Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Мемлекеттік басқаруды толық шолуға алып келетін қосымша шолу (функционалдық шолу)» жобасын іске асыру туралы гранттық келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Мемлекеттік басқаруды толық шолуға алып келетін қосымша шолу (функционалдық шолу)» жобасын іске асыру туралы гранттық келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 356 қаулысымен
мақұлданған
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Мемлекеттік басқаруды толық шолуға алып келетін қосымша шолу (функционалдық шолу)» жобасын іске асыру туралы гранттық келісім
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) бұдан әрі жеке-жеке алғанда «Тарап» және бірге «Тараптар» деп аталатындар төмендегілер туралы келісті:
1-бап. Келісімнің нысанасы
1. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, жобаны, осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын І қосымшасында көрсетілгендей, «Мемлекеттік басқаруды толық шолуға алып келетін қосымша шолу (Функционалдық шолу)» (бұдан әрі – Жоба) шеңберінде жүзеге асырады.
2. Осы Келісімде қамтылатын нәтижелер ЭЫДҰ-ның 2015-2016 жылдарға арналған жұмыстар бағдарламасына және бюджетіне (ЖББ) енгізілді.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы құжатпен Жоба бойынша ЭЫДҰ жүзеге асыратын қызметті қаржыландыруға келіседі.
4. Осы Келісімге қол қойылған күннен бастап жобаның ұзақтығы 19 айды құрайды.
5. ЭЫДҰ жобаларын орындауды жалғастыру ЭЫДҰ Кеңесінің осы жобаларды ЖББ-ге қосуына байланысты болады. Ағымдағы Келісіммен көзделген жобалар қазіргі уақытта ЭЫДҰ ЖББ-не қосылған және ЭЫДҰ-ның Мемлекеттік басқару және аумақтық даму жөніндегі директораты осы жобаларды кейінгі ЖББ-ге де қосуды ұсынуға ниеттенуде. Алайда, нәтижесінде осы жобалар кейінгі ЖББ-ге қосылмайтын болса, ЭЫДҰ осы жарнамен қаржыландырылып отырған жұмысты және осы Келісімнің қолданысын тоқтатуға құқылы болады. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі қолданысқа енгізілген күнге дейін шеккен шығыстарын және ЭЫДҰ-ның қаржылық міндеттемелерін төлеуге тиіс.
2-бап. Бюджет және қаржыландыру тетіктері
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын ІІ қосымшасында көрсетілгендей, жобаны іске асырумен байланысты шығыстарды өтеуге ЭЫДҰ-ға 670 501 евро (алты жүз жетпіс мың бес жүз бір) мөлшерінде жарна беруге міндеттенеді.
2. Жарна мынадай кестеге сәйкес:
1) 335 251 (үш жүз отыз бес мың екі жүз елу бір) евро мөлшеріндегі сома осы Келісімге қол қойылып, ЭЫДҰ-дан тиісті инвойс алынғаннан күннен бастап;
2) 335 250 (үш жүз отыз бес мың екі жүз елу) евро мөлшеріндегі сома 2016 жылғы 15 сәуірден кешіктірілмей, ЭЫДҰ-дан тиісті инвойс алынғаннан кейін төленеді.
3. ЭЫДҰ бұл жарнаны қазіргі уақытта жарнаның жалпы сомасының 5,3% әкімшілік шығындардың өтелуін төлеуді көздейтін ЭЫДҰ-ның қаржылық ережелеріне және басқа да тиісті қағидаларына, саясаттары мен рәсімдеріне сәйкес әкімшілендіретін болады. Бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған қағидаттарына сәйкес шығыс ЭЫДҰ-ның шоттарында көрсетілетін болады және ол ЭЫДҰ-ның стандартты аудит қағидаларына сәйкес аудит кезінде тексерілуі мүмкін.
3-бап. Жұмыстар сипаты және есептіліктер
1. ЭЫДҰ жобаны осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшасына сәйкес орындауға міндеттенеді.
2. Жобаның бірінші жылы аяқталғаннан кейін үш айдың ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне баяндау түрінде жобаның барысы туралы есеп береді.
3. Жоба аяқталғаннан кейін алты айдың ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне баяндау түрінде қорытынды есеп береді.
4. Жобаның бірінші жылы аяқталғаннан кейін үш айдың ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығыстар туралы жылдық есеп береді.
5. Жоба аяқталғаннан кейін алты айдың ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығыстар туралы қорытынды қаржылық есеп береді.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі шығындар туралы есепте қаржылық есептілікке қойылатын талаптар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын ІІІ қосымшасында көрсетілгендей, ЭЫДҰ есептілігінің форматына сәйкес сақталатынымен келіседі
4-бап. Ақпарат алмасу
Тараптар бір-біріне жобаны орындау үшін қажетті көмек пен ақпаратты ұсынады.
Тараптар арасындағы кез келген ақпарат алмасу мына мекенжайларға жіберіледі:
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, (эл. мекенжай: A.Makitov@economy.gov.kz; +7(7172) 74-31-95; пошталық мекенжайы: 010000 Астана қаласы, Орынбор көшесі 8).
ЭЫДҰ үшін: ЭЫДҰ-ның Мемлекеттік басқару және аумақтық даму жөніндегі директораты, Мемлекеттік басқаруды шолулар мен әріптестіктер бөлімі, 75775, Франция, Париж Cedex 16, Андре Паскаль көшісі, эл.пошта: Tatyana.Teplova@oecd.org.
5-бап. Жобаның нәтижелерін пайдалану
1. Жобаның кез келген нысандағы нәтижелері ЭЫДҰ-ның айрықша меншігі болып қалады.
2. ЭЫДҰ үшінші тараптардың құқықтарын, сондай-ақ осындай қолданылса, құжаттарды жіктеуге және жіктемеден алып тастауға қатысты ЭЫДҰ қағидалары мен саясаты сақталатын болса, ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне кез келген мемлекеттік коммерциялық емес мақсаттар үшін жоба бойынша қорытынды есепті пайдалануға, көшірмесін жасауға және қағаз көшірмелерін таратуға айрықша емес, қайтарып алынбайтын құқық береді. Қазақстан Республикасының Үкіметі сондай-ақ толықтай қорытынды есеп ретінде өз веб-сайтында орналастыруға және таратуға уәкілетті.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі қажет болған жерде үнемі ЭЫДҰ-ның авторлық құқығын тиісті түрде мойындайды.
4. ЭЫДҰ осындай жарияланымның тілі мен нысанына қарамастан, қорытынды есепті бірінші жариялау құқығын өзіне қалдырады.
5. Қорытынды есепте Қазақстан Республикасы Үкіметінің жобаға қосқан үлесін тану қамтылатын болады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің рәмізі жарияланым мұқабасының артқы бетінде немесе жарияланымның ішінде жоғарыда көрсетілген танудың жанында орналастырылады.
6. Жоба барысында ЭЫДҰ-ға ұсынған Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып табылатын кез келген деректер немесе ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып табылады. ЭЫДҰ көрсетілген деректер мен ақпаратты өз есебін дайындау мақсатында және жобаны жүзеге асыруға қолдану үшін пайдалануға және/немесе енгізуге құқылы.
6-бап. Дауларды шешу
Осы Келісімнің болуын, жарамдылығын немесе бұзылуын қоса алғанда, оны түсіндіруден, қолданудан немесе орындаудан немесе осыларға қатысты туындайтын келіссөздер жүргізу жолымен шешілуі мүмкін емес кез келген дау, келіспеушілік немесе наразылық осы Келісімді жасасу күні қолданыстағы аралық соттың тұрақты палатасының халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер үшін төрелік сотының факультативтік қағидаларына сәйкес міндетті күші бар түпкілікті төрелік талқылауымен шешіледі. Судьялардың саны – біреу. Судья Тараптар арасындағы уағдаластық жолымен таңдалады, егер төрелік талап еткеннен кейін үш айдың ішінде осындай қол жеткізілмесе, Судья жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес Тараптардың бірінің талабы бойынша тағайындалады. Төрелік сот Парижде, Францияда қаласында өтеді, барлық іс жүргізу мен берілетін түсініктемелер ағылшын тілінде болуға тиіс.
7-бап. Артықшылықтар мен иммунитеттер
Осы Келісімде ешнәрсе халықаралық ұйым ретінде ЭЫДҰ артықшылықтары мен иммунитеттерінен бас тарту деп түсіндірілмеуге тиіс.
8-бап. Өзгерістер мен толықтырулар
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша жекелеген хаттамалармен рәсімделетін және оның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
9-бап. Күшіне енуі
Осы Келісім оған екі Тарап та қол қойған кейін күшіне енеді және қолданыста болады. Ол екі Тарап та одан туындайтын барлық міндеттемелерді орындағанға дейін қолданылады және қолданыста болады.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі данадан алты төлнұсқа данаға қол қойылды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіндердің арасында сәйкессіздік болған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқасы жалғыз төлнұсқа болып табылады.
Қазақстан Республикасының Экономикалық ынтымақтастық
Үкіметінен және даму ұйымынан
Досаев Ерболат Рольф Альтер
Қазақстан Республикасының Ұлттық Мемлекеттік басқару және аумақтық
экономика министрі даму жөніндегі директораттың
директоры
Қолы:................... Қолы:.......................
Күні:................... Күні:.......................
Энтони Дж. Ротье
Атқарушы директор
Қолы:.......................
Күні:.......................
І қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Мемлекеттік басқаруды толық шолуға алып қосымша шолу (функционалдық шолу)» жобасы
Техникалық ескерту
Контекст
Қазақстан соңғы уақытта реттелетін салық-бюджет жүйесін дамытуды, мемлекеттік басқаруды нығайту мен бизнес-ахуалды жақсартуды, сондай-ақ тұрақты өсу мүддесі үшін әлеуметтік сала мен инфрақұрылымды жетілдіруге ресурстар бөлуді қоса алғанда, бірқатар маңызды реформалар қабылдады. Өз стратегиялық пайымы шеңберінде мемлекет 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған елдерінің 30-на кіруге ұмтылады.
Қазақстанның мемлекеттік секторын дамыту жолында әртүрлі салаларда, оның ішінде мемлекеттік басқаруда бірқатар кедергілер бар. Қойылған мақсаттарға жетудің міндетті шарты осы кедергілерді еңсеру болып табылатынын мемлекет сезінеді. Демократияны және мемлекеттік секторды дамыту «Қазақстан 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясындағы шешуші секторлар ретінде аталды.
ЭЫДҰ 2014 жылы жүргізген Орталық деңгейдегі билік шолуының («Шолу») барысында басталған жұмыстың жалғасы Мемлекеттік басқару жөніндегі елдік бағдарлама болып табылады және ЭЫДҰ құралдарына сәйкестікті және ЭЫДҰ-ның озық стандарттары мен практикасының тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуде Қазақстанға жәрдемдесу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы 2015 жылғы 22 ақпанда қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес бірқатар облыстарда қазақстандық реформалар бағдарламасын жалғастыруға ықпал ету оның мақсаты болып табылады.
Араласу салалары және әдіснама
ЭЫДҰ-ның Мемлекеттік басқару жөніндегі елдік бағдарламасы шолудан туындайтын жекелеген үш компоненттен тұрады. Осы Бағдарлама арқылы ЭЫДҰ мынадай негізгі үш бағыт бойынша Үкіметке жәрдем көрсету жолымен Қазақстандағы әкімшілік реформаға бастап жүргізілген талдауға өз үлесін қосады:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі құрастырған іске асыру жол картасына сәйкес шолуда қамтылған ұсынымдарды орындауға жәрдемдесу.
2. Құқықтық базаны, Қазақстанның мемлекеттік жоспарлау жүйесін және институционалдық жүйесін ЭЫДҰ-ға қатысушы елдердің үрдістері мен озық практикасы және Қазақстанның мемлекеттік басқаруын жаңғырту үшін әлеуеті неғұрлым жоғары салаларға қатысты мемлекеттік жоспарлау бойынша ұсынымдар контексінде өзіндік бағалаулар жүргізу. Мемлекеттік жоспарлаудың бағалаулары мынадай тақырыпқа шоғырланатын болады (қосымша есепке алынады) (А қосымшасын қараңыз):
. Сайланған мемлекеттік органдарда тиісінше мемлекеттік басқару қағидаттарын және корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу
. Көп деңгейлі басқару және биліктің суб-ұлттық деңгейлеріндегі басқару схемаларын жетілдіру
. Тиімді мемлекеттік сатып алу, бюджетті жоспарлау, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктер, ақпаратқа рұқсат және азаматтардың қатысуы есебінен айқындық пен тұтастықты арттыру.
. Шешім қабылдау процесіне гендерлік теңдік қағидаттарын енгізу жолымен мемлекеттік басқарудың және мемлекеттік билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру
3. ЭЫДҰ-ның құқықтық құжаттарына сәйкес (Б қосымшасын қараңыз) ЭЫДҰ тұжырымдаған тиісінше мемлекеттік басқару қағидаттарына сәйкестікті қамтамасыз ету процесінде Қазақстанға жәрдемдесу.
Семинарлар, тренингтер мен дөңгелек үстелдер өткізу арқылы бағдарлама мемлекеттік жоспарлау бойынша кеңес беру, саяси диалог және үздік практикамен алмасу тандемінде іске асырылатын болады. Қатысушы шенеуніктер, ғалымдар, сарапшылар және ЭЫДҰ мен Қазақстанның азаматтық қоғамы өкілдерінің қатарынан таңдалады.
Үш негізгі ақпарат дереккөзін шоғырландырудан Бағдарламаның әдіснамасы қалыптастырылады: фактілерді анықтау миссиясы, тірек мәліметтерді алдын ала жинау, сондай-ақ ЭЫДҰ-ның басқа елдерінің тәжірибесі негізіндегі сараптамалық бағалаулар. Осы әдіснаманы іске асыру нәтижелері жоба бойынша алдын ала және қорытынды есеп түрінде жазылатын болады.
Жоспарлау
Жоба миссиялардың, тексерулердің және құжаттама мен есептер талдауларының сериясы түрінде 2015 жылғы 1 маусымнан бастап 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін 19 ай бойы жүзеге асырылады. Жоба бойынша қызмет мыналарды қамтиды:
Іс-шара |
Сипаттама |
Кіріспе миссия — Астана |
Қазақстандық лауазымдық тұлғалармен бірге, басты байланыс жасайтын тұлғаларды, мерзімдер мен әдіснаманы келісуді қоса алғанда, Бағдарлама шеңберінде жұмыс жоспары мен жоспарланған іс-шараларды растау мен келісу Кіріспе миссияның мақсаты болып табылады. Сондай-ақ алдын ала деректерді жинау бойынша талқылаулар болуы мүмкін |
Іске асыруға жәрдемдесу миссиялары — Астана |
Миссиялар ЭЫДҰ ұсынымдарын орындауға жәрдемдесу шеңберінде қазақстандық лауазымды тұлғалармен бірқатар тақырыптық кездесулерді қамтитын болады. Бұл кездесулер жоғары лауазымды тұлғалар мен негізгі мүдделі тараптар өкілдерінің қатысуымен қазақстандық биліктің және азаматтық қоғамның әлеуетін өсіру мақсатында семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер мен көшпелі семинарлар форматында өтуі мүмкін |
Дайындық зерттеулерінің кезеңі |
Осы кезең Бағдарламаның шеңберінде фактілерді анықтау кезеңін жүргізу үшін тірек мәліметтер мен материалдарды дайындауды қамтитын болады |
Фактілерді анықтау — Астана |
Фактілерді анықтау кезеңі қазақстандық лауазымды тұлғалармен, азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдерімен және басқа да мүдделі тараптармен күтілетін нәтижелерге қатысты және дайындық зерттеулерінің кезеңіне сүйене көп жақты және жеке кездесулер сериясын қамтитын болады. |
Алдын ала есептер |
Аралық есептерді және шолудың шешуші салалары бойынша ықтимал бағдарларды қамтитын алдын ала есептердің жиынтығы дайындалады. Алдын ала есептердің көмегімен алдын ала зерттеулер мен фактілерді анықтау миссияларының нәтижелері расталады, сондай-ақ шолудың ықтимал бағыттары бойынша қазақстандық әріптестерден алдын ала пікірлер қабылданады. |
Қорытынды есептер |
Қазақстандық тарап үшін жиынтығында Мемлекеттік басқарудың толық шолуын құрайтын тақырыптық қорытынды есептер кешені дайындалады. Есептерде зерттеулердің шешуші нәтижелері және мемлекеттік жоспарлаудың бір қатарында Қазақстанмен бағдарлама жүргізуге әсер ету үшін әзірленген кепілдемелер қарастырылады. |
Консультативтік қызмет және ақпаратты тарату |
Қазақстанға ЭЫДҰ-ның мемлекеттік басқару жөніндегі ұсынымдарын орындауға көмектесу үшін ЭЫДҰ консультациялық қызмет көрсетеді. |
Баяндалған қызмет мынадай алдын ала жасалған кестеге сәйкес орындалуға тиіс (барлық көрсетілген күндер нақтылауға жатады):
Іс-шара |
Шамамен алынған күндер |
Кіріспе миссия мен фактілерді алдын ала анықтау |
маусым 2015 |
Ұсынымдарды орындауда қолдау көрсету – таңдалған мемлекеттік органдардағы басқару практикасын қайта өзгерту |
|
Іске асыру қызметі, оның ішінде ұсынымдарды іске асыру жол картасы бойынша жұмысты аяқтау және функционалдық және стратегиялық шолулар бойынша сарапшылық кеңестер |
|
Ұйымдастырушылық кездесу және мемлекеттік жоспарлаудың бағалаулары жөніндегі есептер үшін фактілерді анықтау (1,2) |
|
Екінші миссия — іске асыру қызметі және мүдделі тараптармен кездесулер |
қазан 2015 |
Іске асыру семинарлары – мемлекеттік жоспарлау мен саясатқа қатысты талдау, бағалау және тәуекелдерді басқару. ЭЫДҰ қатысушы елдердің сарапшыларымен және әріптестермен тәжірибе алмасу |
|
Жоғары лауазымды шенеуніктердің көшпелі кездесулері – министрліктің есеп берушілігі мен икемділігін, орталық органдардың функциялары мен рөлін арттыру. ЭЫДҰ қатысушы мемлекеттердің сарапшылары мен әріптестерімен тәжірибе алмасу |
|
Фактілерді анықтау және ЭЫДҰ есептерінің алдын ала нәтижелерін тексеру (1,2) |
|
Ұйымдастырушылық кездесу және мемлекеттік жоспарлаудың бағалаулары жөніндегі есептер үшін фактілерді анықтау (3,4) |
|
Үшінші миссия — іске асыру қызметі |
ақпан 2016 |
Дөңгелек үстел — Әкімшілік процессуалдық құқық және мүдделі тараптарды тарту: ЭЫДҰ-ның тәжірибесі мен озық практикасы |
|
Дөңгелек үстел — «Үкіметтің әртүрлі деңгейлерінің өзара іс-қимылы мен үйлестірілуін кеңейту» |
|
Төртінші миссия — іске асыру қызметі және мүдделі тараптармен кездесулер |
сәуір 2016 |
Есептердің шығарылымы (1,2) және іске асырудың жол карталарын әзірлеу |
|
Фактілерді анықтау және ЭЫДҰ есептерінің алдын ала нәтижелерін тексеру (3,4) |
|
Ұсынымдарды орындауды қолдау - таңдалған мемлекеттік органдарда басқарушылық практиканы өзгерту |
|
Бесінші миссия — іске асыру қызметі және мүдделі тараптармен кездесулер |
маусым 2016 |
Қазақстандағы нәтижеге бағытталған бюджеттеу және жоспарлау және ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесінен алынған сабақтар бойынша дөңгелек үстел |
|
Дөңгелек үстел – Қазақстанның мемлекеттік ұйымдарының қызметін бағалау: ЭЫДҰ-ның тәжірибесі мен озық практикасы |
|
Есептердің шығарылымы (3,4) және іске асырудың жол карталарын әзірлеу |
|
Қорытынды миссия – кіріспе миссияны, нәтижелерді жоғары деңгейде талқылау және одан арғы қызметті жоспарлау |
қазан 2016 |
ЭЫДҰ-ның мемлекеттік жоспарлауды бағалау нәтижелері бойынша жоғары лауазымды шенеуніктермен және мүдделі тараптармен кездесулер |
Күтілетін нәтижелер
Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің басты шенеуніктерінің және тиісті мүдделі тараптардың құзыреттерін дамыту арқылы Қазақстан бойынша Елдік бағдарламаның ортақ мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етуге тиіс. Осы құзыреттер, өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінде ЭЫДҰ-ның мемлекеттік басқару қағидаттарына сәйкес келетін әлемдік деңгейдегі мемлекеттік басқару жүйесін дамыту үшін озық тәсілдерді одан әрі енгізу үшін қаланған іргетас болуы және Қазақстанның ЭЫДҰ-ның Мемлекеттік басқару жөніндегі комитетіне қатысуын кеңейтуге және ЭЫДҰ құқықтық құжаттарына сәйкестігін қамтамасыз етуге ықпал етуі мүмкін.
А-қосымшасы: Мемлекеттік басқаруды жекелеген бағалалаудын қысқаша баяндау
Таңдалған мемлекеттік органдарда тиісті деңгейде мемлекеттік басқару қағидаттарын және корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу:
Мемлекеттік секторды басқарудың және корпоративтік басқарудың дүниежүзілік қабылданған қағидаттарын қолданылуы үкіметтің тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді және жалпы қоғамға пайдалы. Мемлекеттік жоспарлауды бағалаудың мақсаты басқа да ұқсас мекемелер мен ЭЫДҰ мүше елдердің озық практикасының призмасы арқылы жекелеген басты қазақстандық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік және корпоративтік басқарудың жағдайына көз жүгірту болып табады. Осы практикалар айқындықты, есеп беруді, қызметті бағалалауды және функцияларды бөлудің маңыздылығын қамтиды – бұның бәрі Қазақстанның Бес қайта құрылымына сәйкес келеді. Бұдан басқа, Қазақстанның мемлекеттік аппаратын бағалалауды жүргізумен қатар осы процестің нәтижесінде пайда болатын институттарда басқарудың озық практикасын қолдану мүмкіндігін қарастыру қажеттігі туындайды. Мемлекеттік жоспарлауды бағалалау Қазақстанға одан әрі дамуға жәрдемдесу мақсатында қазіргі қолданыстағы мемлекеттік басқару жүйесін айқындайтын, сондай-ақ контексттік және институционалдық-ерекше нәтижелерді анықтайтын құрылымы қарастыратын болады. Шолудың нәтижелері бойынша ұсынымдар шеңберінде мемлекеттік жоспарлауды бағалалау объектілері ретінде бір немесе екі министрлікті, мемелкеттік мекемелерді немесе министрліктерге жапайтын мемлекеттік органдарды (мысалы, агенттіктер, кеңестер, білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы мекемелер) таңдау ұсынылады.
Көп деңгейлі басқарудың және биліктің суб-ұлттық деңгейлеріндегі басқарудың схемаларын жетілдіру
Қазақстандықтардың өмірінде жергілікті биліктің деңгейі аса маңызды болып келеді, және елдің экономикалық дамуында негізгі рөлді атқарады. Бұл биліктің ұлттықтан суб-ұлттық деңгейге орталықсыздануы нәтижесінде орын алуда. Қазақстанның өз үкіметін функционалдық бағалауды жүргізуіне қарай рөлдер мен міндеттерді қайта құру нәтижесінде мемлекеттік басқару органдарын өзгерту қажеттігі туралы мәселе туындайды. Бұл контексттегі мемлекеттік жоспарлауды бағалау жергілікті билік органдарының әртүрлі институттары үшін ортақ мемлекеттік басқару жүйесін және ұқсас салалардағы және ЭЫДҰ-ға мүше елдердегі мемлекеттік басқару жүйелеріне қаншалықты сәйкестігін келгенше қарастырады. Сондай-ақ орталық және жергілікті биліктің өзара байланыс мәселелері өзекті болуы мүмкін.
Тиімді мемлекеттік сатып алу, бюджетті жоспарлау, мемлекеттік-жеке меншік айқындық пен кәсіби этиканы әріптестік, ақпаратқа қолжетілділік және азаматтардың қатысуы есебінен арттыру:
Барлық қызмет саласындағы ашықтық пен айқындықты арттыру жалпы қоғамға ғана пайдалы емес (яғни, азаматтарға, кәсіпорындарға және азаматтық қоғамға), сонымен қатар билік жұмысын анағұрлым кеңінен түсінуді жақсартуға ықпал етеді: ашықтық пен айқындық анағұрлым тиімді және ұтымды мемлекеттік басқарумен және түпкілікті нәтижелерді жақсартумен байланысты деген идеяны жақтаушылар көбеюде. Ашық үкімет сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен адал басқармаудан қорғайды. Осы мемлекеттік жоспарлауды бағалауда қажет болған жағдайда, жеке сектормен әріптестік және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік сияқты мемлекеттік қызметтер көрсетудің баламалы схемасын қоса алғанда, ЭЫДҰ ұсынған мемлекеттік ашықтықтың көрсеткіші аясында үкіметтің орталық басқару рәсімдерін қарау ұсынылады.
Гендерлік теңдік қағидаттарын шешім қабылдау процесіне енгізу жолымен мемлекеттік басқарудың және мемлекеттік билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру:
Барлық дүниежүзіндегі биліктер біртіндеп қоғамда гендерлік теңдік және әртүрлілік қағидаттарының дамуы, әдетте мемлекеттік басқаруда және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында барынша инклюзивті саясатты әзірлеуге және нәтижесінде ең жақсы түпкілікті нәтижелерге апарады деген тұжырымға келеді. Осыған байланысты, мемлекеттік жоспарлау мен басқаруда «әртүрлілік және гендерлік теңдік призмасы» тәсілін қолдану ЭЫДҰ елдеріндегі тұрақты практика ретінде бекітілді және басқа елдерге көмектесе алатын тәжірибе көптеп жинақталады. Осы мемлекеттік жоспарлау бағалалауының шеңберінде ЭЫДҰ қазақстандық мемлекеттік органдар шешім қабылдауындағы фактор ретінде гендерлік инклюзивтік саласында бүгінгі жағдайды қарастырады. Осы практикалар Қазақстанға іске асыруға дайын іс-қимыл жоспарын әзірлеу мақсатында ұқсас мемлекеттермен, сондай-ақ ЭЫДҰ ел-мүшелерімен салыстыра отырып бағалады.
Б-қосымшасы: ЭЫДҰ-ның мемлекеттік басқару саласындағы ұсынымдары
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктерді мемлекеттік басқару қағидаттары бойынша Кеңестің ұсынымы [C(2012)86]
Сипаттамасы: Осы ұсынымға сәйкес: 1) құзыретті және жақсы дайындалған биліктерге сүйенетін нақты, болжанылатын және заңды институционалдық база қалыптастыру; 2) қаражатты ұтымды жұмсау мүддесінде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктерді таңдау; 3) фискалдық тәуекелдерді қысқарту және сатып алу процесінің біртұтастығын қамтамасыз ету мақсатында бюджеттік жоспарлау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктерді мемлекеттік басқару қағидаттарын тиісінше ескеру қажет.
2. ЭЫДҰ-ның Мемлекеттік қызметтегі мүдделер дауын шешу жөніндегі нұсқаулығына қатысты Кеңестің ұсынымы [C(2003)107]
Сипаттамасы: Мемлекеттік шенеуніктердің жеке мүдделерінің лауазымдық шешімдерді қабылдауға ықпал ету проблемасы өте өткір мәселе болып отыр. Осы проблеманы шешу үшін мемлекеттік сектордағы мүдделер дауын тексеру және ол бойынша өз саясаттарын жаңғыртуға үкіметтерге жәрдемдесетін бірінші халықаралық стандарт ұсынымға қосылды. Саясаттарды тұжырымдау мен іске асырудың кешенді стандарттары көзделеді, сондай-ақ бизнес-ортаның біртұтастығын жақсарту мен нығайту бойынша әрбір сектордың жауапкершілігін тұжырымдау арқылы мемлекеттік сектордың, жеке және коммерциялық емес секторлардың ынтымақтастығы құпталады.
3. Мемлекеттік қызметтегі этиканы басқару қағидаттарын қоса алғанда мемлекеттік қызметтегі этикалық мінез-құлықты жақсарту бойынша Кеңестің ұсынымы [C(98)70/FINAL]
Сипаттамасы: Осы ұсыным ұсыным алушыларға өздерінің этиканы басқару жүйелеріне талдау жүргізуге көмектесу мақсатымен Мемлекеттік басқару комитетімен келісілген мемлекеттік қызметтегі этиканы басқару қағидаттары кешенінен тұрады.
4. Үкіметтің қызметін реттеу сапасын жақсарту бойынша Кеңестің ұсынымдары [C(95)21/FINAL]
Сипаттамасы: осы ұсынымға сәйкес елдер үкіметтің қызметін реттеу сапасы мен ашықтығын қамтамасыз ету бойынша: 1) осы ұсынымның ажырамас бөлігі болып табылатын реттеушілік шешімдер қабылдау үшін анықтамалық бақылау тізбесінде жазылған қағидаттарға сүйене отырып, реттеу нормаларын әзірлеу, іске асыру, бағалау мен қайта қарау үшін басқару мен жоспарлау процестерінің сапасы мен нәтижелерін бағалау, 2) әкімшілік және басқарушылық жүйелердің құқықтық қағидаттары мен басты дәстүрлеріне тиянақтылықпен қарау және оларға сәйкестік мүддесінде – әкімшілік және басқарушылық жүйелері арқылы шешімдерді тиісінше қабылдау қағидаттары реттеулік шешімдер түрінде көрініс табатын болады; 3) биліктің барлық сатыларындағы реттеушілік процестерге ұтымды, икемді және ашық түрде енгізу мақсатында шешімдер қабылдау қағидаттарының интеграциясы; 4) басқа елдерді қозғауы немесе халықаралық саудаға, инвестицияларға немесе халықаралық қатынастардың басқа да аспектілеріне ықпал етуі мүмкін реттеу нормаларына қатысты реттеу сапасын және оның ашықтығын мұқият бақылау бойынша тиімді шаралар қабылдаулары тиіс.
5. Реттеушілік саясат және басқару бойынша Кеңестің ұсынымы [C(2012)37]
Сипаттамасы: Осы ұсыным жоғары сапа стандарттарына дейін реттеушілік жүйенің жобалануын, орындалуын және бағалануын жақсарту үшін қажетті қағидаттар, механизмдер мен институционалдық база бойынша нақты және уақтылы сүйемелдеуді ұсынады. Ұсыным үкіметтерге әлеуметтік, экологиялық және экономикалық аралық үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін реттеуді тиімдірек пайдалануға көмектеседі, сондай-ақ секторлар мен экономикалардың өзара тәуелдігімен байланысты консультациялардың, келісудің, өзара іс-қимыл жасау ынтымақтастықтың маңыздылығына баса назар аудара отырып реттеушілік реформаға «жалпы үкіметтік» тәсілді қолдайды.
6. Электронды үкіметтің стратегиялары бойынша ЭЫДҰ-ның ұсынымы.
Сипаттамасы: Үкіметті азаматтар мен бизнеске жақындастыратын электрондық үкіметтің стратегияларын дамыту мен енгізуді қолдау осы ұсынымның мақсаты болып табылады. Ұсынымға сәйкес заманауи технологиялар мемлекеттік сектордың ұтымдылығын арттыратын стратегиялық драйвер ғана болып табылмайды, сонымен қатар олар мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелілігін арттырады және неғұрлым ашық, айқын, инновациялық, ұжымдық және сенімді үкіметтердің қалыптасуына алып келеді. Бұл ретте, жаңа технологиялық мүмкіндіктердің пайда болуы жаңа тәуекелдердің және үкіметтер әрдайым қанағаттандыра алмайтын қоғам тарапынан едәуір маңызды үміттенулердің пайда болуымен байланысты екенін түсіну қажет. Көптеген үкіметтер осы күнге дейін технологияны мемлекеттік басқарудың түпкілікті нәтижелерін қалыптастыру үшін ынтымақтастық құралдары ретінде пайдаланбайды. Мемлекеттік басқарудың қазіргі ішкі процестерін бекітетін технологияға «бәрі әдеттегідей» деген көзқарас жобалардың шықпай қалуына және халық тарапынан сынға ұшырауға ғана алып келеді.
7. Мүдделік қолдау процесіндегі ашықтық пен біртұтастық қағидаттары бойынша Кеңестің ұсынымы [C(2010)16]
Сипаттамасы: Мүдделік қолдау практикасы мен шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету қажеттігінің айналасында көп даулар туындауда. Мүдделік қолдау құнды деректер ұсыну және консультация беру есебінен үздік мемлекеттік жоспарлауға ықпал етуі мүмкін. Дегенмен де, мүдделік қолдау ашықтығының жақсы жасалған схемасы қоғамдық мүддені қорғаудың, бизнес үшін бірдей жағдайды қамтамасыз ету мен ықпалды топтар тарапынан толық қамтитын бақылауға жол бермеу маңызды шарт болып табылады. Осы ұсынымда қамтылған мүдделік қолдаудың ашықтығы мен біртұтастығының қағидаттары саясаткерлерге мүдделік қолдау практикасымен байланысты проблемаларды шешуге көмек беруге арналған. Осы ұсыным ағымдағы дағдарыс контексінде, сондай-ақ тұтас секторлар үшін нормаларды қайта қарауды бастаған елдер үшін ерекше өзекті. Ол - күшті, әділ және таза экономиканы дамыту үшін ЭЫДҰ стратегиясының құрамдас бөліктерінің бірі.
8. Сыни тәуекелдерді басқару бойынша ЭЫДҰ-ның ұсынымы [MIN(2014)/8]
Сипаттамасы: осы ұсыным төтенше жағдайлардың нәтижесінде өсіп келе жатқан залалға жауап ретінде әзірленді. Онда тәуекелдерді басқаруға қатысты бүкіл қоғам деңгейінде қызметке толықтай өтуді жүзеге асыру ұсынылады. Неғұрлым сапалы бағалау, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою және төтенше жағдайлардан кейін қалпына келтіру мақсатында, сондай-ақ күтпеген жағдайларға тұрақтылықты дамыту мақсатында жеке сектормен және басқа да билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау кезінде биліктің барлық деңгейлерінде үкіметтер шара қолдануы мүмкін шаралар ұсынылады.
Әзірлеу кезеңіндегі ұсынымдарды орындау
Мемлекеттік сатып алу бойынша Кеңес ұсынымының жобасы
Сипаттамасы: осы ұсыным жобасы мемлекеттік сатып алу жүйелерін іске асыру мен реформалау мәселелері бойынша шенеуніктерді сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Осы ұсыным қазіргі Мемлекеттік сатып алуда ізгілікті арттыру бойынша Кеңестің ұсынымын өзектілендіруге және алмастыруға тиіс [C(2008)105]. Инклюзивтік өсуді ынталандыратын мемлекеттік сатып алуға барлығын қамтитын тәсілді әзірлеуде елдерге жәрдем көрсету үшін мемлекеттік сатып алумен байланысты мәселелерді жан-жақты және ауқымды түрде шеше алатын құқықтық құралға деген қажеттілік пайда болды. Бұл тәсіл ұтымдылықты және үнемдеуді қамтамасыз етеді, бірақ мемлекеттік сатып алуды стратегиялық мемлекеттік басқарудың маңызды бағаны ретінде жайғастырады. Ұсыным жобасы ЭЫДҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуропалық одақ сияқты басқа да ұйымдар шеңберінде әзірленген халықаралық құқықтық құралдардың іске асырылуын қолдайды. Қазақстанның Мемлекеттік басқару комитетінің шақыртылған қатысушы мәртебесі бар екендігін республиканың осы ұсынымды жасау және бекіту бойынша талқылауларға қатысуын ескере отырып жан-жақты құпталады.
ІІ-қосымша
Смета, евромен
Санаты |
Жалпы құны, евро |
Персонал |
259 031 |
Операциялық шығыстар (АТ, жұмыс орны) |
38 136 |
Консультанттар |
130 000 |
Миссияның құны |
169 000 |
Өзге де шығыстар (жариялау, аудару) |
39 798 |
ЭЫДҰ, грантты жүргізгені үшін әкімшілік алым |
35 537 |
Жалпы тікелей шығындар |
670 501 |
Ескертпе: бір бап бойынша қаражаттың артық жұмсалуы бұл
ретте жалпы бюджет шеңберінде қала отырып, басқа бап
бойынша толық жұмсалмау есебінен өтелуі мүмкін.
Сметада ЭЫДҰ Шолуын дайындаумен байланысты шығындар есепке алынады.
Осы смета мынадарды қамтымайтынын атап өту қажет:
жергілікті топты ұйымдастыру мен оның жұмысын қаржыландыру
миссиялардың жұмысы барысында ел ішіндегі логистикалық және ұйымдастыру шығындары (тұруды, Қазақстанға/Қазақстаннан авиаұшуларды, Қазақстанның ішіндегі ішкі ұшуларды қоспағанда, ЭЫДҰ тобын тамақтандыру – мұның барлығы сметаға кіреді).
іске қосуға қатысатын ЭЫДҰ персоналы үшін миссия жүргізу шығындарын қоспағанда, Қазақстандағы кез келген кіріспе іс-шараның құны (таныстырылымдар немесе шолудан кейінгі конференциялар).
қазақстандық өкілдердің ЭЫДҰ-дағы кездесулерге шығулары.
шолуды, егер қажет болған жағдайда қазақ немесе орыс тілдеріне аудару және басып шығару.
Жоба ағылшын тілінде жүргізіледі. Зерттеу нәтижелерін қатысушы тараптар талқылайды. ЭЫДҰ өз зерттеулерінің нәтижелерімен Қазақстан Республикасының Үкіметімен бөліседі.
ІІІ-қосымша
ШЫҒЫСТАР ТУРАЛЫ ҮЛГІЛІК ЕСЕП
ЭЫДҰ
Экономикалық ынтымақтастық
және даму ұйымы
Сіздің деректемелеріңіз: донор және сілтеме:ХХХ
Біздің деректемелер: xxx
Сала: XXX
Сілтеме: шығыстар саалсын сипаттау
Жарнаның сомасы: XXX евро
КК/АА/ЖЖ-дан КК/АА/ЖЖ дейінгі кезең
_____________________________________________________________________
Шығындардың атауы Сомасы, евромен
_____________________________________________________________________
Персонал XXX
Операциялық шығыстар (АТ, жұмыс орны) XXX
Көліктік шығыстар XXX
Консультанттар XXX
Өзге де шығыстар (жариялау, аудару) XXX
ЭЫДҰ, грантты жүргізгені үшін әкімшілік алым (5,3%) XXX
_____________________________________________________________________
Тікелей шығыстар бойынша жиыны XXX
_____________________________________________________________________
Директор Бухгалтерлік бөлімнің басшысы
ЭЫДҰ ЭЫДҰ
Шығындар саласы