"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 396 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 15 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

      «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 52, 507-құжат; 2001 ж., № 23, 283-құжат; 2006 ж., № 50, 530-құжат, 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 30, 292-құжат; № 48, 543-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат, № 29, 249-құжат; 2010 ж., № 40, 355-құжат; 2011 ж., № 37, 445-құжат; 2012 ж., № 31, 404-құжат; № 54, 719-құжат; № 77-78, 1131-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; № 35, 509-құжат; 2014 ж., № 4, 29-құжат; № 28, 227-құжат; № 55-56, 538-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына мыналар енгізілсін:

Сапарбаев                  - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бердібек Машбекұлы           Министрінің орынбасары,

Кармайн                    - «ЕҮ» компаниясының клиенттермен жұмыс
Ди Сибио                     жөніндегі басқарушы әріптесі,

Ван Дунцзин                - «CNPC» компаниясының вице-президенті,

Сами Искандер              - «Би Джи Групп» компаниясының өндіру
                             жөніндегі бас басқарушы директоры,

Джим Коулз                 - «Ситигрупп» компаниясының Еуропа, Таяу
                             Шығыс және Африка елдеріндегі бас
                             атқарушы директоры,

Дэвид Крукшэнк             - «Делойт» компаниясының халықаралық
                             директорлар кеңесінің төрағасы,

Панкин                     - «Еуразия даму банкі» акционерлік
Дмитрий Владимирович         қоғамының басқарма төрағасы,

Эрик Шеер                  - «Бейкер және Макензи Интернешнл»
                             компаниясының атқарушы комитетінің
                             мүшесі және бас директорының орынбасары;

      көрсетілген кеңестің құрамынан Г.Н. Әбдіқалықова, Д. Фераро, С. Алмонд, Д. Харикен, К. Ванхарентс, И.В. Финогенов, К. Финлейсон шығарылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н.Назарбаев

      Астана, Ақорда, 2015 жылғы
                  №

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады