"Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы" 2014 жылғы 17 қарашадағы № 956 және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2016 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы" 2014 жылғы 17 қарашадағы № 957 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 66 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы № 956 және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2016 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы № 957 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорынан 2015 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу
туралы" 2014 жылғы 17 қарашадағы № 956 және "Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2016 жылдарға арналған
нысаналы трансферттер бөлу туралы" 2014 жылғы 17 қарашадағы №
957 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 956 Жарлығына:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервін ұлғайтуға 250 (екі жүз елу) миллиард теңге;»;
      2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2016 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 957 Жарлығына:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетке 765 (жеті жүз алпыс бес) миллиард теңге мөлшерінде нысаналы трансферттер, оның ішінде:
      1) 2015 жылы:
      республикалық маңызы бар жолдарды салуға және реконструкциялауға - 178 (бір жүз жетпіс сегіз) миллиард теңге;
      Шу - Алматы-1 учаскесінде қатарлас теміржол салу үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 8 (сегіз) миллиард 300 (үш жүз) миллион теңге;
      Боржақты - Ерсай теміржол желісі құрылысын аяқтау үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 6 (алты) миллиард 700 (жеті жүз) миллион теңге;
      Құрық портында паром кешенін салу және әмбебап жүк-жолаушылар паромдарын пайдалану үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 4 (төрт) миллиард 800 (сегіз жүз) миллион теңге;
      үлестік салымдарды кепілдендіру тетігін іске асыру үшін «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 5 (бес) миллиард теңге;
      «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамын сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде айқындай отырып, облыстық бюджеттерді, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін кредиттеу тетігі арқылы жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға (реконструкциялау және салу) - 60 (алпыс) миллиард теңге;
      жергілікті атқарушы органдарды бюджеттік кредиттеу тетігі арқылы «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы үшін бұрын басталған кредиттік тұрғын үй жобаларын аяқтауға - 30 (отыз) миллиард теңге;
      агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылай сауықтыру көлемін ұлғайту үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға - 7 (жеті) миллиард теңге;
      ауыл шаруашылығы техникасын және технологиялық жабдықтарды сатып алуға кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығын субсидиялауға - 13 (он үш) миллиард теңге;
      техникалық стандарттар мен регламенттерді бақылау үшін зертханалық базаны нығайтуға - 5 (бес) миллиард теңге;
      жер қойнауының перспективалы учаскелерінде геологиялық барлау жұмыстарының көлемін ұлғайтуға - 6 (алты) миллиард теңге;
      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру кезінде қажетті инфрақұрылымды тартуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге - 10 (он) миллиард теңге;
      «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының және оның еншілес ұйымдарының тұрғын үй құрылысы (сатып алу) аудандарында инженерлік желілерді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге - 17 (он жеті) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге;
      бірінші кезекте үш ауысымдық оқытуды және мектептердің авариялығын жою үшін білім беру обьектілерін салуға және реконструкциялауға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге - 17 (он жеті) миллиард 300 (үш жүз) миллион теңге;
      мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер бөлуге - 12 (он екі) миллиард 700 (жеті жүз) миллион теңге;
      жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға - 3 (үш) миллиард теңге;
      халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен жобаларды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруға - 39 (отыз тоғыз) миллиард 200 (екі жүз) миллион теңге;
      2) 2016 жылы:
      республикалық маңызы бар жолдарды салуға және реконструкциялауға - 123 (бір жүз жиырма үш) миллиард 300 (үш жүз) миллион теңге;
      Шу - Алматы-1 учаскесінде қатарлас теміржол салу үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 19 (он тоғыз) миллиард 400 (төрт жүз) миллион теңге;
      Құрық портында паром кешенін салу және әмбебап жүк-жолаушылар паромдарын пайдалану үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 7 (жеті) миллиард теңге;
      үлестік салымдарды кепілдендіру тетігін іске асыру үшін «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 10 (он) миллиард теңге;
      «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамын сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде айқындай отырып, облыстық бюджеттерді, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін кредиттеу және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамын оператор ретінде айқындай отырып, бюджеттік субсидиялау тетіктері арқылы жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға (реконструкциялау және салу) - 90 (тоқсан) миллиард теңге;
      «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының және оның еншілес ұйымдарының тұрғын үй құрылысы (сатып алу) аудандарында инженерлік желілерді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге - 17 (он жеті) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге;
      білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлуге - 30 (отыз) миллиард теңге;
      жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға - 3 (үш) миллиард теңге;
      халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен жобаларды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруға - 41 (қырық бір) миллиард 300 (үш жүз) миллион теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға (реконструкциялау және салу) бюджеттік кредиттеу және республикалық бюджеттен субсидия бөлу үшін заңнамалық негіз қалыптастыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.».
      2. Осы Жарлық, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 2) тармақшасының оныншы және жиырма жетінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады