2012 жылғы 6 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан - Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері және олардың жұмыс режимі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 156 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2012 жылғы 6 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан - Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері және олардың жұмыс режимі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Еділұлы Ерғожинге 2012 жылғы 6 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан - Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері және олардың жұмыс режимі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 156 қаулысымен    
мақұлданған      

Жоба

2012 жылғы 6 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан - Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері және олардың жұмыс режимі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі
      екі елдің достық қатынастарын және екі халықтың дәстүрлі достығын одан әрі нығайту мен дамыту мақсатында
      2012 жылғы 6 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан - Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері және олардың жұмыс режимі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 11-бабын басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
      4-баптың 2-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нұр жолы» (Қазақстан Республикасы) - «Қорғас» (Қытай Халық Республикасы) өткізу пункттерінде уақытша басқа жұмыс кезеңдері мен сағаттары белгіленген.»;
      көрсетілген Келісімге қосымшада:
      «Автомобиль өткізу пункттері» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

1.

Нұр жолы

Алматы облысы, Панфилов ауданы

Қорғас

ШҰАА Іле-Қазақ автономиялық облысының Хочен уезі

көпжақты (халықаралық) жүк-жолаушылар

тәуліктің күндізгі уақытында

                                                                   ».

2-бап

      «Hұp жолы» (Қазақстан Республикасы) - «Қорғас» (Қытай Халық Республикасы) өткізу пункттері ашылғаннан кейін «Қорғас» (Қазақстан Республикасы) — «Қорғас» (Қытай Халық Республикасы) өткізу пункттері жабылады.

3-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 11-бабына сәйкес оның ажырамас бөлігі болып табылады және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Осы Хаттама Келісімнің қолданылуы тоқтатылғанға дейін қолданылады.
      2015 жылғы «__»________ _________ қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының       Қытай Халық Республикасының
            Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады