Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін айқындау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 404 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 211-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.10.2022 № 827 қаулысымен.

      1. Мыналар:

      осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын;

      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлері айқындалсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы "4" маусымдағы
№ 404 қаулысына
1-қосымша

Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.10.2022 № 827 қаулысымен.

Р/с

Мүліктің атауы

1

Тұрғынжайларды, жер учаскелерін және көпжылдық екпелерді қоспағанда, жылжымайтын мүлік

2

Аяқталмаған құрылыс объектілері

3

Медициналық мақсаттағы көлікті қоспағанда, көлік

4

Медициналық бұйымдарды қоспағанда, өнеркәсіп тауарлары

5

Мұнай және оны өңдеу өнімдері

6

Бағалы қағаздар, жарғылық капиталдардағы қатысу үлестері

7

Техникалық құрылғылар

8

Бағалы металдар, асыл тастар және олардан жасалған бұйымдар

9

Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2015 жылғы "4" маусымдағы
  № 404 қаулысына
  2-қосымша

Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.10.2022 № 827 қаулысымен.

Р/с

Мүліктің атауы

1

Тұрғынжайлар, жер учаскелері және көпжылдық екпелер

2

Жануарлар, жануарлардан алынатын шикізат

3

Жемшөп

4

Азық-түлік тауарлары

5

Астық

6

Ағаш материалдары

7

Дәрілік заттар, медициналық бұйымдар

8

Минералды шикізат, пайдалы қазбалар

9

Агрохимикаттар, пестицидтер

10

Этил спирті және алкоголь өнімі

11

Темекі және темекі бұйымдары

12

Медициналық мақсаттағы көлік

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады