Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 706-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасында:
1-тармақтың 15-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1) кепілдік жарнасы - сауда-саттыққа қатысу үшін жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасының 15 %-ы мөлшерінде жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін, бірақ 30 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын ақша сомасы;»;
2-тармақтың бірінші, екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Объектіні жекешелендіру туралы шешімді 10 күн мерзімде жекешелендіру объектілері туралы ақпаратты (сату кестесі) тізілімге енгізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
Мүліктік кешендер ретінде кәсіпорындарды немесе табиғи монополия субъектілері немесе тиісті тауар нарығында басым немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын ұйымдардың мемлекетке тиесілі акцияларын жекешелендіру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.»;
8-тармақта:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда, көрсетілген рәсімдерді жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға және тиісті орталық атқарушы органдарға хабарлайды;»;
14) тармақша алып тасталсын;
12-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) сауда-саттық (аукционды және коммерциялық тендерді қоспағанда) жеңімпазын жариялайды;»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Кепілдік жарна мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың (бұдан әрі - бірыңғай оператор) деректемелеріне хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізіледі. Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді.»;
17-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар қатысушы бірыңғай операторға өтініш берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.»;
мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
«Аукционға немесе тендерге қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелмеген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кепілдік жарналары жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға бірыңғай операторға өтініш берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.
Кепілдік жарналар сауда-саттыққа қатысушы, жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға кепілдік жарнаны қайтару өтінішінде көрсететін деректемелерге қайтарылады.»;
18-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Монополияға қарсы заңнаманың талаптарына жататын акцияларды, ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы үлестерді, мемлекеттік кәсіпорындарды мүліктік кешендер ретінде сату туралы хабарламаны объекті (сату кестесі) бойынша ақпарат тізілімге енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн өткеннен кейін жариялауға жол беріледі.»;
19-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кепілдік жарнаның мөлшері мен бірыңғай оператордың банктік деректемелерін;»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион, коммерциялық тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын және жабық тендер мен екі кезеңде ететін рәсімдер арқылы конкурс басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.»;
23-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтінім поштамен келіп түскен кезде осы Қағиданың 22-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда, ұсынылған өтінім тіркелмейді, бұл туралы сатушы өтінім берген тұлғаға бір жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда хабарлайды.»;
26-1-тармақта:
екінші, үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Қатысушының осы Қағиданың 23-1 және 23-2-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.»;
Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау және қатысушыны аукционға және коммерциялық тендерге жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.»;
36-6-тармақтың 4), 5), 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жекешелендіру объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000 еселенгеннен бастап 250 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша 2,5 пайыз мөлшерінде және сауда-саттықтың голландық әдісі бойынша 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді;
5) жекешелендіру объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 250 000 еселенгеннен бастап 500 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша 1 пайыз мөлшерінде және сауда-саттықтың голландық әдісі бойынша 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді;
6) жекешелендіру объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 500 000 еселенген мөлшерінде және одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша 0,5 пайыз мөлшерінде және сауда-саттықтың голландық әдісі бойынша 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.»;
36-8-тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) егер аукцион басталған кезден бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы осы Қағиданың 36-6-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды;
2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды.
Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голландтық әдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;»;
36-12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36-12. Бірыңғай оператор тізілім веб-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды, сатушының шотына сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын аударады және сауда-саттықтың басқа қатысушыларына кепілдік жарналарды қайтарады.»;
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша жабық тендердің нәтижелері сауда-саттық аяқталғанда сатушы, комиссияның барлық мүшелері және тендердің жеңімпазы қол қоятын әрбір жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді және тізілімге енгізілуге тиіс. Комиссия мүшесі қажет болған кезде өзінің айрықша пікірін хаттамада жазбаша баяндайды немесе хаттамаға қоса береді.
Коммерциялық тендердің жеңімпазы коммерциялық тендер аяқталғаннан кейін электрондық хаттамаға қол қою үшін сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық пошта арқылы хабардар етіледі.
Коммерциялық тендерде сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады, оған сауда-саттық өткізілетін күні сатушы мен коммерциялық тендердің жеңімпазы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.
Коммерциялық тендер кезінде сатушы тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушылардың электрондық мекенжайларына коммерциялық тендер нәтижелері туралы электрондық хабарлама жібереді, оған сауда-саттық нәтижелері туралы хаттаманың электрондық көшірмесі қоса беріледі.
Жабық тендер аяқталғаннан кейінгі күннен кешіктірмей, комиссия барлық қатысушыларға тендердің нәтижелерін жариялайды.
көрсетілген Қағидаға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 10 ақпандағы
№ 46 қаулысына
қосымша
Жекешелендіру объектілерін
сату қағидасына
қосымша
Жекешелендіру объектісін (объектілерін) сату бойынша
___ қатысуға (сауда-саттық нысаны көрсетіледі)
ӨТІНІМ
1. Жекешелендіру объектісінің (объектілерінің) сатылуы туралы
жарияланған хабарламаны қарап және сату қағидаларымен танысып,
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлға
басшысының немесе заңды тұлғаның сенімхат негізінде әрекет ететін
өкілінің Т.А.Ә.)
20 __ жылғы «__» ___________ ____________________ мекенжайы бойынша
болатын сауда-саттықта қатысуға ниет білдіреді.
2. Мен (біз) сауда-саттықта қатысу үшін _______________________
мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың
арнайы транзиттік шотына жалпы сомасы ________ (____________________)
(цифрмен) (сомасы таратып
жазылады)
теңге _______ кепілдік жарнаны (жарналарды) енгіздім (енгіздік).
(саны)
Кепілдік жарна енгізілген жекешелендіру объектілері туралы мәліметтер:
Р/с № |
Жекешелендіру объектісінің атауы |
Аударуға жататын кепілдік жарнаның сомасы, теңге |
1 |
||
2 |
||
Жиыны |
Енгізілген кепілдік жарналар туралы мәлімет:
Р/с |
Кепілдік жарнаның мақсаты және сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна енгізілген жекешелендіру объектісінің атауы |
Төлем құжатының № |
Төлем құжатының күні |
Кепілдік жарнаның сомасы, теңге |
1 |
||||
2 |
||||
Жиыны |
3. Мен (біз):
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе
құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылуы объектінің сауда-саттықта
сатылу шарты болып табылатын сол қызмет түрлерімен шұғылдануға құқығы
жоқ заңды тұлғаның;
2) ұйымдастырушының аукционға қатысушылар бола алмайтыны туралы
хабардармын (хабардармыз).
4. Қатысушыға қойылатын талаптарға менің (біздің) сәйкес
келмегенім (келмегеніміз) анықталған жағдайда, мен (біз)
сауда-саттыққа қатысу құқығынан айырылатыныммен (айырылатынымызмен),
мен (біз) қол қойған сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама және
сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін (келісеміз).
5. Егер мен (біз) сауда-саттық жеңімпаз(дар)ы болып танылған
жағдайда өзімізге сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға
_____________________________________________________________________
(сауда-саттық нысаны көрсетіледі)
өткізілген күні қол қоюға және ________________________________ өткен
(сауда-саттық нысаны көрсетіледі)
күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сатып алу-сату шартына қол
қоюға міндеттеме аламыз.
6. Мынадай:
1) сауда-саттық өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен аз
уақыт қалғанда оған қатысудан бас тартқан;
2) сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан;
3) белгіленген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан;
4) сатып алу-сату шарты бойынша мен (біз) міндеттемелерді
орындамаған және тиісінше орындамаған;
5) менің (біздің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес
келмегенім (келмегеніміз) анықталған жағдайларда, мен (біз) енгізген
кепілдік жарна сомасының қайтарылмайтынына және сатушыда қалатынына
келісемін (келісеміз).
7. Осы өтінімнің сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен
бірге сатып алу-сату шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарт күші бар.
8. Өзім(із) туралы мынадай мәліметтер ұсынамын:
Заңды тұлға үшін:
Атауы ________________________________________________________
БСН __________________________________________________________
Басшының Т.А.Ә. ______________________________________________
Мекенжайы: ___________________________________________________
Телефон (факс) нөмірі: _______________________________________
Банк деректемелері:
ЖСК _______________
БСК ___________________
Банктің атауы ________________
Кбе _____________________
Өтінімге мыналар қоса беріледі (аукционға өтінім бергенде толтырылмайды):
1) ___________________________________
2) ___________________________________
3) ___________________________________
4) ___________________________________
Жеке тұлға үшін:
Т.А.Ә. _______________________________
ЖСН __________________________________
Паспорт деректері ____________________
Мекенжайы: ___________________________
Телефон (факс) нөмірі: _______________
Банк деректемелері:
ЖСК __________________________________
БСК __________________________________
Банктің атауы ________________________
Кбе __________________________________
Өтінімге мыналар қоса беріледі (аукционға өтінім бергенде толтырылмайды):
1) ___________________________________
2) ___________________________________
3) ___________________________________
__________ __________________________________________________________
(қолы) (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы және
заңды тұлға басшысының немесе заңды тұлғаның сенімхат
негізінде әрекет ететін өкілінің Т.А.Ә.)
20__ж. «__» __________.
М.О.
20__ж. «__» __________ _______ сағат ____ минутта қабылданды.
_____ _____________________________________________
(қолы) (өтінімді қабылдап алған адамның Т.А.Ә.)