Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылып отырған инвестициялық жобалардың 2015 жылға арналған тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 439 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 216-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылып отырған инвестициялық жобалардың 2015 жылға арналған тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасының
Үкіметінің       
2015 жылғы 17 маусымдағы
№ 439 қаулысымен    
бекітілген      

Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылып отырған инвестициялық жобалардың 2015 жылға арналған тізбесі

Р/с №

Жобаның атауы

Жобаның жалпы құны

Іске асыру кезеңі (жылдар)

Мемлекеттік кепілдіктің
мөлшері

Қарыз алушы

1

2

3

4

5

6

1

Азия Даму
Банкі қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы шағын және орта бизнесті қаржыландыру

228, 00 млн. АҚШ долларына балама

2015 2020

228, 00 млн. АҚШ долларына балама

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады