінде жүзеге асырылған үлкен баға айырмашылығымен сатып алу және сату

72.

7035

Клиенттің не оның нұсқауы бойынша нәтижесінде бұл бағалы қағаздардың (қаржы құралдарының) бенефициарлық меншік иесі өзгермейтін бағалы қағаздармен (қаржы құралдарымен) мәмілелер жасау

73.

7036

Түрлі адамдардан зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарының түсуі

74.

7037

Шетелдіктің не азаматтығы жоқ не шарт жасаған кезде шекті жасқа жеткен немесе соған жақындаған адамның атына жеке зейнетақы шотын аша отырып оған кейіннен ерікті зейнетақы жарналары түрінде едәуір сома аудару



5. Сақтандыру саласында қызмет көрсету кезінде

75.

1020

Өмірді жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандырылушыны және пайда алушыны ауыстыру жөнінде операциялар жасау

76.

1021

Клиент оның денсаулығы жағдайы мен жас шамасын ескере отырып, сақтандыру шартының қолайсыз талабын қабылдайды

77.

7026

Клиенттің ірі сомаға жасаған ерікті сақтандыру шартын ол жасалғаннан кейін шамалы уақыт аралығы өткен соң сақтандыру сыйлықақысын оның ішінде үшінші тұлғаның пайдасына қайтарумен мерзімінен бұрын бұзуы

78.

7027

Клиенттің жинақтаушы сақтандыру шартына сәйкес көзделген сатып алу сомасы шегінде ол жасалғаннан кейін шамалы уақыт аралығы өткен соң қарыз алуға әрекеттенуі не алуы

79.

7028

Клиенттің жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге қолма-қол ақша беруге әрекеттенуі не беруі

80.

7029

Жасалған жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін тиісінше ұлғайта отырып, сақтандыру сомасының мөлшерін өзгерту

81.

7030

Клиенттің оның қажеттілігінен асатын сомаға сақтандыру полисін не мәлімделген кіріс деңгейіне жауап бермейтін сақтандыру сыйлықақысын сатып алуы

82.

7038

Сақтандыру дәнекерінің (сақтандыру брокерінің, сақтандыру агентінің) қызметі үшін үшінші тұлғаға сақтандыру дәнекерінің нұсқауы бойынша сыйақының бәрін не бөлігін төлеу

83.

7039

Сақтандыру дәнекеріне (сақтандыру брокеріне, сақтандыру агентіне) қызметтің осы түріне лайық мөлшерден анағұрлым асатын мөлшерде сыйақы төлеу



6. Ақша аударымдарына пошталық қызметтер көрсету кезінде

84.

1022

Бір немесе бірнеше жеке тұлғалардың атына пошталық ақша аударымдарын бірнеше дүркін жүзеге асыру



7. Нотариаттық, аудиторлық қызметтер көрсету кезінде

85.

1015

Қаржылық жалға беру шарты (лизинг) бойынша шарттың тиімсіз, экономикалық орынсыз талаптары бойынша мүлікті алу және/немесе беру (нотариустер)

86.

1024

Нақ сол бір мәміле заты сатылатын және сатып алынатын қаржы операцияларын жүйелі түрде жүзеге асыру

87.

1030

Жақын туыстық немесе жекжаттық, асыраушылық, қамқоршылық және қорғаншылық қатынастарда болмаған мәмілеге (операцияға) қатысушылар арасында мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы және/немесе өзге де мүлікті сыйға беру

88.

1032

Мәміле мәнінің шарты мен шын мәніндегі құнының анық сәйкес келмеуі



8. Ойын бизнесі саласында қызметтер көрсету кезінде

89.

1031

Құмар ойындар және/немесе құмар ойындардың ставкалары бойынша ұтыс ретінде ойын мекемесінен ірі мөлшерде қаражатты бірнеше дүркін алу (төлеу)



9. Лизинг қызметтерін көрсету кезінде

90.

1038

Егер қолда бар ақпарат борышты қаржыландыру көзін анықтауға мүмкіндік бермесе, бұрын міндеттеменің орындалу мерзімінің өтуіне жол берген клиенттің лизинг шарты бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын өтеуі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады