Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Сот төрелігіне халықаралық қол жеткізу туралы конвенция бойынша Қазақстан Республикасынан орталық және беруші органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Сот төрелігіне халықаралық қол жеткізу туралы конвенция бойынша Қазақстан Республикасынан орталық және беруші органдарды айқындау туралы
1980 жылғы 25 қазанда Гаагада жасалған Сот төрелігіне халықаралық қол жеткізу туралы конвенцияға (бұдан әрі - Конвенция) сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қазақстан Республикасынан орталық және беруші органдар ретінде айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрлігіне қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев