Қостанай облысының білім беру және спорт ұйымдарына атау беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 57 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мынадай білім беру және спорт ұйымдарында:
      1) "Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 9 орта мектебі" мемлекеттік мекемесіне - Ғафу Қайырбековтің;
      2) "Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің музыка мектебі" мемлекеттік мекемесіне - Бақытжан Байқадамовтың;
      3) Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "№ 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесіне - Қадырбек Оспановтың есімдері берілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады