Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2014 жылғы 21 қарашада Ашғабатта жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің визаларын өзара тану туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттама бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
1992 жылғы 13 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің визаларын өзара тану туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 1992 жылғы 13 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің визаларын өзара тану туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің Үкіметтері
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар 1992 жылғы 13 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің визаларын өзара тану туралы келісімнің қолданысы тоқтатылды деп санайды.
2-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы депозитарийдің соңғы хабарламаны алған күнінен бастап 30 күн өткеннен кейін күшіне енеді.
2014 жылғы 12 қарашада Ашғабат қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол оның куәландырылған көшірмесін осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке жібереді.
Әзербайжан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Армения Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының Түрікменстанның
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының Украина
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Молдова Республикасының
Үкіметі үшін
Осымен бірге ұсынылған мәтіннің 2014 жылы 21 қарашада Ашғабат қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің отырысында қабылданған 1992 жылғы 13 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің визаларын өзара тану туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы Хаттама көшірмесінің теңтүпнұсқасы екенін растаймын.
ТМД Атқарушы хатшысы -
Атқарушы комитет
Төрағасының бірінші орынбасары В.Гаркун