Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудитор таңдау жөнінде конкурстық комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 441 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудитор таңдау жөнінде конкурс өткізу үшін мынадай құрамда комиссия құрылсын:

Бекетаев             - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі,
Руслан Бақытжанұлы     төраға

Есенов               - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Амангелді Сағандекұлы  Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасы
                       Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері
                       бойынша өзара іс-қимыл департаментінің
                       директоры, төрағаның орынбасары

Құсайынов            - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика
Марат Әпсеметұлы       бірінші вице-министрі

Баеділов             – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қанат Ескендірұлы      Қазынашылық комитетінің төрағасы

Биниязов             - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Дархан Берікұлы        Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасы
                       Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері
                       бойынша өзара іс-қимыл департаменті
                       директорының орынбасары

Тортаев              - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бауыржан Қадырұлы      Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг
                       бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісім
                       бойынша)

Ахметов              - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты
Рашит Сайранұлы        Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы
                       (келісім бойынша)

Сабильянов           – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі
Нұртай Салихұлы        Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (келісім
                       бойынша)

Мұхаметкәрім         – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
Айгүл                  жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісім
Мұхаметкәрімқызы       бойынша)

Ибраймов             – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Монетарлық
Дәурен Қалмұханұлы     операциялар және активтерді басқару
                       департаменті директорының орынбасары (келісім
                       бойынша).

      2. Конкурстық комиссия заңнамада белгіленген тәртіппен 2015 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2015 – 2016 жылдарға жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөніндегі конкурсты өткізсін және оның нәтижелері бойынша конкурс жеңімпазын айқындасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады