Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 260-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi»;
2) кіріспе, 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі), 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі, «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
2. Мыналар:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық органдары – республикалық меншікке;
аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық меншікке жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2015 жылғы 17 маусымдағы
№ 446 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 26 шілдедегі
№ 833 қаулысымен
бекітілген
Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті (бұдан әрі – мүлік) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарға қолданылмайды.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі — уәкілетті орган) осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мынадай мүлікті:
1) тәркіленген мүлікті;
2) сот актілерінің негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай айғақтарды (бұдан әрі – заттай айғақтар);
3) мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұратын көмбелерді (бұдан әрі – көмбелер);
4) лауазымдық жағдайына байланысты немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне берілген, арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жататын сыйлықтарды (бұдан әрі – сыйлықтар);
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимінде ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
4. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мынадай мүлікті:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған;
2) мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен, сондай-ақ қайтыс болған адамнан мұрагерлiкке қалған;
3) олжаларды;
4) қараусыз қалған жануарларды;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимінде орналастырылған тауарларды;
6) мәдени құндылықтарға жататын заттарды қамтымайтын көмбелерді (көмбедегі үлесті);
7) тәркіленген мүлікті;
8) сот актілерінің негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай айғақтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
5. Уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарына олар белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысанда мүлік туралы мәліметтерді ұсынады.
2. Мүлікті есепке алу және сақтау
6. Мүлiктi есепке алу:
1) тиiстi сот актілерi;
2) нотариус беретiн мемлекеттiң мұрагерлiкке құқығы туралы куәлiк;
3) кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режиміне сәйкес мәлiмделген кедендік жүк декларациясы;
4) мемлекет меншiгiнiң құқығы туындағанын растайтын өзге де құжаттар негiзінде жүзеге асырылады.
7. Мүлiк осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi негiзiнде беріледi. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi (бұдан әрi – тiзiмдеу актiсi) онда көрсетiлген тараптардың саны бойынша жасалады.
8. Тәркіленген мүлікті, заттай айғақтарды, сондай-ақ бұрын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды алып қойған (берген) сот орындаушылары немесе органдар (тұлғалар) уәкілетті органды немесе жергілікті атқарушы органды мүлікті беру күні, орны және уақыты туралы олардың орындалуына дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып және өзге де (алып қою актілері, сот сараптамасының актілері, атқару парақтары және басқалары) құжаттар болған кезде жазбаша хабарлайды.
Мүлікті сот орындаушыларынан немесе мүлікті алып қойған (беретін) органдардан (тұлғалардан) уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға беру мүлікті сақтау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің қатысуымен, уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның тізімдеу актісін жасай отырып белгіленген күні, уақытында және орнында жүзеге асырылады.
9. Тiзiмдеу актiлерiн есепке алу үшiн осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiлерiн есепке алу кiтабы (бұдан әрi – есепке алу кiтабы) жүргiзiледi. Есепке алу кiтабына тiзiмдеу актілерi түсуіне қарай тiркеледi. Есепке алу кiтабындағы жазбалар уақтылы, анық және түзетілмей жүргiзiлуi тиiс. Есепке алу кiтабы нөмiрленуге, тігілуге және уәкiлеттi органның немесе жергілікті атқарушы органның мөрiмен бекітілуге тиiс.
10. Тізімдеу актісі есепке алу кітабына енгізілгеннен кейін әр жазбаға мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгіленген нысан бойынша түгендеу карточкасы ашылады. Түгендеу карточкасының тақырыбында мүліктің кімге берілгені, сондай-ақ мүлікті беру уақыты туралы мәліметті қамтылуға тиіс. Мүлікті сатқан кезде түгендеу карточкасында бюджетпен есеп айырысу мерзімдері, төлем құжатының (тарының) нөмірі мен күні көрсетіледі.
Түгендеу карточкасына тізімдеме актісінің нөміріне сәйкес келетін нөмір беріледі. Мүлік бір тізімдеме актісі бойынша бірнеше ұйымға берілген жағдайда, түгендеу карточкалары бір нөмірмен әр ұйымға жеке ашылады.
11. Жергілікті атқарушы орган иесіз жылжымайтын затты есепке алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін бұл затты коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгінеді.
12. Мүлікті сақтау 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Негізгі бөлім) белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.
Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.
Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді.
Республикалық меншікке (коммуналдық меншікке) айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдауды уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
13. Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті тасымалдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.
Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті тасымалдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді.
Мүлікті тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Мүлікті бағалау
14. Мүлікті одан әрі пайдалану, оның ішінде өткізу немесе беру үшін бағалау «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.
Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.
Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді.
Бағалаушыны таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
15. Ақша мен төлем құжаттары бағалаушыны тартпай-ақ атаулы құны бойынша бағаланады.
4. Мүлікті одан әрі пайдалану
16. Мүлікті одан әрі пайдалану туралы шешімді (республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына беру, оның ішінде балалар үйіне, қарттар және мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге өтеусіз беру, өткізу немесе жою) уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
Мүлікті одан әрі пайдалану туралы мәселелерді қарау үшін уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады, оның құрамына уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның өкілдері, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының келісімімен жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, сондай-ақ қажет болған кезде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, мемлекеттік кірістер органдарының және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері кіреді.
Комиссия туралы ережені уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган әзірлейді және бекітеді.
Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамнан тұрады. Комиссияның төрағасы уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның өкілі болады. Хатшы комиссияның мүшесі болып табылмайды.
Комиссияның шешімдері қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады, ұсынымдық сипатта болады және хаттамамен ресімделеді. Дауыстар тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның шешімдері уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган үшін ұсынымдық сипатта болады.
17. Мүлікті одан әрі пайдалану (республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына беру, оның ішінде балалар үйіне, қарттар және мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге өтеусіз беру, өткізу немесе жою) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
18. Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылығы болуы мүмкін мүлікке «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын арнайы комиссия сараптама жасайды.
Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылыққа жатқызылған мүлік тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мұражайларға өтеусіз берілуі мүмкін.
19. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдарды қабылдау, есепке алу, тасымалдау, бағалау, сақтау, пайдалану, өткізу және жою тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
20. Ақша түрiндегі мүлiк бюджет кiрiсiнің есебіне жатқызылады.
Шетел валютасы операция жасалған күнi белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдары арқылы бюджет кiрiсiнің есебіне жатқызылады. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған, айырбасталмайтын шетел валютасын қабылдау, сақтау, өткізу тәртібін, сондай-ақ оларды өткізуден түскен ақшаны бюджет есебіне жатқызу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Ақша түрiндегi мүлiктi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және олардың филиалдарына берудi осындай мүлiктi алған орган мүлiктiң сомасы, берілу уақыты және алушысы көрсетілген беру туралы хабарламаны уәкiлетті органға жiбере отырып жүргiзедi.
21. Мемлекеттік меншіктің құрамына түскен салымдар (депозиттер) сомасын банктер номиналды түрде толық көлемінде бюджеттің кiрiсiне аударады.
22. Осы Қағидалар лотерея билеттерi бойынша ұтыс түрiндегі мүлiкке қолданылады. Лотерея билеттері бойынша заттай ұтыстың құнын лотереяның ұйымдастырушысы болып табылатын тұлға бюджет кірісінің есебіне жатқызады.
Лотерея билеттерiн беру тiзiмдеме актiсi бойынша жүргiзiледi, онда лотереяның атауы, шығарылған күнi, ұтыс ойынын жүргiзген тұлғаның атауы, билеттердiң сериясы, нөмiрi және ұтыстың сомасы көрсетiледі.
23. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) тұрғын үйлер мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына қосылады.
Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне түскен тұрғын үйлерді одан әрі пайдалану тәртібі «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
24. Уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға тапсырылған сыйлықтар арнаулы мемлекеттiк қорды құрайды. Арнаулы мемлекеттiк қордағы мүлікті өткізу «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшелiктер ескеріле отырып жүргiзiледi.
25. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар немесе оларға теңестірілген адамдар және олардың отбасы мүшелері бiлмей келiп түскен сыйлықтар, сондай-ақ олар өздерінің лауазымдық жағдайларына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған сыйлықтар уәкілетті органға тізімдеу актісі бойынша тапсырылады.
Лауазымдық жағдайларына байланысты немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне жария түрде немесе ресми іс-шаралар кезінде берілген (тапсырылған), құны Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген он айлық есептік көрсеткіштен асатын сыйлықтар уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органдарға тізімдеу актісі бойынша тапсырылады.
Арнайы мемлекеттiк қорға тапсырылған сыйлықтарды есепке алуды, бағалауды және сақтауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы органға тапсырылған сыйлықтар есепке алуды, сақтауды және бағалауды ұйымдастыру үшін уәкілетті органға берілуге тиіс. Жергілікті атқарушы орган уәкілетті органға тізімдеу актісіне қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жібереді.
26. Арнайы мемлекеттік қордың бағалы металдардан жасалған сыйлықтарын сараптауды, бағалауды және сақтауды оларды өткізгенге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
27. Сыйлықты тапсырған тұлға оны сатып алудан жазбаша түрде бас тартқаннан кейін ғана уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар арнаулы мемлекеттік қордан сыйлықты үшінші тұлғаларға өткізуге құқылы.
28. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) жер учаскелері мемлекеттік жер қорына қосылады.
Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған жер учаскелерін одан әрі пайдалану тәртібі 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексімен реттеледі.
5. Ең төменгі бағамен өткізілмеген мүлікті пайдалану және жою тәртібі
29. Ең төменгі бағамен өткізілмеген мүлікті пайдалану және жою мынадай тәртіппен жүзеге асырылады.
Комиссия белгілеген ең төменгі бағамен сатылмаған, пайдалануға жарамды мүлік балалар үйлеріне, қарттар және мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не болмаса арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілерге (бұдан әрі – әлеуметтік қызмет субъектілері) өтеусіз беріледі.
Мүлік туралы ақпаратты шешім қабылданған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган Мүлікті есепке алу және өткізу бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қолжетімділік нүктесін беретін www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурста (бұдан әрі – тізілім веб-порталы) жариялайды.
Мүлікті өтеусіз алуға өтінім тізілім веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде әлеуметтік қызмет субъектілерінен тізілім веб-порталында қабылданады.
Мүлікті өтеусіз алу өтініміне әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруды растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелері қоса беріледі.
Мүлікті өтеусіз алуға өтінімді ашу хабарламада көрсетілген өтінімдерді қабылдау аяқталатын күні мен уақыты келген кезде автоматты түрде тізілім веб-порталы арқылы жүргізіледі.
Мүлікті өтеусіз алуға өтінімді уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган қарайды, олар өтінімдерді ашу күнінен бастап үш күн мерзімде тізілімнің веб-порталында өтінімдері қанағаттандырылған әлеуметтік қызметтердің субъектілері туралы ақпаратты жариялайды. Мүлікті алуға ниетті бірнеше өтінім беруші болған кезде өз өтінімдерін бұрын берген тұлғалар артықшылықты пайдаланады.
Мүлік уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде әлеуметтік қызмет субъектілеріне беріледі.
Мүлікті мемлекет меншігіне ақысыз өткізген кезде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган әлеуметтік қызмет субъектілері арасында қабылдап алу-беру (тапсыру актісі) актісі үш дана мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылдап алу-беру (тапсыру актісі) актісін ресімдеуге қатысушы тараптардың әрқайсысына бір данадан жасалады.
30. Одан әрі қарай пайдалануға жатпайтын мүлік және талап етілмеген, ең төменгі бағамен сатылмаған мүлік уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен жойылады.
Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.
Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді.
Мүлікті жою жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
31. Сапасы мен қауiпсiздiгiне нормативтiк құжаттарда қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін азық-түлiк шикiзатын, тамақ өнiмдерiн, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтiн, акциздiк таңбаларсыз өткізілетін темекi бұйымдарын және шығарылған елi белгісіз құрамында темекi бар басқа да бұйымдарды, сондай-ақ тасымалдауға, сақтауға, өткізуге, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мен сертификаттауды жүргiзуге байланысты шығындары өздерінің бағалау құнынан асып түсетiн тауарлардың шамалы партияларын және өзге де мүлiктi Қазақстан Респубикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган құратын комиссия жояды.
Қажет болған жағдайларда, комиссияның құрамына санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар мен басқа да мүдделі ұйымдардың өзге де мамандары тартылуы мүмкін.
6. Қорытынды ережелер
32. Мүлікті есепке алуға, бағалауға, сақтауға, тасымалдауға, қайта жіберуге, оны өткізуді ұйымдастыруға және одан әрі пайдалану жөніндегі өзге де шығындарға байланысты шығыстар 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
33. Сот мүліктің мемлекет меншігіне түсуіне негіз болған актінің күшін жойған (тиісті бөлігін өзгерткен) жағдайда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті заттай қайтаруды жүргізеді. Егер мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатылған болса, оның құнын өтеу оны өткізуден алынған қаражат шегінде тиісті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
34. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша мемлекетке өткен мүлікті заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға беруге тыйым салынады.
35. Уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғаларына осы Қағидалардың ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауапкершілік жүктеледі.
Жекелеген негiздер бойынша мемлекет
меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi
есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi
пайдалану қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдап алу-беру актісі
20__ ж. «___» ___________ ____________________________
(жасалған күнi) (акті жасалған жер)
Мына құрамдағы комиссия:
Уәкiлеттi органның (жергілікті атқарушы органның) өкiлi
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(уәкiлетті органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жауапты қызметкердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Сот орындаушысы
____________________________________________________________________
(әділет органының атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, қызметкердің лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Өкiлi
____________________________________________________________________
(мүлікті беретін адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мүлікті алып қойған (беретін) органның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН
____________________________________________________________________
(қызметкердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Өкiлi
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(мүлiк уақытша жауапты сақтауында орналасқан ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН)
____________________________________________________________________
(қызметкердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Өкiлi
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(мүлiктi қабылдаушы ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(қызметкердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) бағалаушы __________________________________________________________
____________________________________________________________________
(ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, лицензияның күнi және нөмiрi)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(мүлiкті бағалауды жүзеге асыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
мекенжайы, ЖСН/БСН, лицензияның күнi және нөмiрi)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларының негiзiнде
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(мүлiктiң бұрынғы иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН немесе ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН) тиесілі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(соттың атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, сот шешiмiнiң нөмiрi, күнi) сот актілерінің негізінде тәркіленген (оның ішінде заттай айғақтар) немесе ____________________________________________________________
___________________________________________________________________
(соттың атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, сот шешiмiнiң нөмiрi, күнi) негізінде иесіз деп танылған
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН немесе мүлiкті берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН) немесе мемлекет меншiгіне өтеусiз өткен
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН немесе мүлiкті берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН) мүлікті, оның iшiнде
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(кеден органының атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, КЖД күнi және нөмiрi)
кедендік жүк декларациясына сәйкес «мемлекет пайдасына бас тарту» кедендік режимiнде ресiмдеген немесе
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН, куәлiгiнiң нөмiрi, күнi)
нотариустың куәлiгiне сәйкес мұрагерлiк құқық бойынша мемлекетке өткен деп танылған тауарлар мен көлiк құралдарын, сыйлықтарды, сондай-ақ
_____________________________________________________________________
(ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН немесе мүлікті берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН)
құны мемлекет кiрiсiне түсетiн мемлекеттік меншiк құқығы туындағанын растайтын өзге де құжаттардың негiзіндегі өзге де мүлiкті тізімдеуді және қабылдап алуды жүргізді
_____________________________________________________________________
Мүлiктi тiзімдеу және бағалау
Р/c № |
Әрбiр зат мұқият сипатталған мүлiктiң атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
Мүлiктi қабылдау кезiнде бiрлiгін алдын ала бағалау, теңге* |
Барлық сомасы, теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Жиыны |
Жиыны (жазумен):
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Бюджетке аударуға жататын жиыны
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Осы акт ____ данада жасалды. Комиссия мүшелерi:
_________________ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________________ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________________________________
(бағалаушы сарапшының (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы және мөрi) ______ ж. «___» _________ Иесiнiң қолы __________________
Осы актіде көрсетiлген мүлiктi жауапты сақтауға қабылдап алдым. Сақтауға қабылданған мүлiктiң жойылуы, жасырылуы, жоғалуы, ауысуы немесе бүлiнуi үшiн 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақтан Республикасы Қылмыстық кодексінің 425-бабы бойынша қылмыстық және материалдық жауапкершiлiк туралы маған ескертiлдi
______ ж. «___» _______ ____________(қолы)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
(ұйымның атауы, ЖСН/БСН, мекенжайы немесе мүлiкті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
* Бұл баған мүлiкті уәкiлетті органға (жергілікті атқарушы органға) берушi ұйым алдын ала бағалау жүргізген жағдайда толтырылады.
Жекелеген негiздер бойынша мемлекет
меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi
есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi
пайдалану қағидаларына
2-қосымша
Нысан
20 __ жылға арналған мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдап алу-беру актiлерiн есепке алу кітабы
Р/с |
Жазба жүргізілген күн |
Мүлікті тізімдеу, бағалау, қабылдап алу-беру актісінің нөмірі және күні |
Жазба жүргізудің негіздемесі (құжаттың атауы, нөмірі және күні) |
Бұрынғы иесінің атауы немесе өтініш берушінің Т.А.Ә. |
Мүліктің атауы (санаты) |
Мүлікті тізімдеу, бағалау, қабылдап алу-беру актісі бойынша мүліктің құны (бар болса), теңге |
Мүліктің бағалау құны, теңге |
Мүліктің тізімдеу, бағалау және қабылдап алу-беру актісі кімге және қашан жіберілді |
Мүлік кімге және қашан берілген не сатылған (шешімінің, шарттың, мүлікті қабылдау-беру актісінің № және күні) |
Мүлік үшін түпкілікті есеп айырысу күні |
Бюджетке түскен нақты сома |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |