"Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 409 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 123 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларында:
      3-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) скринингтік зерттеулер жүргізуге:
      әйелдер арасында жатыр мойны обырын анықтауға;
      ересек тұрғындар арасында колоректалдық обырды екі кезеңдік әдіспен анықтауға;
      Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Астана және Алматы қалаларының ер адамдары арасында қуықасты безі обырын анықтауға;
      Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Астана және Алматы қалаларының тұрғындары арасында өңеш обырын, асқазан және бауыр обырын анықтауға;
      сүт безі обыры бойынша скринингтің екінші кезеңін жүргізуге;»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Осы Қағидалардың 5-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген амбулаториялық-емханалық ұйымдарда онкологиялық, маммологиялық кабинеттер, консультациялық-диагностикалық емханаларда (орталықтарда), көпбейінді ауруханалардың бөлімшелерінде проктологиялық кабинет ашуға және олардың жұмыс істеуіне арналған шығыстарды қоспағанда, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары уәкілетті орган бекітетін ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларына сәйкес ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүзеге асырады.»;
      4-тарау алып тасталсын.
      2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады