Техникалық-экономикалық негіздемені сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдауға келісім беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 331 қаулысы

      «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» акционерлік қоғамының ««Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының, «Қорғас - Шығыс қақпасы» шекара маңы сауда- экономикалық аймағының, Баскунчи, Қорғас кенттерінің және Алматы облысының Панфилов ауданындағы шекара заставасының учаскелерінде Қорғас өзеніндегі арна қалыптастыратын және қорғаныш құрылыстары» техникалық-экономикалық негіздемені сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады