"Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 535 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 252 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 шiлдедегi № 512 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.07.2022 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің

      2007 жылғы 27 маусымдағы № 535 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 21, 242-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 110-бабына сәйкес залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі атмосфералық ауаның, су ресурстарының ластануы, жер қойнауының заңсыз пайдаланылуы, сондай-ақ өндіріс пен тұтыну қалдықтарын, оның ішінде радиоактивті қалдықтарды белгіленген нормативтерден тыс орналастыру және табиғи ресурстарды нормативтерден тыс алып қою жағдайлары үшін қолданылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Кең таралған пайдалы қазбаларды (бұдан әрі – КПҚ), жерасты суларын, емдік балшықтарды өз бетімен өндірудің немесе оларды заңсыз пайдаланудың залалын экономикалық бағалау өндірілген пайдалы қазбаның және/немесе КПҚ-дан, жерасты суларынан, емдік балшықтардан алынған тауар өнімі құнының он еселенген мөлшерінде айқындалады.

      Өндірілген КПҚ, жерасты суларының, емдік балшықтардың және алынған тауар өнімінің құны бұзушылық анықталған күннен бастап бір тоқсаннан аспайтын кезең үшін тауар өнімін өткізудің орташа нарықтық бағасы негізге алына отырып айқындалады.

      Тауар өнімі өткізілмеген жағдайда өндірілген КПҚ-ның, жерасты суларының, емдік балшықтардың құны бұзушылық анықталған тоқсан алдындағы тоқсанда осы әкімшілік-аумақтық бірлікте ұқсас қызметті жүзеге асыратын табиғат пайдаланушыларда қалыптасқан орташа нарықтық баға негізге алына отырып айқындалады.

      Көрсетілген мәліметтер жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органнан не жергілікті атқарушы органдардан сұратылады.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толтырылсын:

      "16-1. Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу (жер қойнауын заңсыз пайдалану) салдарынан келтiрiлген залалды экономикалық бағалау нақты өндірілген пайдалы қазбалар және/немесе игеру және бастапқы өңдеу кезінде өндірілген тауар өнімі (КПҚ, жерасты суларын, емдік балшықтарды қоспағанда) құнының он еселенген мөлшерінде айқындалады.

      Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптардың бұзылуы және жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығының бұзылуы (жер қойнауын заңсыз пайдалану) салдарынан келтiрiлген залалды экономикалық бағалау жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесіп айқындалады.

      Өндірілген пайдалы қазбалардың құны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 қаулысымен бекітілген Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесіне сәйкес бұзушылық анықталған күннен бастап бір тоқсаннан аспайтын мерзімдегі тауар өнімін сатудың орташа нарықтық бағасы негізге алына отырып айқындалады.

      Анықталған сома залал анықталған сәтке Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетелдік валютаға шаққандағы ресми бағамына көбейтіледі.

      Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган Мемлекеттік теңгерім есебінде тұрған қатты пайдалы қазбалар бойынша құрамы туралы мәліметтерді күнтізбелік 15 күн ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға береді.

      Сынақ зертханасы Мемлекеттік теңгерім есебінде тұрмаған қатты пайдалы қазбалар бойынша құрамы туралы мәліметтерді күнтізбелік 15 күн ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға береді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады