"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру шарттарын айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 30 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қарыз алушы) «2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 023 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 60000000000 (алпыс миллиард) теңге сомасында бюджеттік кредит (бұдан әрі - кредит) берілсін.
      2. Қарыз алушыға кредит берудің мынадай шарттары айқындалсын:
      1) кредит берудің мақсаты агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу болып табылады;
      2) кредит қарыз алушыға жеделдік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында 2015 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімге жылдық 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызға тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі;
      3) қарыз алушының кредитті игеру кезеңі әкімші қарыз алушының Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі шотына қаражат аударған күнінен басталады және 2015 жылғы 1 қарашада аяқталады.
      3. Кредитті беру, өтеу және қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және қарыз алушы кредит шартының тараптары болып табылады.
      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 4-тармағында көрсетілген кредит шартын жасасуды;
      2) кредиттің мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылау мониторингілеуді, өтелуі мен оған қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулы оның қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады