"Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын және кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 86 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 72 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.02.2020 № 72 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын және кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 33, 311-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы";

      2) кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      3) 1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      4) көрсетілген қаулымен бекітілген кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 21 ақпандағы
№ 86 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 13 мамырдағы
№ 486 қаулысымен
бекітілген

Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесі

      1. Қант өндіруге арналған қант қызылшасы.

      2. Құрғақ сүт (майы алынған), сары май және қатты ірімшік өндіруге арналған сүт шикізаты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады