Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.03.2022 № 101 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған күзет қызметі субъектілері жұмыскерлерінің пайдалануына арналған арнаулы құралдардың тізбесі бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке күзет ұйымдары пайдаланатын арнаулы қорғау құралдары мен арнаулы техникалық құралдардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 454 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысымен бекітілген |
Күзет қызметі субъектілері жұмыскерлерінің пайдалануына арналған арнаулы құралдардың тізбесі
1. Резеңке таяқшалар.
2. Инкассация мен құндылықтарды тасымалдауға арналған броньды машиналар.
3. 1 - 5-қорғау сыныптарындағы қорғау кеудешелері.
4. 1 - 3-қорғау сыныптарындағы қорғау шлемдері.
5. Қол кісендері.
6. Қаруларды, жарылғыш заттар мен құрылғыларды анықтайтын детекторлар.
7. Радиоактивті, химиялық және өзге де улағыш заттарды анықтайтын детекторлар.
8. Күзет, дабыл сигнализациясы жүйелері.
9. Өтуді бақылау жүйесі.
10. Қосарлы қолданылатын техникаға жатпайтын телевизиялық бейнебақылау және бейнекүзет жүйелері.
11. Хабар беру, оның ішінде радиоарналар арқылы хабар беру жүйелері.
Ескертпелер:
1. Резеңке таяқшаларды қолдану кезінде олармен құқық бұзушылардың басына, мойнына және бұғана тұсына, іші мен жыныс органдарына соққы беруге тыйым салынады.
2. Тізбе жеке күзет ұйымдарына ғана қолданылады.