"Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 284 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 767 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 16.11.2018 жылғы № 767 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында:

      көрсетілген Бағдарламаға 3-қосымшада:

      "Тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру тетігі" деген бөлімнің "1. Мемлекеттік қолдау шаралары" деген кіші бөліміндегі тұрғын үй құрылысының бағыттары мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі дамыту мақсатында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы белгіленген мемлекеттік нормативтерге сәйкес келетін жобалар бойынша бірінші қабаттарында әлеуметтік мақсаттағы объектілерді (балабақшаларды, балалардың шағын-орталықтарын, емханаларды және басқаларды) орналастыра отырып, тұрғын үйлер салуға жол беріледі.";

      "2. Тұрғын үйді өткізу тетігі" деген бөлімнің "3. Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үйді өткізу шарттары" деген кіші бөлімінде:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аудан орталықтарында, қалаларда, республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда, астанада үміткерлерден өтініштер мен құжаттар қағаз жеткізгіште немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы қабылданады, ауылдық елді мекендерде, кенттерде - қағаз жеткізгіште ауылдық округтердің (ауылдардың, кенттердің) әкімдері қабылдайды. 2015 жылғы 1 қазаннан бастап аудан орталықтарында, қалаларда, республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда, астанада үміткерлерден өтініштер мен құжаттар "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы ғана қабылданады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады