"Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1271 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 92 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 621 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 621 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 67, 903-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидаларында:

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Балалардың тұрғын үйін жалға (жалдауға) беруге органдардың келісім беруі құжаттар келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      16. Заңды өкілдер тұрғын үйді жалға алу (жалдау) шарты бойынша алынған ақшаны балалардың банктік шотына аударуға тиіс.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады