"Еуразиялық экономикалық одақтың Сотына жүгінуге уәкілеттік берілген органдар мен ұйым туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 253 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Еуразиялық экономикалық одақтың Сотына жүгінуге уәкілеттік берілген органдар мен ұйым туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Еуразиялық экономикалық одақтың Сотына жүгінуге уәкілеттік
берілген органдар мен ұйым туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер, Инвестициялар және даму, Ұлттық экономика, Әділет және Қаржы министрліктері 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты (бұдан әрі – Шарт), Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) шеңберіндегі халықаралық шарттарды және Одақ органдарының шешімдерін іске асыру мәселелері бойынша туындайтын дауды қарау;
      2) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер, Инвестициялар және даму, Ұлттық экономика және Әділет министрліктері Шарттың, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардың және Одақ органдары шешімдерінің ережелерін түсіндіру туралы өтінішпен Еуразиялық экономикалық одақтың сотына (бұдан әрі – Одақ Соты) Қазақстан Республикасының атынан жүгінуге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар болып табылады деп белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы уәкілетті ұйым ретінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өз функцияларының шегінде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын және заңды мүдделерін білдіру, қорғау мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен Одақ Сотына өтінішпен жүгінуі мүмкін.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қабылданған шешім туралы Одақ Сотын хабардар етсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады