"ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 - 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 128 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 - 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жартыжылдық және жыл қорытындылары бойынша 10 шілдеден және 10 қаңтардан кешіктірмей Ұлттық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жартыжылдық және жыл қорытындылары бойынша 20 шілдеден және 20 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Ұлттық жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 - 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарында:
      реттік нөмірі 10-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

10-2.






Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ХКБ арасындағы ЭКСПО-2017 өткізуге байланысты жеңілдіктер мен артықшылықтар туралы келісімді ратификациялау туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы


СІМ (жинақтау), ЭМ, ҰЭМ, Қаржымині, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім - бойынша

2015 жылғы қазан




талап етілмейді





                                                                  »;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 10-4, 10-5-жолдармен толықтырылсын:
      «

10-4.

ЭКСПО-2017 көрмесінің қазіргі заманғы талаптарға сай келетін кедендік инфрақұрылымын құру мәселесін пысықтау, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету

ҰЭМ-ге ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ келісім бойынша), Қаржымині, ҰЭМ

2016 жылғы шілде

талап етілмейді

10-5.

Кедендік бақылаудан кедергісіз өткізу мақсатында ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушыларды кедендік қамтамасыз ету жоспарын әзірлеу

ҰЭМ-ге ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), Қаржымині, ҰЭМ

2016 жылғы шілде

талап етілмейді

                                                                  »;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-2-жолмен толықтырылсын:
      «

14-2.







Қазақстандық делегацияның ХКБ Атқару комитетіне (мамыр, қазан) және ХКБ Бас ассамблеясының сессияларына (маусым, қараша) жыл сайынғы қатысуы

ҰЭМ-ге ақпарат






Комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ



жыл сайын, 2015 жылғы шілде, желтоқсан, 2016 жылғы шілде, желтоқсан, 2017 жылғы шілде, желтоқсан

2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде (065 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-на нысаналы салым» бюджеттік бағдарламасы)

                                                                  »;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 24-2-жолмен толықтырылсын:
      «

24-2.








Көрмеге дайындалудың және оны өткізудің операциялық жоспарын әзірлеу мәселесін пысықтау

ҰЭМ-ге ақпарат







«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ, Қаржымині,



2015 жылғы қыркүйек





талап етілмейді







                                                               »;
      реттік нөмірі 35-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

35-2.






Мемлекеттік комиссияда ЭКСПО-2017 маскотын (символ) таныстыру

тұсаукесер






«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ИДМ



2015 жылғы шілде




талап етілмейді





                                                                   »;
      реттік нөмірі 38-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

38.

ЭКСПО-2017 қатысушы дамушы елдерге көмек бағдарламасын іске асыру

ҰЭМ-ге

СІМ, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2015-2016 жылдар қаңтар, шілде

2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде (065 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-на нысаналы салым», бюджеттік бағдарламасы)

                                                                  »;
      реттік нөмірі 43-2-жолдағы «Жауапты орындаушы» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ, ЭМ, Астана қаласының әкімдігі»;
      реттік нөмірі 43-4-жолдағы «Жауапты орындаушы» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ, ЭМ, Астана қаласының әкімдігі»;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 43-5, 43-6, 43-7, 43-8-жолдармен толықтырылсын:
      «

43-5.







«Қазақстан» ұлттық павильонын салу





Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі


«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша)



2014 жылғы шілде – 2016 жылғы желтоқсан


2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде (065 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-на нысаналы салым» бюджеттік бағдарламасы)

43-6.







Көрме павильонын салу






Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі


«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ  келісім бойынша)




2014 жылғы қазан – 2016 жылғы желтоқсан


2014-2016 жылдарға арналған Республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде (065 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-на нысаналы салым» бюджеттік бағдарламасы)

43-7.

Ойын-сауық және сауда аймағын салу

Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)

2015 жылғы сәуір - 2016 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

43-8.

ЭКСПО-2017 қатысушылары үшін көп функционалды тұрғын үй кешенін салу

Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы қыркүйек - 2016 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

                                                                  »;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 47-1-жолмен толықтырылсын:
      «

47-1.

ЭКСПО-2017 аумағын ескере отырып, Астана қаласының Бас жоспарына өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Астана қаласының әкімдігі, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2016 жылғы қараша

талап етілмейді

                                                                   »;
      реттік нөмірлері 56-1, 56-2, 56-3, 56-4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «

56-1.

 «Болашақ энергиясы» "ЭКСПО-2017 тақырыбына арналған жыл сайынғы форумды дайындау және өткізу

ҰЭМ-ге ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ЭМ, СІМ, Астана қаласының әкімдігі

2015-2017  жылдар

талап етілмейді

56-2.

Астана қаласында және Қазақстанның өңірлерінде «Болашақ энергиясы» көрме тақырыбына байланысты жастар, бұқаралық және мәдени іс-шаралар өткізу

ҰЭМ-ге ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), БҒМ, МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2015-2016 жылдар

2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде (040 «Халықаралық имидждік көрмелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы)

56-3.

ЭКСПО-2017 тақырыбын танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу

ҰЭМ-ге ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ИДМ, ЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Cамұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «Парасат холдингі» АҚ (келісім бойынша), «Зерде» холдингі» АҚ (келісім бойынша), «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ (келісім бойынша), «Назарбаев Университеті» ДБҰ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

жыл сайын: 2014 жылғы 10 шілде, 2015 жылғы 10 қаңтар және 10 шілде, 2016 жылғы 10 қаңтар және 10 шілде, 2017 жылғы 10 қаңтар және 10 шілде

талап етілмейді

56-4.

Мынадай:
1) жасыл технологияларды пайдалана отырып, пилоттық жобаларды іске асыру;
2) «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасының жыл сайынғы көрме-конференциясына қатысу бойынша іс шаралар өткізу

ЭМ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «Парасат» холдингі» АҚ (келісім бойынша), «Зерде» холдингі» АҚ (келісім бойынша), «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ (келісім бойынша), «Назарбаев Университеті» ДБҰ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

жыл сайын: 2014 жылғы 10 шілде, 2015 жылғы 10 қаңтар және 10 шілде, 2016 жылғы 10 қаңтар және 10 шілде, 2017 жылғы 10 қаңтар және 10 шілде

талап етілмейді

                                                                   »;
      реттік нөмірі 59-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

59.

Қонақүй қызметтерін көрсететін объектілердің сыйымдылығын ұлғайту мақсатында оларды салу және реконструкциялау жобаларын жеңілдікті қаржыландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

Астана қаласының әкімдігі, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ИДМ, ҰЭМ, «Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы маусым

талап етілмейді

                                                                 »;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 62-1, 62-2 жолдармен толықтырылсын:
      «

62-1.

Көрме аумағында қонақтардың еркін жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін еріктілер қызметі бойынша іс-шаралар өткізу

ҰЭМ-ге ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша) БҒМ, облыстардың,  Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2015-2017 жылдар

2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде (065 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-на нысаналы салым» бюджеттік бағдарламасы)

62-2.

Қолданыстағы стандарттарға, техникалық регламенттерге, құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес ЭКСПО-2017 көрме-кешенін қоса алғанда, мүмкіндігі шектеулі адамдардың және халықтың басқа да аз қозғалатын топтары үшін Астана қаласының әлеуметтік инфрақұрылымдарының қол жетімділігін қамтамасыз ету

ҰЭМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімдігі, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы қаңтар

талап етілмейді

                                                                 »;
      реттік нөмірі 77-жолдағы «Жауапты орындаушы» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «ИДМ, СІМ»;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 77-1, 77-2-жолдармен толықтырылсын:
      «

77-1.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басшылығының қатысуымен ЭКСПО-2017 дайындық барысы туралы баспасөз-конференцияларын ұйымдастыру және өткізу

ҰЭМ-ге ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ИДМ

тоқсан сайын 2015-2017 жылдар

2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде (065 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-на нысаналы салым» бюджеттік бағдарламасы)

77-2.

Бұқаралық ақпарат құралдары арасында оң имидж қалыптастыру және олардың ЭКСПО-2017 тақырыбына ниеттестігі деңгейін арттыру үшін іс-шаралар ұйымдастыру

ҰЭМ-ге ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын 2017 жылға дейін

2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде (065 «Астана ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясы» АҚ-на нысаналы салым», бюджеттік бағдарламасы)

                                                                »;
      реттік нөмірлері 79, 80, 81, 82-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «

79.

Демеушілерді тарту, кемінде 8

ҰЭМ-ге ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), СІМ, ИДМ, ЭМ

жыл сайын: 2014 жылғы желтоқсан, 2015 жылғы желтоқсан, 2016 жылғы желтоқсан, 2017 жылғы маусым

талап етілмейді

80.

Жаңа технологиялардың әлемдік көшбасшы брендтерін тарту (халықаралық конференциялар мен көрмелерге қатысу, форумдар ұйымдастыру және т.б.), кемінде 8

ҰЭМ-ге ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), СІМ, ИДМ, ЭМ

жыл сайын: 2014 жылғы желтоқсан, 2015 жылғы желтоқсан, 2015 жылғы желтоқсан, 2016 жылғы желтоқсан, 2017 жылғы маусым

талап етілмейді

81.

ЭКСПО-2017 өткізудің тікелей және жанама экономикалық әсерін бағалау

ҰЭМ-ге ақпарат

ҰЭМ, АШМ, ЭМ, БҒМ, Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ келісім бойынша

жыл сайын, 2015 жылғы 15 мамырдан бастап 2018 жылғы 15 мамырға дейін

талап етілмейді

82.

ЭКСПО-2017 объектілерін көрмеден кейінгі кезеңде пайдалану тетігін әзірлеу

ҰЭМ-ге ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), Қаржымині, ҰЭМ, МСМ, ИДМ, Астана қаласының әкімдігі, «Назарбаев Университеті» ДБҰ (келісім бойынша)

2017 жылғы сәуір

талап етілмейді

                                                                »;
      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      «ИДМ - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
      ЭМ - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
      ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
      МСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
      «Даму» КДҚ» АҚ - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады