Бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1449 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 224 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.04.2016 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 19-2/1053 бұйрығын қараңыз.


      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 36-бабының 19-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптар бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1449 қаулысымен      
бекітілген        

Бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу
құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптар

      1. Пайдалануға берілген кемінде I класты екі бөгет, (немесе) II класты бес бөгет, (немесе) III класты он бөгет құрылысының жобаларын әзірлеу, сондай-ақ, гидротехникалық құрылыстарды жобалау, салу, жөндеу және реконструкциялау, пайдалану жұмыстарында тәжірибенің болуы.
      2. Штатта техникалық ғылымдар (гидротехникалық құрылыстарды салу және пайдалану, гидрогеология, геодезия, геология, гидрология, гидромелиорация), ауылшаруашылық ғылымдары (су ресурстары және суды пайдалану), жаратылыстану ғылымдары (гидрология) саласында жоғарғы кәсіби білімі бар, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды салу, жөндеу және реконструкциялау, пайдалану саласындағы аттестаттары, сертификаттары, 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар салааралық мамандардың болуы.
      3. Бөгеттерді жобалау, салу және пайдалану саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманың (ҚР ҚНжЕ 3.04-01-2008 «Гидротехникалық құрылыстар. Жобалаудың негізгі ережелері», ҚР ҚНжЕ 3.04-02-2008 «Топырақты материалдардан тұратын бөгеттер», ҚР ҚНжЕ 3.04-03-2008 «Бетонды және темірбетонды бөгеттер»), сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласында сараптама өткізуді регламенттейтін басқа да құжаттардың болуы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады