2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 193-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 008 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша Павлодар облысының жергілікті атқарушы органына 3429000000 (үш миллиард төрт жүз жиырма тоғыз миллион) теңге сомасында берілген бюджеттік кредит негізгі борышты өтеу мерзімін өзгерту бөлігінде мынадай тәртіппен:
2015 жылға 350000000 (үш жүз елу миллион) теңге сомасында;
2016 жылға 500000000 (бес жүз миллион) теңге сомасында;
2017 жылға 1579000000 (бір миллиард бес жүз жетпіс тоғыз миллион) теңге сомасында;
2018 жылға 1000000000 (бір миллиард) теңге сомасында қайта құрылымдалсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Павлодар облысының әкімі кредиттік шартқа тиісті қосымша келісім жасасуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов