Тәжікстан Республикасындағы қолайсыз табиғи-климаттық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Тәжікстан Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету үшiн мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар броньнан шығарылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі ізгілік жүкті Тәжікстан Республикасының межелі пунктіне дейін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика, Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi ресми iзгiлiк көмектi алушыны айқындасын және оны көрсету жөнiндегi шараларды үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 2 сәуірдегі
№ 186 қаулысына
қосымша
Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтардың тізбесі
Р/с |
Материалдық құндылықтардың атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
2-сұрыпты бидай ұны |
тонна |
27 |
2 |
Жоғары сұрыпты бидай ұны |
тонна |
380 |
3 |
Ет консервілері |
физикалық банка |
345715 |
4 |
Өсімдік майы |
литр |
84000 |
5 |
Сары май |
тонна |
230 |
6 |
Қарақұмық жармасы |
тонна |
349,9985 |
7 |
Қант |
тонна |
48,4975 |
8 |
40 орындық қысқы шатырлар |
дана |
49 |
9 |
Болат құбырлар |
тонна |
60 |
10 |
Диаметрі 8 және 10 мм металл прокаты |
тонна |
120 |